Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3543 |
|
|
|
Еңбек тәрбиесі- барлық тәрбенің қайнар көзі
Еңбек тәрбиесі- барлық тәрбенің қайнар көзі
Еңбек тәрбиесі- барлық тәрбенің қайнар көзі дейтін болсақ оқушы алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен өзінің іс-әрекетімен күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізіп жемісін беретіні анық. Осы орайда баланы еңбекке неғұрлым жастайынан тәрбилесек, баланың бойында еңбек тәрбиесі дұрыс қалыптасады.
Әрбір оқушыны еңбекке тәрбиелеу үшін оның жұмысқа деген қабілетіне терең мән беру қажет. Оқушы сабақ әзірлеуге қанша уақыт жұмсайтыны, еңбегінің нәтижесі қандай болатыны оның жұмыс қабілетінің дәрежесіне байланысты.
Жұмыс қабілетілігі төмен болған жағдайда, оқушы сабақ әзірлеге көп уақыт жұмсайды, аз қыдырады, аз қимылдайды, мұның өзі оның жұмыс қабілетілігін төмендетеді. Оқушыға ол өзінің бар күшін оқуға жұмсайтындай болып көрінеді, үстел басында кітап пен дәптерден бас алмай отырады, ал мұның нәтижесі көңілді толтырмайды.
Бала еңбегін белгілі бір мақсатқа бағыттаған абзал. Ол өзі атқаруға тиісті жұмыстың маңызын айқын түсінетін болсын. Оларға тапсырылған жұмыс отбасы мүшелерінің мүддесі мен мақсатына сәйкес және қажетті іс болғаны жөн. Мұндай жағдайда баланың еңбекке ықыласы артып, еңбек қуанышына бөленеді.
Баланы үйде еңбекке тәрбиелеудің басты шарттарының бірі-еңбек әрбір адамның әдетіне айналсын. Ал еңбек дегенде оны тек ауыр жұмыс, күш жұмсалатын іс деп түсінуге болмайды. Айталық, ыдыс-аяқты жинастыру, өзінен кіші бауырларының қуыршағын реттеуге жәрдемдесу, т.б істердің қайсысын болса да бала өз еркімен атқаратындай тұрақты әдетіне айналдыру керек.
Әр баланың өсу, даму жағдайына лайық олар атқаруға тиісті еңбектің түрін де күрделендіре түсу өте пайдалы екенін әрбір ата-ана ескергені жөн.
Қорытындылай келе, бізге талап-тілектерді орындау және білім беру жүйесінің барлық педагогикалық талаптарын орындау бастауыш сынып мұғалімдерінің бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Барлық адам өмірі,
Еңбектен келіп жаралған
Тіршілік, тыныс, рахатын.
Еңбекпенен табылған!
Қолданылған әдебиеттер:
1. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдияров А. Педагогика. Алматы. «Дарын» 2004 ж.
2. Бержанов Қ. Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы. «Мектеп» 1984 ж.
3. Қоянбаев Ж. Б. Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы. 2000 ж.
4. Құрманалина М. Х, Мұқанова Б. Ж, Ғалымова Ә. У, Ильясова Р. К. Педагогика. Астана. « Фолиант» 2007 ж.
5. Беркімбаева Ш. К, Құсайынов А. Қ. Қазақша түсіндірмелі терминологиялық сөздік. Педагогика. Алматы. 2007 ж.
6. Әбдікәрімова Т, Рахметова С, Қабатаева Б. Алматы. « Атамұра» 1999 ж. Ана тілі 3 сынып.
7. Оралбекова Т, Дүйсебаева Қ, Алматы « Атамұра» 1999 ж. Еңбекке баулу 3 сынып.
8. Раупова Н. А, Төлебиев Ә. Т, Алматы «Атамұра» 2009 ж. Бейнелеу өнері 2 сынып
9. Уәйісова Г. И, Балақаев М. Б, Жұмабаева Ә. Е. Алматы « Атамұра» 2003 ж. Қазақ тілі 3 сынып.
10. Қоянбаев Р. М, Ыбырайымжанов Қ. Т. Педагогикалық сөздік. Түркістан 2006 ж.
11. Асенова Н: « Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлының педагогикалық мұрасындағы еңбек тәрбиесі мәселелері» « Бастауыш мектеп» № 11, 12. 2006 ж.
12. Жұмахан К. «Еңбек тәрбиесі-адам өмірінің дамуының басты құралы». «Бастауыш мектеп» №3. 2005ж. 15-б.
13. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана. 2010ж.
14. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы. 1998ж.
15. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. Алматы, РБК. 1988ж.
16. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы. 2003ж.
17. Егемен Қазақстан. 18 шілде. 2000ж.
18. Жетісу газеті. 2002ж.сәуір, 2007ж. наурыз.
19. Мөлдір бұлақ журналы. №9 қыркүйек. 2006ж.
20. Мектептегі технология №2.2008ж.
21. Ұлан газеті. Шілде. 2002ж.
22. Тәрбие құралы. №6. 2006ж
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |