Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4552 |
|
|
|
Қызықты сызу қолданбалы курсының бағдарламасы
Қызықты сызу қолданбалы курсының бағдарламасы
Курс мақсаты- оқушының бойында графикалық жұмысқа деген қызығушылығын ояту, болашақта мамандық таңдау жолында дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету. Курс бағдарламасы 34 сағатқа арналып, оқу негізі ретінде шығармашылық жұмыс алынған.
Ұсынылған курс оқушының даму барысында төмендегі шарттарға қол жеткізуіне септігін тигізеді:
• Оқушының өз қабілеттерін оята білуге деген ынтасы және мақсат қойып, табысқа жете білуі.
• Шығармашылық жобаны орындауы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы.
• Өз бетімен білім ала білу және оны практикада қолдана білу іскерлігі.
Курс арқылы алынған білім негізінде төмендегідей білік пен дағды қалыптасады:
• Безендіру жұмыстарын орындау
• Жобалау іскерлігі дамиды.
Сызбаларды орындау және жан-жақты талдау кезінде оқушы бойында техника мен сәулет өнерін зерттеуге деген қызығушылығы пайда болады. Сызу пәнінің өмірмен тығыз байланысты болуы, өндірістік еңбек, басқа да пәндермен байланысы осы пәнге деген ынтасын еселейді.
Курс бағдарламасы 1990 жылғы баспаға шыққан И.А.Воротниковтың «Занимательное черчение» атты мұғалімдерге арналған әдістемесін басшылыққа алып құрылған. Сондықтан осы бағдарламаны пайдаланушыларға міндетті түрде аталған оқулықты тауып, оқу процесінде қатар қолданып отыру керек.
Курс екі модульдан тұрады:
І Қызықты тапсырмалар- 18 сағат.
ІІ Жобалау элементтерін пайдалану арқылы орындайтын шығармашылық тапсырмалар- 16 сағат.
Сызудың тек мектепте ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да да жүретініне байланысты курстан алған білімін оқушылар әрдайым жалғастыра алады.Ал сызбалар- әр мамандықтың ажырамас серігі екені айтпаса да бәрімізге мәлім.
«Қызықты сызу»
курсының тақырыптық жоспары (34 сағат)
р/с Мазмұны Сағ.
саны Уа-
қыты Сабақтың
түрі Бақылау түрі
1 Кіріспе.Әр түрлі мамандық иелері сызу туралы. 1 Әңгіме, лекция Материалды қабылдауы
Қызықты тапсырмалар (17 сағат)
2 Шрифт түрлері 1 Лекция, практикалық тапсырмалар Өз қабілеттерін бағалау
3 Оптикалық алдау 1 Әңгіме,лекция Жағдаяттарды шешу
4 Конструктивтік ойлау 1 Практикалық тапсырмалар Тапсырмаларды орындау
5 Шынайы құрылғыдағы нүктенің проекциясы 1 Әңгіме, лекция Жағдаяттарды шешу
6 Түзу нүктеге айналғанда 1 Лекция және практика Материалды қабылдауы
7 Есікпен тәжірибе жүргізу 1 Практикалық тапсырмалар Тапсырмаларды орындау
8 Сымдар қиылыса ма? 1 Әңгіме,лекция Материалды қабылдауы
9 Эпюрдағы іздер 1 Лекция, практика Тапсырмаларды орындау
10 Геометриялық денелер және олардың бетіндегі нүктелер 1 Практикалық тапсырмалар Тапсырмаларды орындау
11 Жайма 2 Практикалық тапсырмалар Детальдердің эскиздері
12 Симметрия 1 Лекция, практика Материалды қабылдауы
13 Қарапайым денелердің жұмбақ проекциялары 1 Практикалық тапсырмалар Тапсырмаларды орындау
14 Сызба логикасы 2 Лекция, практика Зерттеу жүргізу
15 Тіліктер 1 Лекция, практика
Тапсырмаларды орындау
16 І модульды қорытындылау 1 Практика Тапсырмаларды орындау
Жобалау элементтері бар шығармашылық тапсырмалар(16 сағат)
Графикалық тапсырмалар(3 сағат)
17 Нәрсенің көрнекі кескініне қарап,3 проекциясын тұрғызу 1 Практикалық тапсырмалар Жұмыстар көрмесі.
18 3 проекцияға қарап, нәрсенің көрнекі кескінін салу 1 Практикалық тапсырмалар Жұмыстар көрмесі.
19 Техникалық суретті орындау 1 Практикалық тапсырмалар Жұмыстар көрмесі.
Шығармашылық тапсырмалар(13 сағат)
20 Ұйымдастыру кезеңі 1 Әңгіме,лекция Материалды қабылдау
21 Технологиялық кезең. Тұрғын үйдін алдыңғы қас бетінің эскизін жасау 1 Практикалық тапсырма Жұмыстар көрмесі
22 Тұрғын үйдің жаймасын орындау 1 Практикалық тапсырма Жұмыстар көрмесі
23 Макетін дайындау 4 Практикалық тапсырма Жұмыстар көрмесі
24 Безендіру жұмыстары 4 Әңгіме, лекция, практика Жұмыстар көрмесі
25 Қорытынды кезең 1 Анкета жүргізу Өз қабілеттерін бағалау
26 Шығармашылық жобаны қорғау 1 әңгіме Қорғау
«Қызықты сызу» оқу курсының мазмұны.(34 сағат)
Кіріспе (1 сағат)
Арнаулы курстың жүйесі мен ерекшеліктері.Әр мамандық иелерінің сызу туралы айтылған пікірлерімен танысу.Сызу пәнінің дамуына ғалымдардың қосқан үлесі.
Модуль І. Қызықты тапсырмалар (17 сағат)
Шрифт түрі (2 сағат)
Стандарт.Формат.Сызба шрифттері.Сызбадағы әріптер, белгілер,сандар туралы.
Оптикалық алдау(1 сағат)
Адамдардың белгілі бір суреттерді, сызықтарды психологиялық көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдауының мысалдары.
Конструкторлық ойлау (1 сағат)
Оқушының бойында конструкторлық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды шешу.
Шынайы құрылғыдағы нүкте проекциясы (1 сағат)
Проекция.Проекция түрлері.берілген екі проекция сызбасына қарап үшіншісін, оның бетінде орналасқан нүктенің проекциясын табуға арналған мысалдар.
Түзу нүктеге айналғанда (1 сағат)
Кесіндінің жазықтық бетіне проекциялануы(көлденең, тігінен, көлбеу).Детальдың проекциясын өзгертуге арналған тапсырмалар.
Есіікпен тәжірибе жасау(1 сағат)
Айналу әдістері. Проекция жазықтықтарын алмастыру әдістері.
Сымдар қиылыса ма? (1 сағат)
Кеңістік ойлау мен байқағыштықты дамытуға арналған тапсырмалар.
Эпюрдағы іздер (1 сағат)
Кеңістіктегі жазықтықтың орналасуын іздер бойынша анықтау тәсілдері.
Іздердің қиылысу нүктелері, орналасу жазықтықтары- фронталь, профиль,горизонталь.
Геометриялық денелер және олардың бетіндегі нүктелер.(1 сағат)
Геометриялық денелер және олардың проекциялары.Проекция сәулесі арқылы нүктелерді проекциялау.
Жайма (1 сағат)
Жайма сызығы.геометриялық денелердің жаймаларын дайындау.
Симметрия (1 сағат)
Симметрия осі.Жазықтық симметриясы.Айна симметриясы және орталық симметрия мысалдары.
Қарапайым денелердің жұмбақ проекциялары.(1 сағат)
Үшінші көріністі табуға арналған тапсырмалар. Аксонометриялық проекция.
Сызба логикасы.(2 сағат)
Әртүрлі логикалық тапсырмалар.
Тілік ( 1 сағат)
Тілік- нәрсені зерттеу әдісі.Тіліктің түрлері.
І модульды қорытындылау.(1 сағат)
Жалпы эскиздерді орындауға арналған жаттығулар, кезеңдерін сақтау.
Модуль ІІ.Жобалау элементтері бар шығармашылық
тапсырмалар.(16 сағат)
Графикалық жұмыс(3 сағат)
Нәрсенің көрнекі кескініне қарап, үшінші көріністі анықтау.Техникалық суретті орындау.
Шығармашылық жоба « Болашақ мектеп» (13 сағат)
1. Ұйымдастыру кезеңі.(1 сағат)
2. Технологиялық кезең (10 сағат)
Мектептің жаймасын орындау (2 сағат)
Макетін дайындау (4 сағат)
Безендіру жұмыстары (4 сағат)
3. Қорытынды кезең (1 сағат)
4. Шығармашылық жобаны қорғау (1 сағат)
Шығармашылық жобаны бағалау
Оқушының аты-жөні_______________________________________________
Жобаны қорғау уақыты______________________________________________
Тақырыбы_________________________________________________________
Мақсаты___________________________________________________________
Жұмыстың мақсатына жетуі
(5 ұпай)
Безендірілуі Қорғау Жұмыс кезеңі (5 ұпай)
Таныстыру
(5 ұпай) Сұрақтарға жауап беруі
(5 ұпай) Шығармашылығы Қосым.әдебиеттерді пайдалануы
Бұйымның өмірде қолданыс табуы Топта жұмыс жасау қабілеті
Өзін-өзі бағалауы
Жетекші бағасы
Оқушылардың бағасы
Барлығы
Барлық ұпай саны__________________________
Бағасы___________________________________
Бағалау шкаласы:
100-125 ұпай «5»
85-100 ұпай «4»
65-85 ұпай «3»
65-тен төмен- әлі де жұмыстануды қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Воротников И.А., Занимательное черчение: - М.: Просвещение,
1990 г. –223 с.
2. Гервер В.А., Творчество на уроках черчения: Книга для учителя. – М.:
Гуманит. изд. Центр Владос, 1998. – 144 с.
3.Ботвинников А.Д., Пути совершенствования методики обучения черчению: Пособие для учителей. – М.: просвещение, 1983. -128 с.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |