Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас қаламгер үйірмесінің бағдарламасы


Жас қаламгер үйірмесінің бағдарламасы

Жас қаламгер үйірмесінің бағдарламасы

«Жас қаламгер» үйірмесі «Парасат» мектеп-лицейінің 1   сынып оқушыларына арналған . Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, ана тілі сабақтарына қызығушылықтарын арттырады. 
        Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін оқушылар тартылады.
        Үйірменің оқу материалына  халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал,  жұмбақ,  жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. 
       Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,  ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу  көзделеді.
 
 
Үйірменің мақсаты: 
      Оқушылардың  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,  жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Үйірменің міндеті:
- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;
- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;
- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
      Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.
 
 
Тақырыптық жоспар
№ Тақырыптың аты Сағат
саны Мерзімі Өткізілу    түрі Пайдаланған
әдебиеттер
1 Үйірменің мақсат, міндеттерімен таныстыру 1 Кіріспе әңгіме
2 Ертегілер әлеміне саяхат 1 Сурет салу «Ертегілер» кітабы, «Балдырған журналы»
3 101 жұмбақ, 1001 мақал 1 Дөңгелек үстел Мақал-мәтелдер кітабы
4 Жаңылтпаштар жаттау 1 Балалар әдебиеті
5 Шешендік өнер. Өнер алды қызыл тіл. 1 Шығар. жұмыс Халық даналығы
 
6 Қызықты сұрақтар 1 Әңгіме. Шығар. жұмыс
«Балдырған», «Айгөлек» журналдары
7 Өлең ұйқастарын құрастыру 1 Мәнерлеп оқу
Суреттер
Ана тілі хрест
8 Әңгіме мазмұнын жалғастыр 1 Дөңгелек үстел «Балдырған», «Айгөлек» журналдары
9 Менің айналысатын сүйікті ісім 1 Сахналық қойылым
10 Егер мен сиқырлы таяқ тауып алсам. 1 Әңгіме. Шығар. жұмыс
Балалар әдебиеті
11 Буын ұйқасын тап 1 Дөңгелек үстел
12 «Табиғат- менің алтын ұям»
1 Әңгіме. Шығар. жұмыс «Балдырған» журналы
13 Төрт түлікке байланысты әңгімелер құрастыру 2 Автор орындығы
«Балдырған», «Айгөлек» журналдары
14 Қазақстан. Отаным – алтын бесігім 1 Автор орындығы
Ана тілі хрестоматиясы
15 Менің батыр бабаларым
1 «Батырлар жыры»
 
16 Жұмбақтар шешу 1 Сайыс сабағы Халық даналығы
 
17 Мәнерлеп оқудың маңызы 1 «Балдырған» журналы
18 Ырымдар мен тыйымдар 2 Дөңгелек үстел
19 Диалог пен монолог 1 Балалар әдебиеті
20 Өлеңді рөлге бөліп оқу 1 Мәнерлеп оқу
Ана тілі хрестоматиясы
21 Сөздер ұйқасын тап 1 Пікірталас «Балдырған» журналы
22 5 жолды өлең құрастыру 1 Автор орындығы
 
23 Мен өскенде кім болам? 1 Әңгіме. Шығар. жұмыс Балалар әдебиеті
24 Мазмұндама жазу 1 Ана тілі хрестоматиясы
25 Абай өлеңдері. 1 Мәнерлеп оқу
Балалар әдебиеті.
Ана тілі хрестоматиясы
26 Мәнерлеп оқу сайысы 1 Дөңгелек үстел
27 Жылдың төрт мезгілі 1 Әңгіме. Шығар. жұмыс Суреттер
Ана тілі хрест
28 Төрт түлік толы даламыз
2 Балалар әдебиеті
29 Өнегелі ұлан болып өсеміз
1 Әңгіме. Шығар. жұмыс «Балдырған» журналы
30 Үлкенге құрмет-кішіге міндет
1 Суреттер
Ана тілі хрест
31 Диалог құрастыру
«Оқымысты бала 1 Автор орындығы
 
 
 
 
Колданған әдебиеттер:
 
1. Ана тілі хрестоматиясы 1 сынып  Атамұра, Алматыкітап.
2. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы №1,№2
3. Қ.Қ. Жамантаева «Сөйлесейік те жазайық, өз тілімізге үйренбей қалмайық»
4. Қазақ ертегілері
5. Мақал-мәтелдер кітабы
6. «Балдырған», «Айгөлек» журналдары
Түсінік хат
 
        Бүгінгі күні  бастауыш сатыда берілетін білімге қойылатын талап жоғары болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір көлемдегі білімнің біліктілігін,  дағдыларын меңгеруімен бірге  танымдарын қалыптастырып, жеке бастың қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу – бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып табылады.
       «Бастау» математикалық курс бағдарламасы 1 сынып оқушыларына арналады. Аптасына 1 рет, жылына 34 сағатқа бөлінген. Бағдарламада математикалық олимпиадаларға дайындық жұмыстары  ретінде арифметикалық ребустар, логикалық және комбинаторикалық есептер, фигураларды бөлуге немесе басқа да тапқырлықты қажет ететін жаттығулар беріледі.
   Бұл курс оқушылардың ақыл-ойын математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамытады. Оқушылардың танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға белсенділігін қалыптастыруға  септігін тигізеді.
    Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады. Өздігінен іздену дағдылары қалыптасып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
 
 
Мақсаты: 
    Оқушылардың  сыныптан тыс уақытта танымдық белсенділіктерін, шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынастарын қалыптастырып, математикалық білім, білік-дағдыларды жетілдіреді. Оқушыларды қорытынды жасауға логикалық желісін жүйелеуге мүмкіндік туғызады.
 
Міндеті:
- Оқушылардың математикалық ой-өрісін кеңейту;
- Арифметикалық, геометриялық мәселелердің үйлесімді байланыста болуы;
- Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау;
- Оқушылардың өмір тіршілігіне келесі буынында оқуын жалғастыру үшін білім,білік дағдыларын қалыптастыру.
 
Күтілетін нәтиже:   
      Оқушылардың ақыл-ойы математикалық стилі, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапалары дамиды. Іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады.
 
 
 
«Бастау» математикалық клубы
үйірмесінің бағдарламасы
 
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Өту формасы Әдебиеттер мен көрнекіліктер Қайталау 
1 Жұмбақ есептер, өрнектер 1 Әңгіме түсіндіру Блок-схема
2 Шамалардың өлшем бірліктері
және олардың арасындағы қатынастар
1 Қайталау Математика
 Л.Г. Петерсон Шамалардың өлшем бірліктері
3 Қандай фигураларды білеміз 2 Өзін-өзі сынау Кестелер 
Суреттер
4 Киелі сандар 1 Шығармашылық жұмыс Энциклопедия
5 Белгілі геометриялық фигуралардың орналасу мүмкіндігі
1 Жұппен жұмыс Математика
 Л.Г. Петерсон
Логика Геометриялық фигуралар
6 Ойнайық та ойлайық.
2 Топпен жұмыс     «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға дайындау»
7 Сиқырлы сандар 
1 Тест Математика
 Л.Г. Петерсон
8 Жұмбақ есептер
2 Түсіндіру, бекіту Математика
 Л.Г. Петерсон
9 Арифметикалық ребустар 2 Ойын сабағы Математика. Логика
10 Логикалық есептер 2 Шығармашылық жұмыс «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға дайындау» Сөзді есептер
11 Фигураларды теңдей етіп бөлу 1 Ойын сабағы
Математика. Логика Фигуралар
12 Олимпиада есептері. Сиқырлы шаршы
2 Жарыс сабағы «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға дайындау Білім деңгейлерін анықтау 
13 Құюға берілген есептер 1 Жарыс сабағы Суреттер Логикалық есептер
14 Шаршыда құрастырылған тік төрт бұрыш және тік төртбұрыштан құрастырылған шаршы.
2 Шығармашылық жұмыс «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға дайындау Геометриялық фигуралар
15 Ойлан, тап
1 Ойын сабағы Математика. Логика Өрнектер алгоритмі
16 Олимпиаданың дайындық есептері 2 Дөңгелек үстел «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға дайындау
17 Өз бетінше шешуге берілген олимпиада есептері.
2 Жарыс сабағы «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға дайындау Білім деңгейлерін анықтау
18 «Кім зерек?» ойыны 2 Өзін-өзі сынау Суреттер
Баст. Сын. журналы
19 Танымдық есептер 1 Топпен жұмыс Математика
 Л.Г. Петерсон Бұрыш
20 Күрделі теңдеулердің  шешу  жолы 2 Топпен жұмыс Математика
 Л.Г. Петерсон Күрделі теңдеулер
21 Олимпиада есептері.  Деңгейлік тапсырмалар 2 Жарыс сабағы «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға дайындау Білім деңгейлерін анықтау
22 Қорытынды сабақ 1 Өткенді қайталау Кестелер, блок-схема
Қолданған әдебиеттер:
1. Ж. Бейсеков А. Жақсыбаева  «Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға дайындау» Шымкент 2008ж.
2. Л.Г.Петерсон  Математика «Ювента» 2002ж.
3. Математика. Жалпы білім беретін 1-сыныбына арналған оқулық.  Алматыкітап
4. И.Л. Бабинская «Задачи математических олимпиад»
5. Бастауыш сынып журналдары

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика әлемі
Модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу және модуль таңбасы бар функциялардың графигін салу
Қызықты математика әлеміне саяхат
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы
Математика бізбен бірге Таңдаулы курс бағдарламасы
Шешендік өнер
Жанды математика
Қызықты математика
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Қызықты математика
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 39970 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 13 февраля 2015 18:33
Үйірме бағдарламасы жақсы жасалған. Сізге көп рахмет! Бір ұсынысым осы бағдарламада көрсетілген әр тақырыпқа сабақ жоспарын көрсетсеңіз.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык