Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Физика және эксперимент


Физика және эксперимент

Тақырыбы: Физика және эксперимент

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі. «Физика» пәні мектептің жоғары сатысында жаратылыстану- математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқылатын пәндер қатарына жатады.
    Курстың негізігі ерекшелігі физиканың негізгі  заңдылықтарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Осыған байланысты оқушылар  жаңа білім алумен және физиканың зерттеу әдістерімен де танысу қажет болып табылады.                                                                                      
     
 
Курстың мақсаты:
 
   Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету; пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және іздемпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру ,өз бетінше жұмыс істеу қабілетін 
Оқушылар білім мен дағдыларына қойылатын талаптар:
  - физикалық ұғымдардың, заңдардың,теориялардың қолданылу шегі болатынын түсіну және физикалық теориялар белгілі ғылыми фактілер мен физиканың техника-экономикалық, экологиялық проблемаларды шешудегі ролін түсіну
-  игерген білімдері мен әртүрлі ақпарат құралдарынан алған мәліметтерді өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын бағалау үшін қолдана білу
-  лабораториялық жұмыстар мен практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп алған нәтижені бағалай алуға және кешенді есептерді шығара білуге үйрету
 
 
Физика және эксперимент
   Физикалық эксперименттік тапсырмаларды  беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі.Берілетін эксперименттік тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:
-        Тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
-  Физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;
- Физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр – дыбыс реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау);
-        Тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);
-    Техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп, құбылысты түсіндіру керек).
    Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырманы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.
Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті құру және өлшеулер жүргізу маңызды.
    Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру. Эксперементтік есептердің бағалы жері – ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.
Пәнаралық байланыстар:
 
    Алгебра, геометрия, информатика, химия, экономика, биология және өндірістік оқулықтар.
Кәсіби бағдарлау.
Кәсіби бағдарлау , оны оқушыларды диагностикалық материалдарына сүйене отырып таңдауды негіздеу.
Оқушылар осы курсты оқу нәтижесінде мынадай мамандықтарды игеруге дайындалуға мүмкіндік алады:
Педагогика, экономика, архитектор, әскери, құрылыс мамандары. Табиғатты саналы танудың міндетті ретінде алдынғы шартты ғылыми деректерді іздестіріп жинақтау. Байқау мен эксперимент жүргізу. Физикалық шамаларды анықтап, өлшем бірліктерін тағайындау және сан мәнін өлшей білу.
 
 
Пайдаланған әдебиеттер:
 
1. Менделеевтің периодтық кестесі - Химия 8 сынып.
 
2. Физикалық құбылыстар туралы түсініктер-Жаратылыстану 5 сынып.
 
3. Математикалық амалдар орындау -
     Алгебра 7-8 сынып.
р/с Тақырыбы Лекция Есеп
шығару Семинар Практика
лық
жұмыс
1. Ішкі энергия.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері.Жұмыс істеу арқылы ішкі энергия өзгеруін зеттеу 1 2 1 1
2. Жылу берілу түрлері.Жылу өткізгіштік.Жылу мөлшері.Металл мен ағаш, су мен ауаның жылу өткізгіштік қасиеттерін салыстыру 1 2 1 1
3. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Балқу, ылғалдылығы. Қайнау. Балауыздың балқуын бақылау. Сынып бөлмесі ішіндегі ауаның ылғалдылығын анықтау. 1 2 1 1
4. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.  Ом заңы. Өткіштерді тізбектей және параллель жалғау. Тұрақты тоқтық қуаты мен жұмысы. 1 2 1 1
5. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Потенциал және  потенциалдар айырымы. Конденсаторлар. Электр тогы. Ток көздері. Электр тізбегі. Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Кедергі . 1 2 1 1
6. Жарық . Жарықтың шағылу,
сыну ,жұтылузаңдылықтары Линзалар.Сфералық және жазық айналар.Оптикалық аспаптар. 1 2 1 1
7. Электромагниттік индукция. Магнит ағымы. Тұрақты тоқ генераторы. Тербелмелі контур.Айнымалы электр тоғы. Радиобайланыс принциптері. 1 1 1 1
Пайдаланатын әдебиеттер.
 
Оқытушылар үшін:
1. Аққошқарова Қ. «Физика эксперименттік 
    есептер »
2. Косов Н. «Молекулалық физика » .
3. Перельман Я. «Қызықты физика».
   4. Көшеров Ә. «Функция графигінің ерекшеліктерін                        пәнаралық негізінде меңгеру».
      6.Волкенштейн «Сборник задач по физике».
   7.Түсіпжанов.А «Физикалық тапсырмалар»
 
Оқушылар үшін:
1. А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы».
2. А.В.Чеботарева «Оқушылардың физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары». 
3. Б.А.Кронгарт «Физика есептер жинағы».
 
Физиканы оқыту  оқушы бойында техниканың әр түрлі салаларының,химиялық және биологиялық құбылыстар мен прцесстердің негізінде физика және оның заңдары жататындығы туралы білімдерді, физиканың  зерттеу әдістері мен зерттеушілік сипаттағы білімдер мен кәсіби маңызды тәжірибелік біліктерді қалыптастыру.
Оқушылар білім мен дағдыларына қойылатын талаптар:
-   физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу;
-     физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
-  есеп шығарған кезде берілген шамалар арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
-  зерттеу әдістерін /эксперимент жүргізу,әдибетке шолу жасау,мәліметтер талдау/ жоспарлай білу,эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;
-  физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
-  электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу сияқты нәтижелерге қол жеткізулері тиіс.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым.
Физика пәнінен ҰБТ-ге дайындау жоспары
Ұзақ мерзімді күнтізбелік жоспар физика пәнінен 7-11 сыныптарға
Физика заңдылықтары
Жылу, электр және жарық құбылыстары
Физикадан компьютерлік практикум
Физика және Қазақстан энергетикасы
«Физика әлемі»
Электр тогы
Физика әлемі
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 5868 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык