Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 35897 |
|
|
|
ШАТАЛОВТЫҢ ТІРЕК-СЫЗБАМЕН ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
В.Ф. ШАТАЛОВТЫҢ ТІРЕК-СЫЗБАМЕН ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы – білім беру жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізгені белгілі. Бұған жаңа білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлендіру т. б. игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі - ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге таныта алатын білімді, жан – жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Осыған орай, Елбасының «Елдің ертеңін ойлау керек. ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес. Халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек.» деуі де тікелей ұстаздар қауымына жүктелер зор міндет. Ол үшін оқушы сұранысын қанағаттандыратын оқытудың үлгілерін ұтымды қолдану, қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұстаздан кәсіби шеберлікті талап етеді. Мұндағы ең басты қағида – оқытудың тиімділігін арттыру, оқушы шығармашылығын шыңдау, даралық келбетін қалыптастыру.
Бүгінгі таңда оқытушылардың алдында тұрған келесі әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі оқушыға сапалы білім беру.
Тиянақты білім беру дегеніміз - жаттанды емес, белгілі жүйесі бар, қарапайымнан күрделіге қарай оқушының ой - өрісін дамытатын ұғымдар.
Сонау 1970 жылдардың басында, Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы орта білім беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың 100% үлгерімін талап етті. Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұстаздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады.
Педагогикалық әдістемелік процестерде В.Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек – сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда.
В.Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ:
Бірінші ерекшелігі – нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу.
В.Ф.Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары
дегеніміз – ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат – берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы»
Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады.
Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн.
1. Тірек – сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.
2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек.
3. Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек.
4. Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру.
5. Оқушының топпен және екі – екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру.
Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:
а) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;
б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді;
в) оқушы таңдап алған танымдылық - білімдік түсініктерін бір – бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;
г) оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады;
д) Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін - өзі бағалауды үйренеді.
Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ:
Мұғалім:
- оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады
- мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді;
- баға қоры молаяды;
- оқушы білімі әділ бағаланады.
Оқушы:
• берік білім негізі қаланады;
• сөйлеу қабілеті дамиды;
• тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;
• танымдық процесі нығаяды;
• қарым – қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;
• пәнгедегенқызығушылығыартады;
• шығармашылығы шыңдалады.
Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып,жаңашылдыққа бет бұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза М., Просвещение, 1980.
2. Шаталов В.Ф. Точка опоры. М., Педагогика, 1987.
3. Шаталов В.Ф. Эксперимент продолжается. М., Педагогика, 1989.
4. Щуркова Н.В. Педагогическая технология как учебная дисциплина //Педагогика, 1993, N 2, с.66-70.
5. Щуркова Н. В. и др. Новые технологии воспитательного процесса. М.1994
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |