Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ тілі Кітаби тілдің стильдік тармақтары


Қазақ тілі Кітаби тілдің стильдік тармақтары

Қазақ тілі Кітаби тілдің стильдік тармақтары

Бөлімі Бөлінген   сағат Сабақтың мақсаты мен түрлері Уақыты
Кіріспе бөлім
1 1. Модуль құрылымымен, мақсатымен, міндеттерімен  таныстыру.
2. Жаңа тарауды тірек сызбалар арқылы түсіндіру.
3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
4. Қорытынды. Үйге тапсырма. 5 минут
 
15 минут
 
20 минут
5 минут
 
Оқу материалын меңгерту
1. «Өзара оқыту» сабағы
2. Қорытынды. Үйге тапсырма
40 минут
5 минут
 
3
Білімді дамыту
1. «Алгоритм» ойыны 
2. Топтамамен жұмыс
3. Үйге тапсырма
20 минут
20 минут
5 минут
 
4 Білімді дамыту
1. «Өз жартыңды тап» ойыны
2. Жаттығулар жұмысы
3. Қорытынды. Үйге тапсырма
20 минут
20 минут
5 минут
 
5 Білім, білік, іскерлік дағдыларын  пысықтау
1. Бір-біріне диктант жүргізу
2. Жаттығулар жұмысы
25 минут
20 минут
 
6
Білім, білік, іскерлік дағдыларын  пысықтау
1. «Даналық ағашы» сабағы
2. Шығармашылық жұмыс
3. Қорытынды. Үйге тапсырма.
20 минут
20 минут
5 минут
 
7
Білім, білік, іскерлік дағдыларын  қорыту, бекіту
1. «Білім биржасы»
2. Қорытынды. Үйге тапсырма.
40 минут
5 минут
 
8 Білім, білік, іскерлік дағдыларын  қорыту, бекіту
1. «Бас қатырғылар базары» 
2. Жаттығулар жұмысы
3. Қорытынды. Үйге тапсырма
20 минут
20 минут
5 минут
Қорытынды бөлім
9 1. Тест 
2. Диктант 25 минут
20 минут
 
10
1. Қатемен жұмыс
2. Сынақ
3. Қорытынды 15 минут
20 минут
10 минут
 
 
Мақсаты:
А) тәрбиелік: өзін - өзі бағалай білуге, еңбек сүйгіштікке, сыйластыққа тәрбиелеу
Ә) дамытушылық: сөздік қорларын, ой өрісін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту
Б) білімділік: кітаби тіл оның стилдік тармақтары, түрлері, ерекшеліктерімен қолданылатын орындарын меңгерту
Міндеті : оқушы нені білу керек?
- Кітаби тіл, айырым белгілері
- Монолог, оның түрлері
- Стильдік тармақтар, оның түрлері, ерекшеліктері, бір – бірінен ажырату  
 Оқушы нені меңгеру керек ?
- Кітаби тіл және оның айырым белгілері
- Стилдік тармақтар     
I. Пайданалынатын әдебиеттер
1. М. Жанпейісова «Модульдікоқыту технологиясы»
2. Қ. Ибрагимов, Б. Базарғалиева. «Қазақ тілі»
Оқулық тест, Алматы «Шың» 2007
II. Шығармашылық жұмыстардың тапсырмалары
1. «Кітаби тіл» Сөз жұмбақ
2. «Кітаби тіл стильдері әлемінде» ертегі құрау
3. «Кітаби тіл» ребус құру 
    
 
   Кіріспе бөлім
1- сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Модульдің құрамын, мақсатын, міндетін түсіндіру 
Кәсіби тіл, оның айырым белгілері
1. Монолог, оның түрлері
2. Сипаттау
3. Баяндау
4. Пайымдау
5. Кітаби тілдің стильдік тармақтары
6. Ресми іс қағаздар стилі
7. Ғылыми стиль
8. Көркем стиль
9. Публицистикалық стиль
10. Орфографиялық норма
11. Орфоэпиялық норма
                              Визуалдық лекция
- Кітаби тіл – жазу дәстүрі арқылы бөлігін бір жүйеге түскен орныққан нормалары, стильдік жанрлық тармақтар бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл
- Кітаби тіл монолог түрінде болады
- Монологтің мағыналық түрлері
1. Сипаттау
2. Баяндау
3. Пайымдау
- Кітаби  тілдің стильдік тармақтары
1. Ресми стиль
2. Ғылыми стиль
3. Көркем стиль
4. Публицистикалық стиль
- Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары болады
1. Орфографиялық норма
2. Орфоэпиялық норма
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сипаттау Баяндау Пайымдау
Зат пен құбылыстың  негізгі белгілерін атайды. Зат пен құбылыстың өзара байланыстылығы, қатсытылығы айтылады. Зат пен құбылыстың салдары, себептері көрсетіледі
 
 
 
 
Ресми стиль Ғылыми стиль Көркем стиль Публицистика-лық стиль
Қолданыла-тын орны Іс- қағаздарында нұсқаухаттар-да, құқықтық қарым-қатынас саласында Ғылыми еңбектерде, зерттеулерде, ғылыми ортада, ауызша түрі қолданылады. Газетте, саяси-қоғамдық журналда жазбаша түрі жиналыстарда, радио-теледидарда ауызша түрі қолданылады. Көркем шығармаларда, сахнада айтылатын әңгіме, аңыздарда ауызша түрі қолданылады.
Қарым-қатынас мақсаты Хабарлау, нақты мәліметтер беру Зат, құбылыстық, дүниенің белгісін көрсету, себеп-салдарын ашу Көпшіліктің назарын аудару, іске жұмылдыру, бір мақсатқа үндеу   қоғамдық пікір туғызу. Шындықты, зат-құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету
Стильдік сипаты Ресмилік, нақтылық , дәлдік. Ой, сөз дәлелді, тура мағынада қолданылады. Сөз үндеу, жұртшылықты жұмылдыру, иландыру мәнінде жұмсалады. Сөз деректі образды мәнде қолданылады. Эмоционалды, экспрессивті болады.
Тілдік амал-тәсілдері Сөз, сөз тірекстері тілдегі өз мағынасына сай жұмсалады. Ғылыми терминдер жиі қолданылады. Бағалауыш сөз, жалпы саяси лексика, терминдер, күрделі тіркестер жиі кездеседі. Сөзді әр түрлі ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады.
 
 
 
 
 
                                                            
 
 
 
                   
 
 
 
 
    Сөйлесу бөлімі
                2 – сабақ «Өзара оқыту сабағы»
                   ойыны  (меңгеру, дамыту)
Мақсаты
А) білімділік: Кітаби тілмен оның айырым белгілерін меңгерту.
Ә) дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту
Б) Тәрбиелік: Өзара сыбайластыққа бірін – бірі бағалай білуге тәрбиелеу.
Ойынның шарттары: Жұмыс топқа бөлініп жүргізіледі, әрбір оқушы тапсырма алады. Кітаби тіл тақырыбы бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп алады, жоспар – конспекті жасау. Жұптардың әр мүшесінде өз тапсырмасы бар ( 1 – нұсқа немесе 2 – нұсқа). Дайындалуға 10 -15 минут беріледі
2. Дайындалғаннан соң оқушы (1 – нұсқа жазғанын пайдалана отырып, өз меңгергенін серігіне айтып береді, мұғалім рөлінде болады)
3. Рөлдері ауысады.
 4. Тапсырмалары бар тақырыптар парақтар таратылады. Оқушылар тыңдаған материалы бойынша тапсырмалар орындайды.
1. Бірін- бірі тексереді
2. Тапсырма тексерілгеннен кейін, «оқушы мен оны оқытқан мұғалімге» түрлі-түсті жетондар беріледі. Барлық жұптар бір уақытта жұмыс істейді.
3. Сабақ соңында қорытынды шығарылады.
 
Тапсырма парақтары
I нұсқа
1. Көркем әдебиет стильі дегеніміз не?
2. Стильдік сипаты; қолданылатын орыны
3. Кітаби тілдің жазбаша, ауызша нормалары
4. Публицистикалық стиль дегеніміз не?
 
II нұсқа 
1. Кітаби тілдегеніміз не?
2. Монолог және оның мағыналық түрлері
3. Ресми іс-қағаздары стилі 
4. Ғылыми стиль
 
Дұрыс жауапқа жетондар үлестіру.
Қорытынды. Үйге тапсырма.
51- жаттығу
 
 
 
 
3-САБАҚ «Алгоритм» ойыны
Мақсаты: 1) жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру. 
2) кітаби тілден алған білімдерін дамыту. 
3) бірін-бірі бағалай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу.
Шарты: сынып 4 оқушыдан топқа бөлінеді. Ойын жазбаша түрде жүреді. 
 1-тур. Әрбір ойыншы дәптерлеріне өз аты –жөндерін жазып, бірінші тапсырманы орындайды. Берілген тапсырма жеңілдетілген  3- деңгейдің тапсырмасы болу керек. Орындаған соң дәптерлерін сағат тілімен бір қадам ауыстырады.
2-тур. Алдарына ауысып келген дәптерге тағы аты- жөндерін жазып, 2-деңгейдегі тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалған соң тағы да сағат тілімен дәптер ауыстырылады. 
3-тур. Ауысқан дәптерге тағы аты-жөндерін жазып, стандарттан жоғары (1-деңгей) тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалған соң тағы да сағат тілімен дәптер ауыстырылады. 
4-турда оқушы мұғалім берген дұрыс жауап бойынша алдарындағы орындалған  3 тапсырманы жеке-жеке тексеріп, әрқайсысын «бес» балдық жүйемен бағалайды. 
5-турда оқушылар дәптерлері сағат тілімен ауыстырылып алдарына келеді. Соңынан бағалары бағалау парақтарына түсіріледі. 
Тапсырма:
1. Кітаби тілдің стильдік тармақтарын жаз. 
2. Әр стилдің қолданылатын орындары мен қарым –қатынас мақсаты.
3. Айтылуы мен жазылуында өзгеріс бар сөздерді қатыстырып сөйлем құрап, синтаксистік талдау жаса.
Жаттығулар жұмысы.
53-жаттығу. Мәтіннің стильдік ерекшелігіне талдау жасап, сенімхат жазу.
55-жаттығу. Сыныптас құрбыңызға мінездеме жазыңыз.
 
4-Сабақ «Өз жартыңды тап» сабағы
 
Мақсаты:Есте сақтау қабілетін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.
Шарты: Жұп карточкалар дайындау, біреуінде сұрақтар, екіншісінде жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточканың түсі бірдей болады. Оқушылар кез-келген түсті карточканы таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өз серігін іздеп, бірге отырып жұмыс істейді. 
Карточка № 1
           Монолог, мағыналық түрлері туралы айт
Карточка № 2
           Орфографиялық норманың негізгі қағидаттары.
Карточка № 3
           Қатаң дыбыстардың ұяңданып, езулік дауыстылардың еріндік дауыстыға айналып айтылуына мысалдар келтір.
Карточка №4
           Кітаби тілдің стильдік тармақтары туралы айт.
Топтамамен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалары бар топтамамен жұмыс.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жауап үлгісі: 1. Монолог. 2. Ресми стиьге. 3. Ырықсыз етіс және ауыспалы келер шақ тұлғасында. 
Карточка № 2
   
 
 
 
 
 
 
 
Жауап үлгісі; 1) 1. Ғылыми стиль; үтір, сөз тіркесі, химия. 2. Публицистикалық стиль; Егемендік, өркениет, бағдарлама. 3. Ресми стиль: жүзеге асырылсын, тапсырылсын, баса назар аударылсын. 
   2)  Көркем шығармада, сахнада т.б. Сөздерді ауыспалы мағынада, бейнелеуіш, көркемдегіш құралдар еркін пайдаланылады. 
                            
 
 
 
 
 
 Үйге тапсырма. 67-жаттығу
 
5-сабақ. «Бір-біріне диктант жүргізу» сабағы.
 
Мақсаты: тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, адалдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: сөздік қорын дамыту, сауаттылығын арттыру.
Білімділік сөзжасамнан алған білімдерін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Ойынның шарттары:
Балалар төрт адамнан топтарға бөлінеді. Әр қайсысына мәтіні (диктант) бар карточка беріледі.
Карточкалар нөмірленген (1,2,3,4) Оқушылар мына сызбада көрсетілген жұп-жұбымен отырады:
 
     
 
 
 
 
  Балалар әр жұпта өз мәтіндерін оқып, серігіне жазады да тексереді. Артынан жұптар серігімен алмасады. Ойын барысында үш жұп құрамы алмасады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                         
                                                     
                     
 
 
 
 
Тапсырма
1. Карточка.
Көктеу-қыстау маңындағы қыртысты, құйқалы қоныс. Жайлау жетілгенше осында отырып, жас төлдерді ширатады. Жабағы күзеп, қойдың өлі жүнін алады. Бие байлап, қымыз мұрындық береді. Асау үйретеді.
2. Карточка.
Жайлаудың бәрі бірдей шұралы бола бермейді. Еліміздің әр жерінде жұртқа кең танымал атақты жайлаулар бар. Олар: Қарқара, Шөлкөде, Сырт,Шұбартал, Асы деп аталады.
3. Карточка.
Қабырға-Торғай обылысы Жангелді және Амангелді аудандарының аумағындағы өзендер. Қабырға атауын татар, башқұрт тілдеріндегі «тау баурайы» деген мағынамен байланысты қараған қолайлы.
4. Карточка.
Арқа-батысы Торғай ойпатынан басталып, Шығысы Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Балхаш көліне ұласқан кең дала.
Жаттығулар жұмысы.
58-тапсырма. Мәтіндердің стильдік ерекшелігіне салыстырмалы талдау жаса. Күрделі сөздерді теріп жазыңыз.
60-тапсырма. Мәтін қандай стильде жазылған? Стильдік талдау жасаңыз.
Хаттама үлгісіне қарап хаттама жаз.
 
6-сабақ «Даналық ағашы» ойыны.
 
Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік: бірін-бірі бағалай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, шапшаңдыққа үйрету.
Білімділік:  кітаби тіл туралы білімдерін пысықтау.
Ойынның шарттары:  оқушылар мәтінді жылдам еске түсіріп шығады. Әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақтар құрап қағазға жазып, жүргізушінің  қолындағы сандықшаға салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, неғұрлым толық жауап беруге тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды. Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.
Шығармашылық жұмыс.
1. Өлең шығару. Өлеңді аяқтау.
Қаз-қаз басқан, қаз басқан,
Әзір алға аз басқан
. .  . . .  .. .. .. .. .. .. ,
. . .. .. .. .. .. .. .. .. 
2. Жұмбақ құрастыру.
3. Сурет салу. Кітаби тіл, оның айырым белгілерін қалай бейнелеуге болады?
Қорытынды. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. 70- жаттығу.
 
7-сабақ «білім биржасы».
Ойынның мақсаты: Білім, білік дағдыларын бекіту.
Ойынның шарттары: Конверттерге әртүрлі деңгейдегі тапсырмалары бар қағаздар салынады. Әр оқушы өз мүмкіндігіне қарай тапсырма алып жауап береді. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер» оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акция» алады. Баллдардың ең жоғары мөлшері түстердің санымен анықталады.
Мұғалім – «банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді. Егер сары түс көп болса акциялардың құны төмендейді. Егер жасыл және көктер аз болса онда олардың «құны» артады. Мысалы: көк он, жасыл бесеу болса, онда жасыл акциялар қымбат.
Деңгейлік тапсырмалары.
III деңгей.
1. Кітаби тіл дегеніміз не?
2. Зат пен құбылыстың салдары мен себептері көрсетілетін монолог түрі.
3. Ресми іс қағаздар стилінің қолданылатын орындары. 
Жауабы:
1. Жазу дәстүрі арқылы белгілі жүйеге түскен, орныққан нормалары, стильдік тармақтары, жанрлары бар, қоғамдық қызметі әр алуан түр.
2. Пайымдау.
3. Ресми іс қағаздар стилі құқықтық қарым-қатынас, әкімшілік саласында қолданылады.
II деңгей.
1. Көркем әдебиет стилінің амал-тәсілдерін айт. Мысал келтір.
2. Публицистикалық стиьде қандай сөйлемдер жиі қолданылады?
3. Тарихи – дәстүрлік қағидат бойынша сөздердің жазылуы туралы айт.
Жауабы:
         1. Бейнелеуіш, суреттеме, көркемдегіш құралдар, ауыспалы мағынадағы сөздер еркін
пайдаланылады.
         2. Бұйрықты , лепті, риторикалық сұраулы сөйлемдер жиі қолданылып, сөз қайталаулар кездеседі
         3. Сөздің жазылуы тілдің қазіргі күйіне сәйкес келмейді, сөз үйреншікті болып кеткен дағды бойынша жазылады. Бұл көбіне ағылшын, француз сияқты тілдерге тән.
1 деңгей.
1. Ғылыми стиль туралы толық айтып бер.
2. Сенімхат жаз.
3.Біз адамды сүйеміз, оның өмірі ең қымбат өмір дейміз. Үзіндінің стилін анықтап , кешенді талдау жаса.
Жеңімпазды анықтап, оқушыларды бағалап, сабақты қорыту.        
 
8 – сабақ
«Бас қатырғылар базары»
Сабақтың мақсаты: білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру ; сөздік қорларын, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту ; еңбексүйгіштікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Оқушылар үйде сөзжұмбақ, сөзтізбе, викториналар, ребустар құрастырады да
Сабақты олар шешеді. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер тапқырды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды да атап өтеді.
Жаттығулар жұмысы.
64 – тапсырма. Мына хаттаманың үлгісіне қарап, өздеріңде өткен сынып жиналысының хаттамасын жаз.
69 – тапсырма. Мына мәтіндердің тілдік стильде ұқсастық және айырмашылық бар ма? Талдау жасаңыз. Екі құрмалас сөйлем алып толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Қорытынды. Сабақта  жеңімпаздарды анықтап , оқушыларды бағалау.
Үйге тасырма. 66 – тапсырма.
9 – сабақ.
Сабақтың мақсаты: Кәсіби және оның айырым белгілерінен алған білімдерін, қаншалықты меңгергенін тексеру.
Орындау уақыты:   15минут.
І нұсқа
1.Дыбыстарды түсіріп айту тіліне тән .... белгіге жатады.
2.Қазақ әдеби тілі дегеніміз не?
3.Кітаби тілдің стильдік тармақтары төртеу ма?
4. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
1. Көркем әдебиет стилі.                               а) сипаттау
2. Монолог.                                                     ә) ауыспалы мағыналы сөздер.
3. Ресми стиль.                                                б) терминдер.
4. Ғылыми стиль.                                            в)  Анықтама , хаттама.
5. Термин сөздерді тап.            
а)   Бәдірен, диалог                                           б)  Мұрап, мақал-мәтел
ә)   Сарапшы, қалам                                          в)  Циклон, қос нүкте
6.   Публицистикалық стильдің тілдік белгілері?
а)   Бағалауыш сөздер                                       б)  Көркемдегіш құралдар қолданылады.
ә)   Сөздер өз мағынасында қолданылады.        в)   Терминдер
7.  Сөздердің естілуі бойынша жазылуы қай қағидатқа сай келеді?
8.  Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде .  .  .    .  .  .   ерекше орын алады.
9.  Қоғамдық-саяси өмірге терминдерді табыңыз.
а)  ақуыз, жасуша                                                       б)  Нарық, кеден, кәсіпкер
ә)  ядро, қабықша                                                        в)  Тенор, аспап, бас.
10. Зат есімднрше түрленетін , әрі іс-әрекеттің атауы болатын етістіктің түрі.
а) есімше         ә) етіс             б) көсемше              в) тұйық етістік
II  нұсқа
    1.Ақпарат құралдарының тілі қай стильге жатады?
а) Публицистикалық стиль                                    ә)  көркем әдебиет стилі
б) ресми стиль                                                         в)  Ғылыми стиль
2. Қай стильде  бейнелі мағынада астарлы түрде қолданылады?
3. Ғылыми стильде  . . .  . . .   жиі қолданылады.
           4. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
1. Көркем әдебиет стилі.                                      а)  сипаттау
2. Монолог                                                             ә)  ауыспалы мағыналы сөздер.
3. Ресми стиль                                                        б) терминдер
4. Ғылыми стиль                                                    в)  Анықтама , хаттама
5.  Ресми құжат – кепілхат қандай жағдайда жазылады?
   а) анықтама алу үшін            б) белгілі бір құндылықтың алынғанын куаландыру үшін
   ә) айып төлеу                          в)  төлқұжат алу үшін
6.  Қиысуды табыңыз.
   а)  Заңды құрметтеу                б) біздің заманымыз
   ә)  күн жылыды                        в) қызыл көрпеше
7.   . . .   . . .    қағидат бойынша сөз үйреншікті болып кеткен дағды бойынша жазылады.
8. Сипаттауда зат пен құбылыстың  . . .  белгілері айтылады.
9. Кәсіби сөзді көрсет.
    а) қанат, мінез                         б) мұрап, ау
    ә) келер, жазар                        в) су, теңіз
10. Сөздер өз мағынасында қолданылатын стиль түрін айт.
    а) Публицистикалық стиль                ә) көркем әдебиет стилі
    б) ресми стиль                                     в) Ғылыми стиль
Диктант.
 
Қаз дауысты Қазыбек 
      Қазыбек би орта жүзден шыққан. Әкесінің аты – Келдібек. Ұлы әкесі – Шаншар. Анасы Тоқпейіл өте ақылды, сыпайы адам болған. Қазыбек алты баланың ішіндегі ең үлкені. Қалмақтың ханы Қоң тажы: «Сенің даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, сондықтан сенің атың Қаз дауысты Қазыбек би болсын», депті. 14 жасында Қазыбек елші болып, қалмақтың ханын таң қалдырған. Қоңтажы Қазыбекке жау болса да, Қазыбектің ақылдылығын, шешендігін бағалап, онымен туыс болғысы келеді. 
«Даудың артын қыз бітейді, 
Судың артын шым бітейді, 
Не қыз ал, не қыз бер,» - дейді Қоңтажы Қазыбекке. 
 
10 – сабақ. Қатемен жұмыс.  Сынақ. 
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сауаттылығын арттырып, лаған білімдерін қорыту
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 
Қатемен жұмысқа 10 минут уақыт беріледі. Оқушылардың ортақ қателеріне түсінік беремін. 
Сынақ тапсырмасы:
№1 
1. Кітаби тіл дегеніміз не?
2. « Жазу дәстүрі» деген сөзге фонетикалық талдау жаса.
 
№2 
1. Монолог деген не?
2. Ресми стиль деген не?
 
№3
1. Сипаттаудың белгілерін атап көрсет.
2. « Бие байлап, қымыз мұрындық береді». Сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 
 
№4
1. Ғылыми стильдің ерекшеліктері қандай?
2. Баяндау деген не?
 
     №5
1. «Жайлау» тақырыбына мәтін құрастыр. Монологтің қай түрін қолдандың?
 
      №6 
1. Көркем әдебиеттің стилінің қарым-қатиынас құралы, стильдік сипатын түсіндір. 
2. Пайымдау деген не? 
 
№7
1. Публицистикалық стильдің амал –тәсілдерін ата.
2. Кітаби тілдің қандай нормаларын білесің?
 
       №8
1. «Біздің сынып» тақырыбына мәтін құрастыр. Стиль мен монологтің қай түрі кездесті?
 
        №9 
1. Стильдік тармақтардың қарым-қатынас мақсаттарын жекелеп түсіндір. 
2. Ресми іс қағаздар стилі деген не?
        №10
1. Стильдердің тілдік амал – тәсілдерінің ерекшеліктерін айт.
2. Орфографиялық норманың қағидаттары туралы не білесің

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Стилистика және тіл мәдениеті. Сөздердің стильдік қасиеттері
Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік
9- сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар
Сөздердің стильдік түрлері. Экспрессивтік-эмоционалды лексика
Құттықтаулар
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі
Мақала
Үздік факультативтік оқу бағдарламасы
Тілдік қарым – қатынас туралы түсінік
Қазақ тілі-кемел тіл, сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 31000 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык