Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Туыстық атаулары


Туыстық атаулары

Туыстық атаулары

Ата-әкенің әкесі, ел-жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтады. Мұндай кісілер төрден орын алады, әрқашан құрмет көрсетіледі. 
Әже-әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын-ел анасы.
Әке-шеше, ата-ана- өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар.
Бала-ата-анадан тараған ұрпақтар, олар «ұл», «қыз» деп аталады. Ұл-шаңырақ иесі, ұрпақ жалғасы деп есептеледі.  
Қыз- басқа елдің болашақ келіні, анасы. 
Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Қазақ халқы бірінші туған баланы «тұңғышым», одан кейінгілерін «ортаншы», ең соңғы туғанын «кенже» деп атайды. 
Немере-ұл-қыздың баласын «немере» дейді. 
Шөбере-немеренің баласы. 
 Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады. 
Аға, апа-бір әке-шешеден туған(немесе туыстың) жасы үлкен жігіт- аға деп аталады. 
Жеңге-ағаның әйелі. Жасы үлкендер үшін «келін», жасы кішілер үшін «жеңге» деп аталатын бұл адамның тәлім-тәрбиелік үшін орны бөлек.
      Қайын іні, қайын сіңлі-жеңгелері үшін күйеуінен кіші ұл- «қайын іні», қыз -«қайын сіңлі» болады. Бұларды жеңгелері әрқашан еркелетіп ұстайды. 
Іні, қарындас, сіңлі өзімен бірге туған жасы кіші ұл ағасы мен әпкесі үшін «іні», қыз бала «қарындас»(ұлға қатысты) не «сіңлі»(қызға қатысты) деп аталады. 
Ағайындылар-бірге туған ағалы-інілі, апалы-сіңлілер. 
Ағайын, туыс-бір рудың адамдары бір-біріне ағайын, туыс деп саналады. Бұлар бір-бірімен жеті атаға дейін қыз алыспайды. 
       Келін- інінің, баланың әйелі.
      Күйеу- бір рудың қызын алған жігіт. 
      Нағашы-ананың туысы.
      Құрдас-туысқандығы жөнінен алыс-жақынына қарамастан, бір жылғы туған адамдар.   
      Тамыр-екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос, сыйлас болып,алыс-беріс жасаса,құрмет тұтса, мұны «тамыр» деп атайды.Олардың бір-біріне сенімі мен достығы өте берік болады.
       Дос – екі адамның  бір-бірінен сыр жасырмай, сыйласып, қиын сәтте қол ұшын беріп пікірі мен мақсаты , арман-мүддесі бір жерден шығуы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Туыстан жақын жоқ, ұмытуға хақың жоқ
Туған-туысқандар.
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Менің отбасым
Біздің отбасымыз
«Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм»тақырыптары бойынша
Отбасы және жастар
Қыз қылығымен, ұл - ұятымен
Менің отбасым
Күн шуағым отбасым
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4986 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык