Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3742 |
|
|
|
Табиғат – біздің екінші үйіміз
Сабақтың тақырыбы: Табиғат – біздің екінші үйіміз
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту.
Білімдік : Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілетін арттыру;
Дамытушылық: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Сөйлем мүшелерін қайталау.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу.
Көрнекілік материал: электрондық оқулық, суреттер, карточкалар, тірек- сызба, слайдтар.
Сабақтың түрі: білім сайысы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ – жауап, іздендіру, дәлелдеу,
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, ән- күй.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру.
І. Мұғалім сөзі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
- Балалар, біз өткен сабағымызда табиғаттың бізді қоршаған орта және байлықтың көзі, біздің еліміздің табиғатқа бай екендігі туралы әңгіме еткен болатынбыз.
Ал, бүгінгі сабағымыз табиғат – біздің екінші үйіміз екені, оны қорғау жайында болмақ.
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жеріне әсер тигізеді. Сондықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою, өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді.
Табиғат сырын терең білмей, оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соғатынын өмір өзі дәлелдеп отыр...
2.Ой шақыру. «Табиғат – біздің екінші үйіміз»
3. Электорондық оқулықпен жұмыс. Қызығушылықты ояту.
1. Бейнефильм « Қазақстанның табиғаты» Тыңдап, көріңіз.
2. Мәтінмен жұмыс. «Табиғатты қорғандар!» мәнерлеп оқу.
3. Диалог . Тыңдап, өзара сөйлесу
4.«Өзіңді тексер» тапсырма жұмысын орындау
1. Бастауыш пен баяндауыш арасына сызықша қойыңыз.
Табиғат пен адам біртұтас.
Су тіршілік көзі.
Табиғат тірі дүние.
Айлақтың аты Байқоңыр.
Жер біздің ортақ үйіміз.
2. Мітінді мәнерлеп оқы
Табиғатты қорғандар!
Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз қажет.Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде “Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктрді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты “ Қызыл кітап “ деп атайды.
3. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жазыңдар.
Ту ...ан жер таби...аты – хал... ымыздың ұлт..ық мақтанын...шы.
Сонд...қтан оны а...лап қор... ауға үлес қ...су – бізд..ң азама...тық бор...шымыз.
4.Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз.
Адам баласы табиғатты ... .
Біз бұлақтардың көзін ... .
Су мол болса, астық та ... .
Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ... .
Экология төмен аймақтарымыз көбейіп ... .
Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады
Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз.
5. Сөзжұмбақ №2 ( ҚР өзіңді тексер) Қазақстанның қорықтары.
6. Ассоцияция құру. «Табиғат» деген сөзді естігенде сендер қандай ассоцияцияларды көз алдыңа елестетесіңдер. Сендер бір сөзбен тек осы тақырыпқа үш минут ішінде тән белгілерді еске түсіп жазыңдар.
Сонымен, « Табиғат» - бұл...
7. Рөлдік ойын « Тілшімен сұхбат»
Сұрақ : Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?
Жауаптар:
1.Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі.
2.Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.
3.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.
4.Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су жағасына қоқыс үйіндісін төгеді.Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады.
Сұрақ: Табиғат – тіршілік бесігі. Сондықтан табиғатқа адамзат өз тарапынан қамқор болу парыз. Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?
Жауаптар.
1. Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау;
2. Табиғатты аялап ұстау, Бүлдірмеу. Табиғатты қорғау жөнінде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу.
3. Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу.
9. « Жер – Ана» Мәнелеп оқу.
10. Үй тапсырмасы: 1)« Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына өздеріңнің ойларыңды, адамзатқа айтар сөздеріңді эссе ретінде жазып келіңдер. 2) Табиғат, жер, ағаш туралы мақалдар жазып келіңдер.
11. Бағалау
12. Қорытынды: - Бүгін сабақта біз не туралы айттық
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |