Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жалқы есім


Жалқы есім

Жалқы есім

Мақсаты:1. Зат есім – сөз табы екені туралы оқушылардың білімдерін нақтылай түсу;Жалқы есімдер, олардың жазылуы туралы түсінік беру.Оқушы біліміндегі олқылықтармен жұмыс.
2. Сауатты ,мәнерлі жазу дағдыларын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, тілдерін дамыту. Логикалық ойын, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 
3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Құралдар:Кеспе материалдары, сызбалар, таратпа материалдар, суреттер.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру.
Оқушылар Дихан Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін хормен оқиды.
-Туған тілім- бабам тілі-өз тілім.
Туған тілім- анам  тілі- өз тілім.
Туған тілім- далам тілі- өз тілім.
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
 
             Туған тілде жүрегім мен жаным бар,
Туған тілде   арым менен     қаным бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып- ақ алыңдар.
Мұғалім: -Ия, оқушылар, туған тіліміз тіл болудан қалса, онда біздің еліміз 
ел болудан қалады. Туған тіліміз- қазақ тілі- ана тіліміздің мәртебесін көтеру- 
еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда.
Сол үшін де сабағымыз сәтті өтсін деп бір- бірімізге сәттілік тілейік.
Психологиялық ахуал.
*Каллиграфиялық жұмыс.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1.***128- беттегі сурет бойынша құраған әңгімелерін оқиды.
Қалған оқушылар зат есімдерді тауып айтады.
2. /// Жекелеген оқушылар 388 – жаттығуды орындап келген, тапсырманы қалай орындағандарын айтады.
III. Білімдерін тексеру.
1. Сөз дегеніміз не? 
Тірек сызба бойынша ережені қорытып айтады.
2. Таратпа материалдармен жұмыс.
а)4 оқушы кеспе материалымен жұмыс істейді.
 
Кім?    Не?      Қайтті?  Не  істеді?                   Қандай? Қанша?
...........                            ........... ............ .................
.........                               .......... ............... ...................
...........                               .......... ............. ..................
б)1 оқушы берілген сөздерді сөз құрамына талдайды.
1.Ойын: «Сызбамен қос».  Флипчартпен жұмыс №1
IV. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау. 
1.Суретпен жұмыс.
 
  
алма Алма
 
 
раушан                                     Раушан
 
«Болжау» стратегиясы
Сұрақ:- Қалай ойлайсыңдар,неге сөздердің бірі кіші әріптен, ал екіншісі үлкен әріптен басталып жазылған?Тағы қандай сөздер бас әріппен жазылады?
 
V. Жаңа сабақ.  1. Сызбамен жұмыс.
Бұл атаулар қазақ тілінде
Жалқы есімдер  деп аталады.
2- Сызба
Зат есім
 
ЖАЛПЫ ЕСІМ ЖАЛҚЫ ЕСІМ
4. Сызбамен қайта жұмыс істеп, мысалдар келтіру.
4.Оқулықпен жұмыс.  Ережені оқыту.
 
VI.Түсінгенін тексеру.
1. Суретпен жұмыс.
Суреттерді қарай отырып, оқушылар жалқы есімдерді атайды.
 
VII.Бекіту.
 
1.Оқулықпен жұмыс.
Жаңылтпашты бірнеше рет оқып, жатқа айт.
Оқушылардың алдында маркер мен ватман қағаз жатады. Олар жалқы есімді тауып, жеке бетке жазады.
2.394- жаттығу. Өз бетімен жұмыс.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалқы есімдерді атайды.
3.393- жаттығу.
Ауызша орындау.
Сырым,Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар.
VIII. Қорытынды. 
 
Мұғалім:-Балалар, сонымен біз сабақта не туралы өттік?
-Не туралы білдіңдер?
-Жалқы есімге не жатады?
-Жалқы есімдер қалай жазылады?
Ойын «Сызбамен қос». Флипчарт 5
Мен Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Зырян  ауданы Зырян қаласында тұрамын. Елордамыз- Астана қаласы. Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев.Облыс орталығы-Өскемен қаласы.
 
қала                                  Катонқарағай
ауыл                                 Астана
мемлекет Н.Ә.Назарбаев
елбасы                        Шығыс Қазақстан
облыс                             Өскемен
аудан                                       Берел
елорда Қазақстан
IX. Үйге тапсырма. 395 – жаттығу.
Жеке оқушыға:  392 ж. Көшіріп жазып, жалқы есімді тап.
X. Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Балалар әдебиеті 8-сынып қазақ тілі
339-341 жаттығу
Жалқы және жалпы есім
Дара және күрделі етістік.
Негізгі және туынды сын есім
Сөз таптары
Жалқы жане жалпы зат есімдер
Жалқы және жалпы есім
Зат есім
Жалпы және жалқы есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3345 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык