Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 11904 |
|
|
|
Бастуыш сынып мұғалімдеріне арналған есептер жинағы
Бастуыш сынып мұғалімдеріне арналған есептер жинағы
Ұсынылып отырған жинақта бастауыш классмұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі авторлық есептер үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты бастауыш класс мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
1. Таксиге мініп , ауылға келе жатқан жолаушы жол бойы 8 жүк көлігін, 7 жеңіл машина және 3 автобусты көрді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Ж: 1 машина - такси.
2.Егіндібұлақ ауылындағы Астана көшесіндегі үйлердің саны 60.Енді 1ден 60қа дейінгі сандардың ішінде 5 саны неше рет кездеседі?
Ж:16
3.Дүкенде 1қап картоп (салмағы 35кг) 3500 теңге тұрады,ал базарда картоптың (салмағы 30кг) 3200 теңге тұрады.Картопты қай жерден алған пайдалы?
Ж:дүкеннен
4.Ауыл шетінде 4 қозы жайылып жүр.Ақ қозылары қарасынан үш есе көп.Қанша қара қозы және қанша ақ қозы бар екен?
Ж:1 қара,3 ақ қозы
5.Айнұр, Әсем, Айманға анасы көйлек тігіп беру үшін мата сатып алды. Айнұрға арнап сатып алған мата жасыл да , қызыл да емес. Әсемге жасыл да , сары да емес. Айманға сары да , қызыл да емес. Қыздардың әрқайсысына қандай түсті мата сатып алынды ?
Ж: Айнұр – сары; Әсем – қызыл; Айман – жасыл.
6.Ерасыл үйден сабаққа 7.30да шығып,мектепке 8.00де жетті.Үйден мектепке дейінгі арақашықтық 2км 100м.Ерасылдың қозғалыс жылдамдығын тап.
Ж: 70
7.Балалар еңбек сабағында құстарға 6 үлкен және 4 кіші жемсауыт жасады.Барлық ұяны 5 ағашқа тең бөліп ілді.Балалар әр талға неше жемсауыт ілді?
Ж:2
8.Арыстан туған күнінде тортты пышақпен 10 рет кесті.Торт неше бөлікке бөлінді.Ал егер 12 рет кессе ше?
Ж:10 ,12
9.Үйден өзенге дейінгі арақашықтық 1км 125 м,ал мектепке дейінгі арақашықтық одан 2 есе артық.Үйден мектепке дейінгі арақашықтықты тап.
Ж:2км 250м
10.Айбектің 14 кәмпиті бар.Ол қарындасымен кәмпитін бөліскісі келді.Өзіне қарағанда қарындасында 2 кәмпит артық болу үшін ол кәмпитті қалай бөлуі керек?
Ж:өзіне 6,қарындасына 8
11. Әсел , Әлия, Ләззат, Бану, Толқын бесеуінде қызыл түсті 4 секіртпе және 1 көк секіртпе бар. Әсел мен Бануда, сондай - ақ Әсел мен Әлияда әртүрлі секіртпе бар екені белгілі болса, онда көк секіртпе кімде екенін анықта.
Ж: Әселде – көк секіртпе, Ал қалғандарында – қызыл секіртпе.
12. 2006 – 2007 жылдары Егіндібұлақ ауылына 20 үй салынды. 2008 – жылы 19 үй, 2009 – жылы 6 үй, 2010 жылы 17 үй салынды. Барлығы қанша үй салынды?
Ж: 62 үй
13. Екі санды ата, ондағы цифрлар саны бұл сандардың атауын білдіретін сөздің әріптер саны мен тең болуы тиіс.
Ж: «Жүз» - 100; «Миллион» - 1 000 000
14.Бумада 500 бет қағаз бар 10 секунд ішінде 10 парақты санауға болады. 480 парақты неше секундта санап шығуға болады? 460 парақты ше?
Ж: 20 секунд және 40 секунд
15. Егіндібұлақ ауылына 176 шырша, 124 терек отырғызылды. Оларды 20үйге суарып қадағалауға бөліп берді. Әр үйге қанша талдан келеді?
Шешуі: (176+124) : 20 = 15
Ж: 15 тал
16. Егіндібұлақ ауылынан бір уақытта 90 км / сағ жылдамдықпен жеңіл машина және 70км / сағ жылдамдықпен газель жолға шықты. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болды?
Шешуі: S = V * t 90км / сағ - 70 км/ сағ = 20 км/сағ 20 км/ сағ * 3 сағ = 60 км
Ж: 60 км
17.Оқулықтың беттерін нөмірлеп шығу үшін 324 цифр қолданылды.Осы кітапқа қанша бет керек?
Ж:144
18.5,6,7-ге бөлгенде 2 қалдық қалатын үш таңбалы санды анықта.
Ж:212,422,632,842
19.Біржан үйден мектепке қарай Арсыланға қарағанда 5 минут кеш шықты,бірақ оған қарағанда 2 есе тез жүріп отырды.Біржан Арсыланды қай уақытта қуып жетті?
Ж:5 мин
20.Барлық екі таңбалы тақ сандардың көбейтіндісіқандай цифрмен аяқталады?
Ж:5 цифрымен аяқталады.
21.Қыры 2см кубты сырлап шығу үшін 1г бояу қажет.Қыры
6см кубты сырлап шығу үшін қанша бояу қажет?
Ж: 9г
22.Жеті адам бір-бірімен суреттермен алмасты.Сонда қанша
сурет таратылды?
Ж: (6*7=42)
23.Жәшікте 24кг шеге бар.Кірсіз қол таразыда 9кг шегені қалай өлшеп алуға болады?
1үйме 2үйме 3үйме 4үйме
алғашқыда 24кг
1қадам 12кг 12кг
2қадам 12кг 6кг 6кг
3қадам 12кг 6кг 3кг 3кг
Ж: 6кг+3кг
24.Бір жылда ең көп дегенде қанша рет жұма күні кездеседі?
Ж: 52*7+1=53
25.Клубта 35 қатар бар.Әрбір қатарда 40 орын бар.730 орын қай қатарда?
Ж:19-ыншы қатарда
Цифрлары бірдейсандармен берілген қызықты арифметикалық есептер
1. 9 санын ең аз екілік цифрлар арқылы жазыңдар
Ж: 22:2-2
2. 2санын ең аз бірлік цифрлар арқылы жазыңдар
Ж:1
3. 3санын ең аз бірлік цифрлар арқылы жазыңдар
Ж:1+1
4.Қандай бір таңбалы санды жазу үшін ең көп бірлік цифрлары қолданылады?
Ж:7 санын жазу үшін
5.1 санын ең аз екілік цифрлар арқылы жазыңдар.
Ж: 2:2
6.2 санын ең аз екілік цифрлар арқылы жазыңдар.
Ж: 2
7.Жақша қолданбай 16 санын ең аз екілік цифрлар арқылы жазыңдар.
Ж: 2+2+2+2+2+2+2+2
8.Бірдей арифметикалық амалды қолданбай ,15санын ең аз екілік цифрлар арқылы жазыңдар.
Ж: 22:2+2+2
9.Жақша қолданбай 25санын ең азекілік цифрларарқылы жазыңдар.
Ж: 22+2+2:2
10. 21 санын ең аз жетілік цифрлары арқылы жазыңдар.
Ж: 7+7+7
Өлең есептер
1.Шаққа шықтым еменге
Қызыл алма теруге
Онын бір түсірдім,
Он бірін бір түсірдім.
Жерге түсіп жинадым,
Айтшы досым есептеп,
Қанша алма болғанын?
2.Бір ағаштың басында
5үйрек пен 7қаз
Отыр еді тізіліп,
Келді түлкі сүзіліп.
Үркіп ұшты 2 қаз
Оған ерді 3 үйрек
Талда қонып қалғаны
Неше қаз бен неше үйрек?
3.Жанқалтамда әуелі
Он бір жаңғақ бар еді.
Айнұр менен Жанатқа
Үш-үштен кеп тараттым
Шатастым-ау санынан
Қалтамдағы жаңғақтың
Айтшы қане кім таптың?
4.Көлден ұшты 9 қаз,
Қайтып қонды бесеуі.
Айтыңдаршы ,балалар
Ұшып кеткен нешеуі?
5.Атам ,әжем,ағаммен,
Әкем,інім және мен
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі-
Отыр едік шай ішіп,
Жеңгем келді майысып,
Арқасында кіші інім,
Саны қанша айта ғой
Үйдегі бар кісінің?
6.Пеш үстінде 5 мысық
Пеш ішінде 5 мысық.
Екеуі көзін ашып отыр,
Екеуі көзін қысып отыр.
Ал біреуі қалғандарын ,
Қалт жібермей қарап отыр.
Епті болсаң ойлап көрші,
Нешеу екен санап отыр?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |