Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі


Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі

Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі

Оқушыларды кәсіпке даярлау жүйесі, оларды еңбекке даярлау жүйесінің үш бірдей компоненттерінің бірлігі арқасында жүзеге асырылады. Ол компоненттер: оқушылар, мақсат пен міндет, еңбекке даярлау мазмұны, оқытушылар және еңбекке даярлау құралдары,тәрбие, оқу, еңбек прцестері, ұйымдастыру түрлері және басқару. Осы құрылым шеңберінде оқушылар мен үйірме, сынып жетекшілерінің бірлескен іс-қимылы жүзеге асырылады.
Ғылыми еңбектер, оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінің өзге де анықтамалары кездеседі. Айталық, интегралдық процестердің мынадай бағыттары болады. Олар: политехникалық сипат арқылы оқыту, оқушылардың жалпы білімге қоса еңбек дағдыларын алуын қамтамассыз ету. Сабақтан тыс немесе демалыс кезеңдерінде қоғамдық белсенді еңбекке жұмылдыру, кәсіптік бағдар беру. 
Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау екі ерекшеліктен тұрады. Біріншісі-интегралды процес болса, екіншісі-жұмыстың бағыт бағдары. Бұл екеуі де басқару нәтижесінде жүзеге асырыл ады. 
1. Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізін зерттеуде алдымен оларды басқару аналитикалық, индуктивті, дедуктивті, сандық, сапалық, құрылымдық, тарихи аспектілер декөмекке келеді. 
2. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың негізгі диактикалық және политехникалық методологисымен бір қатарда тұруы; даярлау кезеңдері: мақсатты белгілеу, педагогикалық талдау, жобалау, ұйымдасытыру, бақылау, бағалау, үйлестіру және түзету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтаммасыз ету; оқушылардың физиология-гигеналық талаптарға сай келуі ескеріледі.
3. Оқушыларды кәсіпке даярлау жүйесі құрылымдық-функциональдық жағынан үнемі дамып отырады. Оның түпкі мақсаты-оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Оған қоса ішкі және сыртқы  (компонеттер) қоршаған орта, қоғамдық жағдайларға да тығыз байланысты.
4. Жүйелік тәсіл кешенді тәсілді жоққа шығамайды. Кешенді тәсілге іс-әрекет нәтижесін талдау, өзара байланысты анықтау, еңбекке даярлау жағдайлары мен проблемалары, басқару технологиялары кіреді. Негізгі белгілеріне: оның тұтастығы, құрылымы қабілеті сияқты ұғымдар кіреді. Осы процестердің құрамдас компанеттерін оқушылар мен мұғалімдер, мақсат пен міндеттер, мазмұн мен тәрбиеісі, оқу мен кәсіби еңбек құрайды.
Орындалатын тапсырмалардың ерекшелігіне қарамастан өндіріске баулу мен еңбек сабағының практикасы бір-біріне ұқсас келеді. Оқытудың бұл екі түрі де оқытудың мазмұнына, топтарға жіктелу қағидалармен топтастыру реттілігі оқытудың жүйесін қолдану негізінде анықталаады. Олардың көбінесе еңбекке баулудың жүйесімен атап, еңбекке практикалықептілігі мен дағдысын қалыптастырудың дидактикалық жолдарын түсінеміз.
Еңбекке баулудың негізгі 6 жүйесі белгілі:
1. Заттық жүйе (предметная) - оқушы өзі меңгеретін мамандығының сипатына байланысты, типтік бұйымдар жиынтығы (набор) әзірленеді. Мұндай барысы дидактикалық жоспары бойынша жеке операцияларға жіктеледі. Оқушының жеке еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен арнайы таныстырмады. Олар тек қана шебердің қозғалысы мен басқа да еңбек қимылдарын көшіруге ұмтылды. Мұндай оқыту жаңа бұйым әзірлеу барысында оқушылар өздерінің ептілігі мен дағдысын қолдана алмады. Сол себептен де олар қайтадан оқытуды қажет етті. Бұл жүйенің негізгі кемшілігі де осы болды. 
2. Заттық жүйе - өндірісте ұялы (кустарный) тәсілді айқындады, сондықтанда ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қолданылды.
Мануфактуралардың өркендеуіне байланысты еңбектің бөлінуі технологиялық процесстерді бөлшектенуге әкеп соқты. Мұндай еңбек дайындығының мазмұнын қайта қаралуына байланысты операциялық жүйе пайда болды. 
3. Операциялық жүйе бойынша оқушылар мамандық мазмұнын өздері меңгеретін, еңбек операцияларын орындайды. Осыған байланысты оқушылар әртүрлі бұйымдарды әзірлеуді үйретеді. Тек қана жүйелілік негізінде жұмыс жасау, мамандық рамкасында шектеледі. 
Операциялық жүйе - кешенді оқу жүйесінде 2-3 операцияларды үйреніп, содан кейін осы операциялардан құралатын жұмыстарға көшеді. Кейін кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды үйрене бастайды. Операцияларды үйренуде жеке жұмыс қозғалыстары мен амалдарды орындау бойынша жаттығулар жасаудан басталады. 
4. Операциялық - заттық жүйе алғашқыларда қарағнада нәтижелі болды. Бұл жүйеде оқытудың екі кезеңі қарастырылады. Бірінші кезеңде еңбектік операциялардың бірлескен түрлері зерделенеді. Бұл операциялар бұйым әзірлеу барысында жүзеге асады. Екінші кезеңде оқушылар алдын - ала өтілген операциялардың технологиялары негізінде, бұйым әзірлеуде кешенді жұмыстарды орындайды. 
Операциялық - заттық жүйе бұйымның жеке бөлшектерін өңдеу барысында емес, керісінше нақты бір бұйымды өңдеу процесінде қолданылады. Еңбек объектісі, мектеп бағдарламасына сай қарастырылатын еңбек операцияларымен толық таныса алатындай дәрежеде қамтылатын болуы тиіс. Күрделі еңбек операцияларымен танысу, жалпы операциялар мен еңбектік тәсілдерді орындау жаттығуларында басталады. 
5. Моторлық - жаттығулар жүйесі 20-шы жылдары оқытуда кең тарады. Ол еңбектің орталық институтында (ЕИО) дайындалды. Дегенмен де бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Мұнда, ептілік пен дағды, оқулықтар арқылы саналы түрде меңгерілмеді. Ептілік пен дағдына қалыптастыру, еңбек процесінің нақты түрін, боямалаушы арнай аппараттар мен жаттығуларды қолдану негізінде жүргізілді. Көптеп қайталау арқылы сананың қозғалысының қатынасынсыз, тек қана денені "оқытумен" шектелді. Оқыту процесіне мұндай ықпал жасау қолдау таппағандықтан, жуық арада өз құнын жойды.
ЕОИ жүйесінің өзіне тән жетістіктері де болды. Бірінші рет, еңбектік ептілік пен дағдыны қалыптастырудың психофизиологиялық заңдылықтар жүйеліліге сәйкес келетін дидактикалық негіз қолданылды: еңбек тәсілдері- еңбек операциялары- еңбек процесі. Бұл жүйе бойынша ЕОИ еңбек қозғалысы мен еңбек тәсілдерінің дұрыс құрастырылуы үшін қайтадан тереңірек талдау жұмыстары жүргізілді. Сондықтан да бұл жүйе қазіргі күнге дейін өз құнын жоймай келеді. 
6. Операциялық - кешенді жүйе қазіргі уақытта кәсіби техникалық оқу орындарында негізгі болып саналады. Бұл жүйемен оқытуда, оқушылар алдымен, 2-3 операциялардың орындалу тәсілдерін меңгереді, содан кейін осы операциялармен бірге кешенді жұмыстарды орындауға көшеді. Одан әрі кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды меңгереді. Операцияларды оқып - үйрену, жеке жұмыстық қозғалыстар мен тәсілдерді қайта өңдеу барысында жаттықтырушы жаттығулардан басталады.
  Еңбектік операцияларды меңгеру және оларды кешенді жұмыстарды орындауда пайдлану- оқытудың бірінші кезеңінің негізгі міндеті болып саналады. Ал, екінші кезеңде оқушылар өнімді еңбекті міндетті түрде өндірісте өткізеді. Бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Кешенді жұмыстарын оқушылардың өндіріс орындарында жалғастыруы қиындық туғызды. Олардың жұмысшы қызметін атқаруға бағытталды. 
ЕОИ жүйесі техниканың дамуы мен технология жабдықтарының жетілуіне байланысты маңызды орын алатын уақыт өлшемін жеке есептеу қызметін айқындады. ЕОИ жүйесіне, өз міндеттерін шығармашылық түрде орындай алатын жұмысшылар дайындау міндеті қойылды. 
Автоматизация және механизация процесінің жетілуіне байланысты жаңа жүйелерді басқаратын мамандар даярлау қажет болды. 
1.3. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері
Даярлау - оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз ететіндіктен оның ұйымдастырылуы мынадай кәсіби талаптарды қанағаттандыруы қажет: 
1. Бұйымның практикалық сипатын
2. Практикалық тапсырмаларды орындау мен алған білімді қалыптастыруда еңбектің шығармашылық бағыттылығын. 
3. Еңбек іс - әрекетінің жалпы тәсілдерін
4. Дәстүрлі оқытуымен қатар ауыл мектептерінде белгіленген варианттар мен жеке дара оқытуды жүзеге асыру. 
Себебі оқыту процесі нәтижесінде технология жетістігі оқушы игілігіне айналады. Қазіргі заман мәдениетін бағдарлама негізінде жүзеге асыру үшін алдымен оны  тереңінен зерделеу қажет. Технологияны білім құрылымының дербес элементі ретінде қарап, оған сипаттама беру қажет. Бұл жерде В.В.Краевскийдің пікрін негізге алуға болады. Автор білім мазмұнын әлеумеуттік тапсырыстың педагогикалық моделі деп санайды. Білім мазмұны өзінің әлеуметтік маңызына орай педагогикалық мән - мағынаға ие. Осыған орай оқу заңдылықтарына тәуелді келеді. Қазіргі кезде оқу пәндерінің циклі жекеленген оқу пәндерінен тұрады, яғни ол технология, техникалық сызу және материалдарды жүргізу сияқты пәндерді қамтиды. Мұның бәрі, сайып келгенде, адамның кісілік келбетін жоғарылата түседі. Сондықтан да, мектеп қабырғасында оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай кәсіпке даярлауда білім мазмұнының мынадай блоктарын бөліп алып, бұларды шартты түрде былайша топтастыруға болар еді: 
1. әлеуметтік - гумантарлық даярлық;
2. ғылыми даярлық;
3. эстетикалық даярлық;
4. физикалық даярлық;
5. арнайы даярлық; 
6. оқушының өз таңдауы бойынша оқытылатын пәндер. Мұнда үшін алдымен Республикалық деңгейдегі өзгерістер мынадай факторлармен өлшенеді. 

      Оқушыларды кәсіпке даярлаудың шартты түрдегі топтасуы.                  
 Педагогика ғылымдарының жамып отыруына байланысты мұғалімдерге қойылатын талап анықталғаннан кейін, бүгінгі таңдағы оқушының қазіргі заман талабына сай кәсіпке даярлығын кесте 1 арқылы түсіндірдік. Бұл мәселенің теориялық негіздерін жасау оқушылардың "кәсіптік даярлығы" ұғымының мәнін анықтауды қажет етеді. Бүгінгі күнге дейінгі психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде "даярлық" ұғымы:
- белгілі бір психологиялық жағдай (Селиванов В.И.);
- жеке тұлғаның тұрақты сипаты (кандыбович Л.А. т.б.);
- мотивациялық және процессуалдық компоненттерінің ажырамас бірлігі.
"Оқушылардың әртүрлі іс - әрекеттерінде белгілі бір материалды пайдалану арқылы оқушылардың даярлығы" ұғымы: озық дәстүрлерде қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастырудың жалпы гумандық мұраттарына сай іске асыруға мүмкіндік беретін біріктірілген (интеграциялы) қасиеті (Мағауова А.С.);
"Қазіргі уақыттың мәнділігін түсінуін, өнертану мен кәсіптік білім және іскерліктің практикада қолдана алатын тәжірибесінің қалыптасуының өзегі көркем мәдениет болып табылатын күрделі біртұтас білім" (Громакова С.В.) деп түсіндірілетін ұғымды біздің проблемамызға байланысты ұстанамыз. Себебі, мұндағы түсінікте педагогика ғылымындағы даярлықтың дәстүрлі мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттері қамтылған. Біздің зерттеуімізде оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай кәсіпке даярлау процесін жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мен оны негіздеу барысында жоғарыда көрсетілген даярлықтың компоненттері негізге алынады. 
Даярлықтың мотивациялық компонеті оқушылардың қазіргі заман мәдениетіне дұрыс қатынасының болуымен сипатталады. 
Мазмұндық компонент қазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді. 
Процессуалдық компонент қазіргі заман мәдениетінің оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді. 
Сонымен біздіңше: "мәдениет - адамдардың рухани, қоғамдық және өндірістік қатынастары жетістіктерінің жиынтығыарқылы кәсіби мәнде тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын қазіргі технологияларға негізделген күрделі біртұтас білім" - деп санаймыз. 
Анықтаманың мазмұны бізге "оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлаудың" үлгісін жасауға мүкіндік берді. (кесте 1). Үлгінің негізінде оқушылардың кәсіптік даярлығының үш деңгейі анықталды: төмен, орта, жоғары.
Төмен: қазіргі заман мәдениетіне деген қызығушылығы, қатынасы бар, оның бүгінгі заман оқушылардың кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсіне бермейді. Мазмұндық, процессуалдық компоненттерінің бірін де меңгермеген.

ІІ - тарау. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері
2.1Оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлығының мазмұны  Кесте
№ Компоненттері Критерийлері Көрсеткіштері
1 Мотивациялық Оқушылардың қазіргі заман мәдениетке дұрыс қатынасының болуымен сипатталады. - қазіргі заман мәдениетін эмоционал- дық тұрғыда қабылдауы;
- қызығушылық болуы;
- мәдениет оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалын түсінуі;
- әлеуметтік құбылыс ретіндегі түйсігі;
- іс-әркеттерде пайдалануы
2 Мазмұндық Қазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді - мәдениеттің шығу тарихынан білімі;
- мәдениеттің мазмұндық жағынан ерекшеліктерінен білімі; 
- қазіргі мәдениет талаптарын іріктей білуі; 
- оларды оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалын білуі; 
3 Процессуалдық Қазіргі мәдениет талаптарын оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді - қазіргі мәдениетке қатысты мәліметтерді анықтаудағы ептілігі;
- оқушылардың оларды әртүрлі іс - әрекеттерді ұйымдастыруға ептілігі; 
- шығармашылық жұмыстарда қолдану ептілігі

Орта: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы бар, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін түсінеді. Әлеуметтік құбылыс ретінде түсінбейді. Тек қана іс - әркеттерде пайдаландаы. Процессуалдық компоненттің кейбір элементтерін ғана меңгерген. Қазіргі заман мәдениет жайлы өз бетімен білуге талпынбайды.
Жоғары: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы жоғары, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінеді. 
Оқушылардың кәсіптік даярлығының бастапқы күйін анықтау мақсатында констатациялау (белгілеу) эксперименті жүргізілді. Экспериментке ауылдық мектептердің оқушылраы мен технология пәні мұғалімдері қамтылды. 
Сауалнама, әңгімелесу, тест, бақылау әдістерін қолдану негізінде оқушылардың қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіптік даярлығының (практикалық іс - әркетте қазіргі заман мәдениетін пайдалануға дұрыс қатынасының болуы, мәдениет түрлерінен білімі, оларды пайдалану ептілігін меңгеруі) бастапқы күйі анықталды. 
Оқушылардың мәдениет ұғымының мәні жөніндегі білімін анықтау үшін жүргізген сауалнамадағы: "Қазіргі мәдениет дегенде нені түсінесіз?"сұрағына берілген жауаптарында мәдениеттің әлеуметтік құбылыс ретінде мүмкіндіктерінің бар екенін білмейтіндігін көрсетті. 
Ал, мектеп мұғалімдерінен сабақ барысында "Қазіргі мәдниетке санауға болатын ақпараттық технологияларды пайдаланбауыңыыздың себебі неде?" деп сұрағанымызда, бірқатар мұғалімдер "оны мектептің оқу - материалдық базасы көтермейді", екіншілері, "технология сағаттарының кемуінен" деп айтса, енді біреулері "ауылдық мектептерде оларды практикалық тұрғыда қолдану мүмкін емес" дегенді айтады. Осындай жауаптарын кейін қазіргі шығып жатқан сәндік элементтер ретінде біз, ақпарттық технологияларда дайындалған "аппликация", "кесте", "сәндік материалдар", "гафре" т.б. шикізаттарды практикалық іс - әрекеттерде қолдану барысында қолөнер және тігін бұйымдарында қолдану барысында жүргізілген ІІ - ші бақылаудың нәтижесінде мектеп оқушылардың деңгейінің өскендігін бақыланды. Ол кестеде берілген. 
Даярлық деңгейінің анықтаудағы І "бақылау" нәтижелері
Даярлық деңгейі Бастапқы І "бақылау"
"бақылау"
105 105
1. Төменгі
2. Орта
3. Жоғары 58,3 % (63)
41,7% (45)
- 26,9% (29)
52,8 % (57)
20,3 %(22)

Технология пәні мұғалімдердің дайын материалдарды қолданудан кейінгі нәтижелер, яғни мұғалімдермен жүргізген семинар сабақтарының ықпалы болуы мүмкін деп білеміз. Деңгейдің 20,3 %(22) болып артуы осының айғағы. Мәдениетті қамтамасыз ететін оқу материалдарды, оқытудың әдістер мен тәсілдерін көрсете білуі. 
1. Экономика талаптары. Өйткені, экономикалық іс - әрекеттен туындап жатқан қайта құру процесі жаңа ұмтылыстар мен дағдылармен толы. 
2. Білім беру ісін жаңа мазмұнмен байтып, ұлттық дәстүрмен, жаңа мен ескі жүйесінің қайсысы тиімді екенін анықтау, ондағы өзгерістерді өрістету.
3. Әлеуметтік ықпал. Ата - аналардың оқушыларды еңбекке даярлау мазмұнына жаңалық енгізуге ынталы. 
4. Мәдени факторлар. Оқушыларды еңбекке даярлауға байланысты әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жайлы хабардар етіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдары. 
5. Технологиялық факторлар. Технологиядағы прогесті қолдану аясын кеңейту. Кесте 
Аталмыш факторлар оқушыларды кәсіпке қазіргі заман талабына сай даярлауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қоршаған ортаның күрделілініп, оның өзгерістері өсе түсуі. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың ескі құрылымдары жаңа талаптар үдесінен шыға алмайды. Осыған орай барлық жағдайға оңтайлы құрылымдар қажет болады. Факторлар оқушының кәсіптік және мәдени даярлығын арттыруға бағытталған. Нарық жағдайында компютерлік сауаттылыққа сұраныстың арта түсуіне орай оқушылардың кәсіпкерлік біліммен де жан - жақты қарулануына кең жол ашылады.

2.2.Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына даярлаудың тиімді әдістері мен формалары 

1. Қайсы қоғамда болмасын қоғамның дамуындағы еңбектің шешуші рөлін, оның әлеуметтік - экономикалық мәнін адам ғана атқаратындықтан, оқыту арқылы оқушылардың еңбекке деген қабілетін дамыту. 
2. Еңбек адамдарының қандай қоғамда болсын алатын орнын оның қоғамды қозғалтудағы өндірістің негізгі қожасы, өндіруші еңбектің иесі екендігін үйрете отырып, оқушыларды Отаншылдыққа, іскерлікке, адамгершілікке, шеберлікке баулу. 
3. Жеке адамның дамып жетілуінде еңбектің негізгі құрал екенін, еңбек ету арқылы өз қабілеттерін дамытуда, ата - бабасының ұлттық дәстүрлері мен қолөнерін одан ары дамыту. 
Осындай адамның міндеттері орындаудағы іс - тәжірбиелерді насихаттау, озат мұғалімдердің іс - тәжірбиесін таратуда ғылым мен техника жаңалықтарын оқып үйренуде арнайы ғылыми - педагогикалық журнал аса қажет еді. Бұрын Совет Одағы кезінде еңбекке баулу жөнінде Ресейден шытатын “Школа и производство” деген орыс тілінде шығатын ғылыми - әдәстемелік журнал бар еді. Соңғы жылдары ол журналдың бізде таралуы азайды. Енді міне, біз күткен “Мектептегі технология. Технология в школе” журналы дүниеге келді.
Бұрын еңбекке баулу сабағы оқушыларға екі бағытта ұлдарға техниканы, ал қыздарға үй шаруасынан ғана білім беретін. Ал бігінгі технология пәні орта білім стандарттарының талабына сай, сегіз бағытта білім береді. Оқушылардың  қабілеттеріне қарай кәсіпкерлікке баулиды.
Қазіргі таңда дамыған елдерде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды. 
Сондықтан, адамдардың алдына жаңа функционалдық талаптар қойыла басталды. Жұмыскер тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек.
Ғылымның тез қарқынмен  дамуы және жаңа технологиялармен енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, өмірде екі - үш мамандықты меңгеру қажеттігі туындайды. Технология білім саласы жалпы білімнің базалық негізіне кіреді. Мұнда технология білім саласының тұрақты бөлігі базалық мазмұнды игеруге жеткілікті.
“Технология”  атты жаңа интегративті білім саласының базалық бөлімдерін оқып үйренуге лайықты оқу материалының базасына сай арнайы дайындықтан өткен мұғалім ұстаздардың жетекшілігі мен оқушылардың шығармашылық дамуы қарастырылатын жоба жүйесінде кең тараған және болашақ технология мен әдістемені іскерліктерін оқушылардың жалпы еңбек, жеке арнайы білім мен қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, олардың ителлектуалдык, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын және қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Егер еңбектің политехникалық экономикалық және экологиялық аспектілер, ақпараттық және жоғары технологиялармен танусуға жеткілікті көңіл аударылса, ондағы жұмыстардың сан алуын орындалуы мен өзіндік білім алу жағын қалыптастыруды дайындауға халықтық, аймақтық, жанұя дәстүрлерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды қайта жаңғыртатын және сақтауға бағытталса аталған мақсаттарға жетуге болады.
Технология білім саласының басты мақсаты оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындауға, бұқаралық кәсіпті игеруге көмек ету. Соған опай мына болжамдар қарастырылады:
 1.Экономикалық, экологиялық және кәсіпкерлік білімдерді қабылдау барысында затты, энергияны және ақпараттық материалдарды түрлендірудін қазіргі және болашақ технологиялармен жастардың танысуы олардын политехникалық дамуы.
2.Оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуы оқушылардың өзін - өзі тану мүмкіндігін, кәсіпкер әлемін оқып үйренуін өзіндегі кәсіптік бейімділіктерін айқындау үшін сарамандық тәжірибе элементтерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Технология саласын оқыту барысында мынандай міндеттер іске асырылуы қажет:
1. Кең тараған және болашақтық технология жайында политехникалық білімді ақыл - ой, сезімдік әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру.
2. Жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру. Қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету негіздерімен таныстыру.
3. Оқушылардың   өз бетімен және қабілеті арқасында жобалау мен шығармашылық есептерді шешуін дамыту.
4. Кәсіптіліктің өзіндік айқындалу мақсатында ҚР жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіптік кеңестігін білуді, кәсіптік бағдарын сынап анықтай алуды, оқушылардың өзін - өзі танып білуін қамтамасыз ету. Еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты,жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру.
5. Нарықтық   экономика, менеджмент, маркетинг туралы негізгі түсініктер арқылы қызмет көрсету мен өз өнімдерін іске асыруға мүмкіндік жасау. 
6. Тұтыну бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей білуге үйрету. Мектеп жергілікті, ұлттық, аймақтық еркшеліктері мен сол жердің материалдық қорын ескере отырып, әр түрлі кәсіпкердің бір түрі ьойынша кәсіби оқыту жағдайын қарастыруға болады.
Жастарды еңбекке тәрбиелеу бағытындағы педагогикалық білім беру құрылымының негізгі мәселесі - технология пәнінен сабақ беретін мұғалімдердін әдістемелік шеберлігі мен кәсібтік дайындығын жақсарту. Қазіргі кезде әр түрлі мамандықты меңгерген алдыңғы қатарлы мүғалімдерді дайындау мақсатында жан - жақты зерттеу жұмыстары зерттелуде. Педагогтар дайындайтын жоғары оқу орындарында да осындай мақсатта жұмыс жоспарын құру қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық зеттеулерде “модель” терминін нақты арнайы саладағы маманға берілетін кәсіптік баға ретінде қабылдаған жөн. Маман моделін талдау барысының бірнеше тұжырымдамасы бар. Түрлі мәселелерді зеттеу тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктері ескеріледі, кейде маман моделінің кейбір аспектілері бөлек қаралады. Біз Е.Смирнованың тұжырымдамасын жемісті деп есептейміз, себебі, ол тұжырымдамада маман моделін жасаудың кеңейтілген жиынтығы қарастырылған. Жоғары оқу орындары білімді мамандарды осы тұжырымдамаға сәйкес даярлауы керек. 
Осы үлгі қазіргі талапқа ғана сай емес, болашақта да жетістікке, білім дағдымен қоса кәсіптік сапа, бағдар бүкіл адамзаттық мәдениет, дуниеге, қоршаған ортаға көзқарасты қамтиды. Осындай әдіспен құрылған маман моделінің практикалық қажеттілікті  өтейтін жауапты маман даярлаудағы мүмкіндігі мол. Бұл модель ірі үш бөлімнен тұрады.
1. Арнайы кәсіби ортада оқытылатын мамандардың қызметі.
2. Маман  қызметіне психологиялық мінездеме.
 Мұғалімнің кәсіпқой маман ретінде құрылымын зерттей келе, тұжырымдамада көрсетілген талапқа сәйкес технология пәні мұғалімінің моделдік қызметін анықтауда біршама жұмыстар жүргізілді. Сондықтан технология пәні мұғалімінің қызметін сипаттайтын жалпы үш бөлімінің әрқайсысына жекелеп тоқталайық.
Модельдің бірінші бөлімі арнайы кәсіби ортадағы маман қызметі жұмыс сапасына өз пәніне сүйіспеншілігіне одан алатын әсеріне байланысты.
Модельдің екінші бөлімі негізінен мына аспектілерді - кәсіптік тәлім - тәрбиелік, саяси қоғамдық қызметін қарауды ұсынады. Бұл аспектілер маман мұғалімдер даярлауда негізгі рөл атқарады. Саяси қоғамдық аспектісі иұғалімнің мектептегі қоғамдық қызметін қамтиды.
Менің пайымдауымша, жалпы мұғалімнің қызметі, оның ішінде технология пәнінің мұғалімі туралы әңгіме болғанда, тәрбиелік кәсіби аспектілер шешуші рөл атқару керек. Сондықтан негізгі қызметтің бес түрлі аспектісін қарастыруымыз қажет.
1. Технология пәні мұғалімінің шешетін мәселелері.
2. Олардың орындайтын міндеті.
3. Жұмыста кездесетін қызмет түрлері.
4. Мамандығына сәйкес білімі.
5. Кәсіптік  шеберліктегі дағдысы мен біліктігі.
Маман моделін қалыптастыруда көрсетілген сипаттама зерттеушілердің еңбектерінде жиі қолданылады. Аспектілер бірімен бірі тығыз байланысты. Оларды меңгеру арнайы маман қызметіне терең де толық талдау жасау үшін қажет.
Технология пәні мұғалімінің модельдік қызметін жасау үшін Ю.Васильевтің ғылыми - жаратылыстану қоғамдық экономикалық пәндер және еңбекке баулу циклін анықтайтын жобасына сүйенген дұрыс.
Маман моделінін қызметін зерттеушілер мен талдаушылардың еңбектерін саралай келе. Стандартқа сәйкес модельдеудің сипаттамасын қарастырып келдік. Стандарт тізбелері қызмет сипатының негізгі құрылымын көрсетеді. Ары қарай зерттеу барысында, бұл бірнеше деңгейде қайта қаралып, жұмыстын негізігі моделін болжап,қызметін атқарады және тиянақтайды.
Үшінші бөлімде маман қызметінің психологиялық сипаты қарастырылады. Бұған технология пәнінің мұғалімінің жеке сапасын және кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл модель бойынша мұғалімдерге қойылатын талаптар деңгейін зерттеуіміз қажет. Сол арқылы қазіргі жағдайда орта мектептің технология пәнінің мұғалімінің қызметі жөнінде айтуымызға болады. Сондай - ақ, қазіргі заман талабына сәйкес мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру, кәсіптік педагогикалық шеберлігі мен дүниетанымын кеңейту қаралады. Осындай модель технология пәні мұғалімдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау және болашақта кәсіптікдеңгейі жоғары, салалы маман даярлау үшін қажет.
Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылармен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында еңбектеніп келемін.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсықтандыру қажеттігі баса айтылған. Демек, осы педагогикалық технологияларды оқушыларды дамытуға бағытталған оқу- тәрбие жұмысының бір - бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда оны тәрбие жұмысының таптырмайтын құралы ретінде қарағанымыз жөн.  


Зергерлік  бұйымдардың  өңделу  технологиясы.
3.1. Зергерлік  бұйымдарға  қажетті  құралдар мен
өңдеу  тәсілдерін  таңдау.

Әйел  әшекейі -  әйел   затының  тиымдылығын  одан  әрі  тартымды  ете  түсіп, той  болатын  ортаны  сұлулықпен  сүйкімділікпен  толықтыра  түседі. Осыншалықты  сәнді  киім  кешекпен  бұымдарының  ішінде  кеудеге  тағатын  әшекей, алқалар  айрықша  ерекшеленеді. Сондықтан  да  алқаларды  қыздар  салтанатты  жиындарға, үлкен  тойларға  ғана  тағатын  болған. Әйел  алқасы  әйел  адамның  және  қыз  баланың  сән  үшін  тағатын  бұйымы.
Әйел - әшекейі  жасалу  жолдары  бірінші  әйел  алқасының  жобасын  ақ  параққа  жақсылап  сызамыз. Жоба  бойынша  мельхиор  сым  жуаны  жіңішкесі  болу  керек. Содан  кейін  тастар  әр  түрлі  тастар  мысалы; Асат, береза, малахит  және  т.б. болуы  қажет. Тастар  сопақша  дөңгелек  болады. Жоба  бойынша  қырқып  алынған  мельхиорға  домалақ  тастарды  қойып  көреміз. Тастарға  жұқа  мельхиордан  тастың  шетін  қаст  қырқып  аламыз. Мельхиор  листан  биіктігі  5  мм, ал  ұзындығы  тастың  көлемімен  бірдей  етіп  қырқып  алып  газ  балонға  жалғанған  гарелкамен  қыздырып  дәнекерледім. Сөйтіп, мельхиор  сымдарды, электр  бұрғысымен  ширатып  аламыз, сымды  қыздырып  болған  соң  кастың  жиектеріне, бір  ширатылған  екінші  түзу  сымды  дәнекерледім. Каст  ол  тастың  шетіне  қойылатын  мельхиор  болуы  керек. Ал  қаға  кастар  дәнекерленген   соң  орталарына  ширатылған  мельхиор  сымнан  ою  жасап  алқаның  үстіне  дәнекерленеді. Ою  сымдардың  қайырылған  басына  жанындағы  бұрышына  зерін  қойылады. Зерін  жасалу  жолы; Мельхиор  сымнан  ұзындығы  4  мм  етіп  қырқып  алып, оны  кепкен  қатты  ағаштың  үстіне  қойып  гарелкамен  қатты  қыздырамыз. Мельхиор  сым  қызған  кезде  домалақ  болып  қалады. Осы  домалақты  зерін  дейміз. Үлкен  және  кіші  етіп, әр  түрлі  етіп  дайындап  аламыз. Алқаға  зерін  дәнекерленіп  болған  соң,  қышқыл  құйылған  ыдысқа  темір  қысқышпен  саламыз. Ерімей  қалған  бураларды  тазалап  аппақ  қылады. Қышқыл  салынған  ыдыстан  алып  тіс  щеткасымен  жақсылап  шайып  жуылады. Сөйтіп, электр  моторына  киіз  шарықты  салып, пастагой  жағып  тазалаймыз. Тазаланып  болған  соң  алқа  жылтырап  тазаланғаннан  кейін  тасын  саламыз. Тасты  салар  кезде  кілей  жағып  астына  содан  кейін  кастаға  отырғызамыз. Кастың  жиегін  қатты  ағашпен  қысып  шығамыз  айналдыра. Тас  өзі  бекем  болып  қалады. Енді  алқаның  мойынға  тағатын  шынжырын  тоқимыз  диаметрі  6  мм  етіп  пружина  сияқты  қатты  қысып  ораймыз  сөйтіп, темір  қайшымен  қырқып, домалақ  сымды  біртіндеп  дәнекерледім. Оларды  бір – біріне  кигізіп  тоқып  шықтым. Ұзындығы  басқа  сиятындай  етіп  тоқылған  соң, қышқылға  салып  тазалап, киізге  пастагой  жағып  тазалаймыз. Тазалаған  соң, тоқылған  сымды  алқаның  екі  басына  іліп  қысып  қоямыз. Алқаға  шынжыр  тағылған  соң  әдемі  бір  рең  беріп  тұрады. Енді  алқаның  білезігін  жүзігін  істеу  керек. Білезіктің  істелу  жолдары  мельхиор  шестан  17  см, енінен  3  см  етіп  қырқып  аламыз, темір  қайшымен  қырқып  алған  соң, бұрыштарын  егеумен  егуледім, кейін  қолға  кигенде  жырмас  үшін. Білезіктің  дәл  ортасына  домалақ  тастың  қасына  қойып  жұқа  мельхиордан  биіктігі  5  мм  етіп  қырқып  алып  дәнекерленеді. Білезік  алқа  сәйкес  болады  сондықтан  кастың  жанындағы  ою  сымдар  ұқсас  етіп  жасалады. Ою  сымдар  дәнекерленіп  болған  соң  оны  диаметрі  6  см  қалыңдығы  2  см  домалақ  темірге  желім  балғамен  жайлап  ұрып  қайырамыз. Қайырып  иіп  болған  соң  киізге  пастагой  жағып  тазалаймыз  жылтырап  тазарған  соң  тастарын  отырғызамыз. Сөйтіп, алқаны  білезікті  істеп  болған  соң  жүзігін  істейміз. Жүзік  те  алқаға  сәйкес  етіп  жобасы  істелінеді.
Қазақ  зергерлері  көбіне  жеке  дара  жұмыс  істеп, өнерінің  қыр – сырын  ұрпақтан – ұрпаққа  үйретіп  отырған. Олар  алдын  - ала  арнайы  дайындықпен  өтетін  белгілі  бір  құрал – саймандарды  ғана  қолданатын. Зергердің  соғатын  заттарының  түрлері  өте  көп. Оған  әйелдердің  әшекейлері  киім – кешекке  тағатын  түрлі  сәндік  бұйымдар  ас  су  жабдықтары, киіз  үйдің  ағаш  сүйегіндей  ою  өрнек  жиһаздық  заттар, ағаш  ыдыс – аяқ, тері  торсық, музыкалық  асапаптар, қару – жарақтар, ат  тұрман  әбзелдері  және  т.б.  жатады.
Бұларды  әсемдеу  үшін  көбіне  алтынды, әсіресе  күмісті  молырақ  қолданған. Зергер  металдың  өзін  ашу  шеберлігін  жете  білген. Соғу  арқылы  белгілі  бір  қалыпта  түсірілгенде  күмістің  өңі  күңгірттеніп  келетіндіктен  оның  үстіңгі  бетін  қатадан  билазбен  тазалау  арқылы  жалтыратып, майда  нақыштармен  шекім  алу  тәсілімен  өрнектеп  барып  тартымды  құлпырмадан  түске  келтіретін  болған. Сақтар  жасаған  неше  түрлі  әсем  металл  бұйымдары  жайлы  мәліметтер  Геродот  Стратон, Ктесия  сияқты  ежелгі  грек  авторларының  жазба  ескерткіштерінде  кездеседі. Зергерлер  мен  темір  ұсталары  көркем  бұйымдарын  металдан  негізінен  алғанда  күміс  пен  мыс  темірден  жасалған  әсемдік  затарды  негізінде  қазақ  арасында  дәулетті  адамдар  тұтынған, оны  жасаушы  халық  арасынан  шыққан  шеберлер  болған. Күмістер  ер  тұрманның  кейбір  бөліктері, қыз  келіншектердің  тағатын  бұйымдары  жасалып,  ерлердің   белдіктері   мен  күнделікті  тұрмысқа   қажетті  пышақ,  сандық,  киім  ілгіштер,  жүзік,  сырға,  шашбау,  тұмарша  және  тағы  басқа  неше  түрлі  зергерлік  әшекей  бұйымдарын  жасап  отырған. Сол  замандағы  жұрттың  көбі  діни  ұғым  бойынша  тілден, көзден  сақтауды, мысалы  әр  түрлі  кездейсоқ  пәле – жаладан  қорғап  жүреді  деп  бой  тұмар  болатын. Зергерлік  бұйымдардың  ұзақ  уақыт  осындай  қасиеті  болған. Халыққа  бұйымның  материалы  түрлі – түсті  өрнек  оюдың  діни  сенімдер  мен  аңыздарға  сай  алынатын. Ертеден  халық  шеберлерінің  жұмыстарының  қолайлы  жағдайы  болмаған.
Көбіне  зергерлер  жұмысты  өзінің  жанұясының  алдына  киіз  үйдің  бір  шетінде  өз  шәкіртін  ертіп  алып, (ел  қайда  болса, біз  сондамыз)  деп  жайлауда  жүріп  үй  иесінің  халықтың  тапсырмасын  өз  үйінде  жасайтын  болған. Кейіннен  олардың  кейбіреулері  өздеріне  жұмыс  істейтін  орын  шеберхана  салып  алды. Темір  ұсташылығы  мен  зергерлік  өнері  мен  әйелдерде  көбінесе  айналысқан. Егер  зергер  дүниеден  қайтып, оның  жолын  қуар  ешкімі  болмаса, кейбір  кезде  оның  зергерлік   қызметін  әйелдері  атқарған. Қайта  шебер  қолынан  түрлі  асыл  бұйымдарды  музейлерде  көріп  тамашалаумен  қатар, күнделікті  жұмыста  пайдалансақ  болатын  еді. Олар  үшін  халық  қол  өнерінің  бай  мұраларына  жанашыр  түр – сипат  беріп, оларды  жасап, техникасын  жетілдіру  қажет. Қазақ  халқының  талай  ғасырлық  ұзақ  тарихын  байқасақ, олар  жасаған  өнер  туындылары  табиғат  құбылысы  күнделікті  затты  ұрпақтан – ұрпаққа  уақыт  озса  да  бүгінгі  күнге  дейін  жетті. Өткен  заманда  қазақтың  халық  қол  өнерінің  жете  дамыған  түрлерінің  бір  зергерлік  өнер  ұлттық  мәдениетіміздің  тарихында  өзгеше  орын  алады. Бұл  өнердің  түп  тамыры  сонау  әріде  жатыр. Бір  замандардың  өзінде  Қазақстан  жерінде  алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын  тағы  қалыпқа  салу  арқылы  еңбек  құралдарын  әшекей  заттар  мен  әртүрлі  бұйымдар  жасалған.
Археологиялық  заттар  зерттеу  нәтижелері  осыны  дәлелдеді. Қазақстан  жерінде  жүргізілген  азба  жұмыстардың  нәтижесінде  ертедегі  көшпенділер  кеңінен  тараған  және  басқа  да  түсті  металдардан  жасаған  көптеген  әшекей  бұйымдары  табылды. Сол  табылған  заттардың  көпшілігін  жас  шебердің  қолынан  шыққан  нағыз  өнер  туындыларының  қатарына  жатқызуға  болады. Мысалы: Қарғалы  көмбесінен  табылған  бүкіл  әлемді  таңдандырған  аяқ  алтыны  кез  келген  тарихи  қазыналардың  мақтанышы  бола  алады. Зергерлер  күміс  бұйымдарды  асыл  тастардан, лағыл,  сафир,  зүбір,  жат  гауһар, азат, эрозолит, інжу  маржан, жауқуаттан, көз  қондыру  арқылы  да  әсемдей  түскен  түрлі – түсті  шынылардың  және  тағы  басқа  әсем  рең  беретін  заттарды  да  кәдеге  асырған.
Күміс  жұмсақ, қақтауға  төзімді, оңай  өңдейтін  металл  және  жарқыраған  ашық  түсімен  көз  тартады. Металды  көркемдеп  өңдеудің  әртүрлі  техникалық  әдістері, созу, құю, басу, қалыптау  зерлеу, темірге  күміс  қақтау, алтын  жалату  қолданылады. Заттарды  әшекейлеу  технологиясын  зергерлер  бұйымның  сыртқы  бейнесі  мен  сыртқы  формасын  үйлестіреді. Күмістен  шебер  алуан  түрлі  бұйымдар  жасайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Заманауи кезеңде жеке тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Технология пәнін оқытуда саралау әдісін қолдану
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Жобаны таңдау, негіздеу
Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3201 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык