Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі


Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі

Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі

Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндетіЕлбасы осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.
Елбасымыздың  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласыХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ.
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей, Елбасының сындарлы саясатының арқасындадамып  келе жатқан білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Сапалы білім мен саналы тәрбие бере алған білім ордаларының түлектері қоғамның дамып өркендеуіне  өз үлестерін қосуда. Соның бір  айғағы Манғыстау облыстық техникалық және  кәсіптік  білім  берудің  оқу - әдістемелік кабинетімен Қайнар колледжінің ұйымдастырумен 28 ақпанда өткен "Білім  беру  мекемесінде жастарды конфессияаралық және этносаралық толеранттылықта  тәрбиелеу" атты студенттік  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып студенттеріміздің  жүлдемен  оралуы.
Конференция мақсаты қоғамдағы толеранттылық пен конфессияаралық диалогты дамытудағы қазақстандық жастар  ролін айқындау, түрлі мәдениеттер  мен  діндердің   ұстанатын  жастар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, білім  беру  жүйесінде  жастардың толеранттылығы  мен ұлтаралық  мәдениетін тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіру. Осы мақсатта  Бейнеу  гуманитарлық-экономикалық колледжінің  студенттері де өздерін  жаңа қырынан көрсете білді. Бейнеу  гуманитарлық – экономикалық  колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  оқытушысы  Адилов Серіктің  жетекшілігімен Тәрбие  жұмысын ұйымдастыру мамандығының  студенті Мухаматдинова Мөлдір "Мәңгілік тәуелсіз қазақ еліндегі  мәңгілік бірлік"  атты ғылыми жұмысы үшін үздік дипломмен  марапатталды. Сонымен бірге тарих пәнінің оқытушысы Сазанбаева Ағиланың жетекшілігімен дайындалған "Жас ұрпақтың толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетін тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелердің, мектептің, жанұяның, үкіметтік емес мекемелердің өзара байланысы" атты ғылыми жұмысы үшін Сұлтанмұратова Айдана үздік дипломмен марапатталса, физика пәнінің оқытушысы Мектепова Лизаның жетекшілігімен "Жастар ортасында  толеранттылық  идеясын дамыту" тақырыбында ғылыми жұмысы Алғыс хатпен марапатталды. 
Осындай  мол жетістіктермен  оралған студенттерімізге, колледж  ұжымына алдағы  уақыттарда  да  білім, ғылым  салаларында  мол  табыстарға  жете  берулеріне  тілестеспін.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру
Қазақстан-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы – жастардың болашағын айқын
Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат
ЖАС ҰРПАҚТЫ ЭТНОТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Мәңгілік ел – біздің тұрарлық болашағымыз
Білім сапасын арттыру жолдары
мемлекеттік тілге құрмет-елге құрмет
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7516 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык