Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2080 |
|
|
|
Жер жұмағы - Астана тақырыбындағы
Жер жұмағы - Астана тақырыбындағы
«Ойнайық та, ойлайық» сайысының жоспары
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру,
өз беттерімен ізденуге талпындыру
Астана қаласының көрнекі орындарымен, тарихымен таныстыру.
Құндылықтарымызды бағалап, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ҚР рәміздері, суреттер, слайдтар, кеспе қағаздар.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, сайыскерлер!
Сендерді тілдер мерекесімен құттықтай отырып ,
«Жер жұмағы - Астана» тақырыбындағы «Ойнайық та, ойлайық»
сайысымызды бастаймыз!
Сайыстың кезеңдері:
1 «Сөздерді сөйлетейік»
(Орындары ауыстырылып берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрап шығару)
2 «Жанды суреттер»
(Берілген сурет бойынша қысқаша әңгіме құрау)
3 «Сергіту»
(Жасырылған суреттерді дұрыс тауып айту)
4 «Адасқан әріптер»
(Шашылған әріптерден дұрыс сөздер құрап шығару)
5 «Кім жылдам?»
(Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді жылдам жазып шығу)
Сайысқа қатысушылар:
3 «Д» сыныбы «Астана» тобы
3 «Г» сыныбы «Туған жер» тобы
4 «Д» сыныбы «Атамекен» тобы
4 «Г» сыныбы «Қарлығаш» тобы
Сайыс басталмастан бұрын 3-4 сынып оқушылары ана тілі, тіл туралы, Астана туралы, достық туралы өлеңдерден мәнерлеп үзінді оқиды.
Жәңгір: Астанам – Сарыарқаның биігісің,
Азия құрлығының кіндігісің.
Батырдай жорықтарда қол бастаған,
Баста елді қазағымның бірлігі үшін.
Артем : Астанам – Сарыарқаның төсіндесің,
Ел естен кеткен күнін өшірмесін.
Бауырға бас шеттегі қандастарды,
Оралған Отанына көшін көрсін.
Ділназ: Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Данил: Қазақ жұрты- меймандос,
Қазақ жері- кең-байтақ.
Құшақтарын жайған дос
Ұлыстарға ел ортақ.
Сайыстың тапсырмалары:
1 «Сөздерді сөйлетейік»
- Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
- Қазақстан Республикасының президенті – Н.Ә.Назарбаев
- Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар.
5 «Кім жылдам?»
Топтарға төмендегідей тақырыптар беріледі:
4 сыныптар «Қазақстан»
3 сыныптар «Мектеп»
Жүргізуші: Сайысымыздың шарттары толық орындалған сияқты. Олай болса жеңімпаздарды анықтайтын кез де жетті.
4 «Д» сыныбы «Атамекен» тобы І - орын
3 «Г» сыныбы «Туған жер» тобы ІІ - орын
4 «Г» сыныбы «Қарлығаш» тобы ІІІ - орын
3 «Д» сыныбы «Астана» тобы ІІІ - орын
Құрметті оқушылар, тілдер мерекесіне арналған сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе беруіне ат салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен аяқтағым келіп тұр:
Барам десең болашаққа
Тіліңді таза сақта....
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып өткізілген «Менің Қазақстаным» атты сыныптан тыс ісшараның жоспары
Мақсаты:
- Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, ұлттық озық дәстүрлерден үлгі алып,
халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, үлгі-өнегесін балалар бойына сіңіру.
- Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 20 жыл ішінде жеткен
табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту.
- Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз
үлесін қосатын азамат тәрбиелеу.
Барысы:
Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Сендерді Қазақстан тәуелсіздігінің 20
жылдық мерекесімен құттықтаймын!
-Балалар бідің Отанымыз қай ел?
-Өте дұрыс Қазақстан.
-Ал Қазақстан қандай мемлекет?
-Иә, тәуелсіз мемлекет.
-Қазақстан тәуелсіздігін қай күні тойлаймыз?
- 16 желтоқсанда. 1991ж 16 желтоқсанда ҚР тәулсіздігін алды.
Біздің бүгінгі ісшарамыз да осы Қазақстан тәуелсіздігіне арналады.
Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі- бақи шырқалады,
Республикам- Әнұраным.
( ҚР әнұраны шырқалады )
Әйгілі психологтардың бірі Густав Ле Бан өзінің бір сөзінде: «Жастарға берілген білім деңгейі – болашақта сол елдің қандай болатындығын байқататын көрсеткіш» (Уровень знаний получаемая молодежью – будущий показатель этой страны)деген екен. Болашақ ол – сендер. Яғни, Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Отанды сүю, қорғау, сүйіспеншілік таныту сендердің міндеттерің.Отанға деген ыстық махаббаттарыңды жадыларыңда ұстаңдар!
(Любить,защищать Родину, получать знание – это ваш долг. Любовь к Родине всегда должна хранится в ваших сердцах )
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |