Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математикалық сандықша


Математикалық сандықша

Математикалық сандықша

Бағдарламаға түсінік хат
Қазіргі информатизациялау дәуірінде  математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің  бірден – бір негізгі элементі болып табылады.
   Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады. 
   Бұл бағдарлама мектептегі 7 сынып математика курсының бағдарламасына қосымша ретінде жасалды.  Математика курсының мазмұны мынандай тарауларға қарасты. Олар: есептеулер, санау жүйелері, нақты сандар алгебра, геометрия, анализ.
   Курстың мақсаты:
• қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің өмірі мен қызметіне қажет, сыбайлас мәндерді меңгерту, білімді әрі қарай дамытуүшін математикалық білім беру мен біліктілігін алуға жүйелі жағдай жасау;
• оқушының жан-жақты тұлға ретінде өркендеу: логикалық ойлау қабілеті ой өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеу, алгоритмдік мәдениеті, интуиция, сынау және өзін сынау;
• ғылыми және техникалық универсал тілі , үрдісі мен құбылыстарды модеьдеу тәсілі ретінде математиканың идеясы мен әдістерін қалыптастыру;
• математика тәсілдері арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, атақты математиктердің еңбектерімен танысу, қоғамдық прогресс үшін математиканың алатын орнын білу
 
   Курстың міндеттері:
• білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап дамыта оқытуды жүзеге асыру;
• оқушыларға сандардың бөлінгіштігін пайдалана отырып, ауызша есептеуді үйрету;
• айналадағы геометриялық фигураларға өлшеулер жүргізе білу;
• сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру, шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту.
Пәнаралық кіріктіру:
   Алгебра,  геометрия, сызу, тарих, физика, информатика, биология, ауыл шаруашылығы, экология.
 
Тақырып жоспарының мазмұны.
Жалпы бағдарлама 68 сағатқа бөлінген. Аптасына 2 сағат
 
К у р с   б а ғд а р л а м а с ы н ы ң   т а қ ы р ы п т ы қ
ж о с п а р ы н ы ң   м а з м ұ н ы
1. Жай сандар (12 сағ)
Жай сандар жиынның шексіздігіЭратосфен решетосы. Бөлінгіштік белгілері Жай Диофант теңдеулері.
Жиындар теориясы (12 сағ)
 
ІІ. Рационал сандар (36 сағ)
    Шапшаң есептеу тәсілдері (ауызша санау). 1-ге, 5-ке аяқталатын сандардың көбейтуі, 200-ден асқан сандардың көбейтуі. 100-ге, 1000-ға жақындаған сандардың көбейтуі. Бүтін сандарды қосу. Бүтін сандарды азайту. Көп таңбалы сандарды көбейту Процент және пропорция құруға арналған есептер. Қозғалысқа арналған есептер. Бірігіп жұмыс істеуге арналған есептер. Кері есептер құрастыру әдісі. Бөлінгіштікке арналған есептер.
 
ІІІ. Санау жүйелері (20 сағ)
Позициялық және позициялық емес санау жүйелері.
Екілік және сегіздік санау жүйелері
Сандарды ондық санау жүесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санау жүйесінде натурал сандарға қолданылатын амалдар. Екілік санау жүйесін ЭЕМ – де қолдану. 
 
7 -сынып
р/с Тақырыбы Сағат саны Уақыты
1 Жай сандар 12 сағ
1 Жай сандар жиынның шексіздігі 2
2 Эратосфен решетосы 2
3 Бөлінгіштік белгілері 3
4 Жай Диофант теңдеулері 2
5 Тарихи мәліметтер.
Өзіндік жұмыс 2
1
ІІ Рационал сандар 36 сағ
1 Шапшаң есептеу тәсілдері
(ауызша санау)
1-ге, 5-ке аяқталатын сандардың көбейтуі, 200- ден асқан сандардың көбейтуі
 
3
2 100-ге, 1000-ға жақындаған сандардың көбейтуі
3
3 Бүтін сандарды қосу 2
4 Бүтін сандарды азайту 2
5 Көп таңбалы сандарды көбейту 3
6 Процент және пропорция құруға арналған есептер 3
7 Қорытпалар және қоспаларға арналған есептер 4
8 Бірігіп жұмыс істеуге арналған есептер 3
9 Қозғалысқа арналған есептер 2
10 Құюға арналған есептер 2
11 Кері есептер құрастыру әдісі 2
12 Бөлінгіштікке арналған есептер 4
13 Уақыт қоры 3
ІІІ Санау жүйелері 20 сағ
1 Позициялық және позициялық емес санау жүйелері 3
2 Екілік және сегіздік санау жүйелері 3
3 Сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру 4
4 Екілік санау жүйесінде натурал сандарға қолданылатын амалдар 5
5 Екілік санау жүйесінің ЭЕМ-де қолдану 2
6 Уақыт қоры 3
 
Курсты ұйымдастыру формасы:
• лекция
• шығармашылық-ізденіс жұмыстары
• топтық-жұптық жұмыстарды орындау
 
Курсты аяқтау формасы:
• реферат
• жоба
• қаптама
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау
• тестік тапсырма
• бақылау жұмысы
• математикалық диктанттар
 
 
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
 
Мұғалімдер үшін
1. Басова Л.А, Шубин, Энштейн «Лекции и задачипо математике» Москва: Просвещение, 1981.
2. Вилекин Н. Я. Индукция   Комбинаторика,    Москва: Просвещение, 1976
3. Газета «Математика», Приложение к газете «1  сентября» №29,31, 32-2003
4. Ю. М. Колягин «Сборник задач по алгебре» 6-8 кл. 
5. Кордемский Б.А., Ахадов А.А «Удивительный мир чисел», Москва: Просвещение, 1986
6. Кострикина Н.П. «Задачи повышенной трудности» Москва: Просвещение, 1980
7. Қырық қазына (қазақ халқының ауыз есептері).
8. «Математика және физика әдістемелік журналдар.»
 
Оқушылар үшін:
1. Н.Я. Вилекин «Алгебра» 8 сынып (тереңдетілген бағдарлама бойынша оқытыларын оқулық)
2. Тест тапсырмалар жинағы (2002-2011 жж)
3. Печурин Л.Ф «За страницами учебника алгебры»  Москва: Просвещение, 1990
4. Исмаил Акиол «Математика-1»Шың кітап Алматы 2006

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Санау жүйелері. Сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру
Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар
Сандық өрнектермен жұмыс жасау, бір санау жүйесінен екіншісіне ауысу
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Қызықты математика
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Рационал сандарды бөлу.
9 санын қосу және азайту
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3695 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык