Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 14939 |
|
|
|
Қазақ тілімен әдебиет пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақ тілімен әдебиет пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.
Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең игерту. Ал бұл міндеттің орындалуында ҰБТ сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын.
ҰБТ-ға дайындауда мұғалім рөлі ерекше зор. Мұғалім үнемі ізденіп, көп еңбектенуі қажет.
Бүгінгі таңда қазақ тілінен 26 оқушы, әдебиет пәнінен 8 оқушыны ҰБТ-ға дайындап жатырмын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстарды атқарудамын:
• ҰБТ-ға дайындыққа арналған жоспар құрастырдым.
• Өткен тақырыптардан теориялық білімдер бердім.
• Оқушының сабақ үстінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.
• Тест жұмысын орындағаннан кейін түзету жұмыстарын жүргіземін.
• Тақырыптық тест сұрақтарын құрастырдым.
Қазақ тілінен 40 нұсқа 10 сұрақтан. Барлығы 400 сұрақ құрастырылды.
• Әр тараудан кейін сынақ қабылдаймын (билеттер үлестіремін).
• Тақырыптық есеп жүргізу дәптерін арнадым.
Ұлттық бірыңғай тестінің сапалы өтуі, алдымен, мұғалім мен оқушының уақытты тиімді пайдалануында және мұғалімнің тапсырмаларды түрлендіріп қолдануында. Тапсырманы түрлендіріп қолдануындағы мақсат оқушылардың пәнге деген құштарлығын арттырып, жоғарғы деңгейде білім алуына көмектесу. Сондықтан оқушылар теориялық білімдерін үнемі практикалық тұрғыда пайдаланып отырады. Қазақ тілінен оқушыларды дайындау үшін қажетті тапсырма түрлерін ала білу өте маңызды. Тапсырма түрлері мынадай: тренингтер, сызбамен жұмыс, тест түрлері (толықтыру, сәйкестендіру, баламалы) перфокарта, түрлі жаттығулар мен тапсырмалар.
Тренинг №1
Етістіктің шақтарын жасалу жолымен сәйкестендір.
Жасалу жолдары: Шақтардың түрлері:
1. Ауыспалы осы шақ
2. Мақсатты келер шақ
3. Бұрынғы өткен шақ
4. Жедел өткен шақ
5. Ауыспалы өткен шақ
6. Болжалды келер шақ
7. Ауыспалы келер шақ
8. Нақ осы шақ А)етістік+(-мақ,-мек,-бақ,-бек)+(шы,-ші) жіктік жалғауы;
Б) етістік+(-а,-е,-й)+жіктік жалғау;
В) ет+(-атын,-етін,-йтін,-йтын)+жіктеледі;
С) ет.+(-ар, -ер,-р)+жіктік жалғау;
Д)ет.+(-ды, -ді,-ты,-ті)+жіктік жалғау;
Е) отыр, тұр, жатыр, жүр+жіктік жалғауы;
Ж)ет.+(-ған,-ген,-қан,-кен,-ып,-іп,-п) +жік.жалғ.;
З) ет.+(-а,-е,-й)+жік.жалғ.
Күнде сабаққа барамын;
И) ет+(-ғалы, -гелі, -қалы,-келі)+жікт.
1 2 3 4 5 6 7 8
З А Ж Д Б С В Е
Тренинг №2
Сөздердің байланысу түрлерін ережесімен сәйкестендір.
Түрлері: Ережелері:
1.Қиысу
2.Матасу
3.Меңгеру
4.Қабысу
5.Жанасу а) сөздердің жіктік жалғау арқылы байланысуы немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы;
б) сөздердің бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы (негізінен үстеу мен етістікбайланысады);
с) сөздердің ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы;
д) ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғауындағы сөздің байланысуы;
е) ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы;
т) ешбір жалғаусыз алшақ тұрып байланысуы.
1 2 3 4 5
а д с е т
Тренинг №3
Сөйлем түрлерін ережесімен сәйкестендір.
Түрлері: Ережелері:
1.Жақты
2.Жақсыз
3.Жалаң
4.Жайылма
5.Толымды
6.Толымсыз
7.Атаулы а) тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем;
б) іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем;
с) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында құрылатын сөйлем;
д) бастауышы бар сөйлем;
е) айтылуға тиісті тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем;
в) бастауышы мүлдем жоқ сөйлем;
г) ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем;
ғ) тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
1 2 3 4 5 6 7
д в ғ а г е б
Тренинг №4
Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын сәйкестендір.
Түрлері: Жалғаулықтары:
1.Ыңғайластық
2.Қарсылықты
3.Себеп-салдар
4.Кезектес
5.Талғаулы
6.Түсіндірмелі а) е, немесе, я, яки, не болмаса, әлде, әйтпесе;
б) өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз;
с) жалғаулығы жоқ;
д) және, дегенмен, әйтпесе;
е) бірақ, дегенмен, сонда да, әйтсе де, алайда;
в) және, әрі, да, де, та, те;
г) бірде, біресе, кейде.
1 2 3 4 5 6
в е б г а с
IIСызбамен жұмыс
Септеулік шылау
Атау Барыс Шығыс Көмектес
Демеулік шылау
Сұраулық Күшейткіш Белгісіздік Болымсыздық Шектік Нақтылау
Жалғаулық шылау
Ыңғайластық Қарсылықты Себеп-салдар Талғаулықты Кезектес Шартты
Толықтыру тестісі
1. Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тиым салынғандықтан бұрмалап айтылатын сөздерді . . . сөз дейміз.
Мысалы: ұлыма - . . .
2. Эвфемизм сөздер деп . . .
Мысалы: ақсаусақ - . . .
3. Аузы жеңіл сөзін дөрекі түрде . . .дейді.
4. Ит өлген жер тұрақты тіркесінің мағынасы . . .
Баламалы тест:
1. Қоза, шиіт, терімші сөздері ауыл шаруашылығы кәсібіне байланысты сөздер. (Иә)
2. Синоним, антоним, диалект – математикалық терминдер. (Жоқ)
3. Жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстанда тұқым деп атайды. (Иә)
4. Тайға таңба басқандай – әдемі. (Жоқ)
Оқушы қазақ тілін сапалы меңгеру үшін тілдік терминдерге көбірек мән беру керек. Тілдік теориялық материалдарды сапалы игеру оның атауын дұрыс түсінуден басталмақ.
Термин сөздерді білесіңбе?
№ Терминдер: Мағынасы:
1 Антоним Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер;
2 Архаизм
3 Ассимиляция
4 Диалог
5 Диалект
6 Монолог
7 Неологизм
8 Омоним
9 Орфография
Бұл тапсырма түрлері оқушылардың білімін толықтырып, ҰБТ-да жақсы көрсеткіш көрсетуіне көп септігін тигізеді деп ойлаймын.
Сонымен бірге қазақ тілінен түрлі жаттығулар орындатамын. (түрлі-түсті қағаздан көрсету) түрлі-түсті қағаздар оқушы назарын аударады.
Қазақ тілінен сұрақтардың ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырамын.
1. Фонетикадан тіл дыбыстарының жіктелуін, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттатамын. Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуын есте сақтаудың балаға ең жеңіл тәсілін ұсынамын. Мысалы: үнді дауыссыздарды «менің аиуларым» тіркесінің оқылуы арқылы есте сақтатамын. Дауысты дыбыстарды алып тастап оқығанда м, н, ң, й, у, л, р, м үнді дауыссыздары қалады. Үй тапсырмасына үнемі ереже жаттап келуді тапсырамын.
Морфологиялық талдау барсында Нұрша Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын пайдаланамын.
Морфологиялық талдау үлгісі:
Тоқтады
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр. Тоқта + ды
2. Тұлғасына қарай: негізгі
3. Құрлысына қарай: дара
4. Сөзде 1 лексикалық; 2 грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы: қимыл-қозғалысқа берілген атау.
6. 1-грамматикалық мағына: тоқта – етістік; 2-грамматикалық мағына: -ды, жедел өткен шақ жұрнағы
7. Сұрағы: қайтті? – етістік
8. Мағынасына қарай: Болымды, салт етістік.
Морфология бөлімінің ең күрделі әрі көлемді тарауы – сөз таптары екендігі белгілі. Ендеше морфологияны оқыту – қазақ тілін оқытудағы аса жауапты кезеңдердің бірі. Сөз таптарын оқытуға байланысты әр түрлі үлгідегі перфокарталарды пайдаланымын.
Перфокартамен жұмыс
№ Сан есімнің түрлері Сан есімдерді жаз
1 Есептік
2 Реттік
3 Жинақтық
4 Топтау
5 Бөлшектік
6 Болжалдық
Сөйлем мүшесіне талдауға байланысты перфокарта үлгісі(+ таңбасын қою керек)
Мысалдар Бастауыш Баяндауыш Толықтауыш Пысықтауыш Анықтауыш
Талданатын сөйлемдер:
2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады.
Бүгінде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп өсіп келе жатыр.
Сөйлемге жалпы сатылай косплексті талдау жүргіздім. Сатылай комплексті талдау-білімді тұрақтандырудың негізі.
Қазақ тілі тарауларын қайталауда ереже мен мысалдарды жазғызып отырамын. Мәселен, құрмалас сөйлемді қайталағанда бірінші топ салаластың түрін қайталайды, екінші топ сабақтастың түрін қайталайды. Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Тест тапсырмаларын жиі алып отырамын. Тест тапсырмаларын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдай түседі.
ҰБТ-ға дайындауда қазақ тілі мен әдебиетінен әрбір тарау бойынша оншақты сұрақ жаздырып, оның жауабын оқушылардың өздері үйден ізденіп, оқып, жазып келуді тапсырамын, іздену нәтижесінде басқа да деректерді білуі мүмкін.
Мен өз тәжірибемде әдебиет сабағында әр ақын-жазушының шығармаларымен толық таныстыру үшін әрқайсысына дайындалған мынадай кесте бойынша шолу жасатамын.
Кестені толтыр
Ақын-жазушылардың өмірі туралы деректі кесте жасаймын.
Бейімбет Майлиннің өмірі туралы деректі кесте.
Мерзімі Болған оқиғалар
1894 жыл Қостанай облысы, Таран ауданында туған
1910-1912 жыл Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесінде оқиды
1913-1914 жыл Троицкідегі «Уазифа» мектебінде оқиды
1914 жыл Прозалық туындысы «Шұғаның белгісі» жарияланады
1916-1919 жыл Еліне келіп, ұстаздық етеді.
1919-1920 жыл Ауылдағы Кеңес жұмысына араласады.
1934-1937 жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді.
1938жыл Бейімбет Майлин дүние салды.
Әдебиеттен жыраулар поэзиясын қайталау кезінде мынадай кесте толтырамын.
Жыраулар Туған, дүниеден өткен жылы Толғауларының аты Тақырыбы Ұйқас түрлері
Әдебиет сабағында әрбір ақын-жазушының өмірі мен шығармаларын оқып танысқаннан кейін оқушылардың өзіне 6-7 тест сұрақтарын құрастырып, 3 жауаптан дайындатамын.
Әдебиет сабағында тесттің басқа да түрлерін қолданып жүрмін.
Зияткерлік-философиялық тест
Кейіпкер қандай шығармадан алынғандығын дұрыс жауаптың рет санын қою арқылы анықта.
№ Көркем шығарма кейіпкері Дұрыс жауап Көркем шығарма аты
1 Ақан мырза №1 «Абай жолы»
2 Сәт, Сәлмен №2 «Ботагөз»
3 Базаралы №3 «Сұлушаш»
4 Кошкин №4 «Қорғансыздың күні»
5 Алтай №5 «Қараш-қараш оқиғасы»
6 Әбдірахман №6 «Шұғаның белгісі»
Мектебімізді бітіруші 11-сынып оқушыларынан тұрақты түрде айына 1 рет тест алып отыруды дағдыға айналдырдым.
Мен осы тест алу арқылы қазақ тілі пәні бойынша әрбір оқушының мониторингісін жасай отырып, жетістігі мен кемшілігін сарапқа саламын.
Айдархан Мөлдірдің 2013-2014 оқу жылында қазақ тілінен білім көрсеткіші
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11А,11Бсынып оқушыларының 2013-2014 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша аудандық байқау тестісінің мониторингісі
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2012-2013, 2013-2014 оқу жылындағы қазақ тілі пәні бойынша наурыз айындағы байқау тестісінің мониторингісі.
Өз іс-тәжірибемде қазақ тілінен тарау бойынша оқушылардың өздеріне тест сұрақтарын құрастыртып, үш жауаптан дайындатамын.
Тест жұмысын алу барысында оқушы белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін байқап, білімдегі олқылықты жою бағытында тапсырмалар жүйесін ұсынамын. Жіберілген кемшіліктерін уақытында түзетеп, келесі жазба жұмысында сол қатені жібермеуін қадағалап отырамын.
11- сынып оқушыларына арнап қазақ тілінен «Тақырыптық есеп жүргізу» дәптерін арнадым. Әрбір тест алған соң, жекелеген оқушылардың қандай қателікке жол бергенін бақылып, «Тақырыптық есеп жүргізу» дәптеріне жазып отырамын. Қате жіберілген тақырып бойынша қосымша жұмыстар жүргізіп, түрлі тапсырмалар орындатамын. Келесі тест алғанымда бұрын жіберген қатесін жоюын қадағалаймын.
Тақырыптық есеп жүргізу дәптерінің үлгісі.
Оқушының аты-жөні Оқушы қандай қателікке жол береді? Қатені жою үшін жүргізілетін жұмыстар
Үнемі әрбір тест нұсқалары бойынша талдау жұмысын жүргізіп отырамын.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмен балл жинаған оқушылармен мынадай жұмыстар жүргіземін:
- Ереже жаттату
- Жаттығу жұмыстарын жүргізу
- Тапсырма орындау
- Әр тест сұрақтарымен жұмыс
- Меңгермеген тақырыпты қайталау
- Оқушы қателескен тест сұрағын түсіндіру
- Ереже сұрау
- Емтихан алу
- Қосымша сабақ өткізу
- Логикалық тапсырмаларды орындату
- Мониторинг жасау (көрсету)
- Кемшілігін жоюға талпындару, жетістіктерін мадақтау
- Бәсекелестік туындату
- Оқушымен достық қарым-қатынас орнату
Бұл жолда ұстаз талмай, шаршамай, үздіксіз, уақытпен санаспай еңбек етуі қажет.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ дейтін болсақ, осы мақсатқа жету үшін әліде көптеген жұмыстар істеуге тиіспіз. Сондықтан жаңа заманға лайықты білімді ұрпақ даярлауда аянбай еңбек ете берсек, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеріміз күмәнсіз.
Барлық ұстаздар қауымы білімді ұрпақ даярлауға атсалысайық демекпі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |