Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Лексикадан өткенді қайталау


Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: 
а) Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда  қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою.
ә) Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау,СТО,
Сабақтың түрі: бекіту,қайталау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті  тақта,кесте
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
          а) Оқушылардың түгелдеу
          ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Біздің бастапқы сөзіміз лексика тарауын қайталап, пысықтауға арналмақ. 
1. Лекика ғылымы нені зерттейді?
2. Омоним дегеніміз не?
3. Синоним дегеніміз не?
4. Антоним дегеніміз не?
5. Диалект сөз дегеніміз не?
6. Мақал- мәтел дегеніміз не?
7. Табу дегеніміз не?
8. Эвфемизм, дисфемизм  неңдей сөздер?
9. Тұрақты тіркес туралы не білесің?
10. Кірме сөздер неңдей сөздер жатады?
Тапсырмалар
1. Мына үзіндіден көнерген сөзді тауып, көнерген сөздің  қай түріне жататынын айт.
Айтулы ерлер бар екен,
Жүйріктері баптаулы.
Найзалары саптаулы ,
Дұшпанға атар жебесі.
Қорамсақпен қаптаулы.
 
2.Үзіндіден кірме сөзді тап.
 
 Дастархан  жайып құрметтеп,
       Төкті түрлі жемісті
       Жез самаурын қайнаулы,
  Союға бағлан байлаулы.
 3.Антоним сөздерді тап.
 
:    Көл дария, көл болса,
Бай мен жарлы тең болса,
 Диханшылық көп болса,
 Қатерсіз- дағы ел болып
 
Жаман сөз-жанға кірген тікен,
     Жақсы сөз-таусылмайтын ем.
 
4. Төмендегі тұрақты сөздер тіркесінің мағыналарын анықтап,сөйлем құра.
 
     Ит терісін басына қаптады-
     Қыздың жиган жүгіндей-
     Жұмған аузын ашпау-
     Ат ізін салмау-
     Көрер таңды көзімен атырды-
     Көзді ашып-жұмғанша-
     Төбе шашы тік тұру-
 
 
 
 
  уәзір қоза зағип ұры сүгірет глобус ұлыма тереңөзен өткіртіл ғарыш Әдемі,
көрікті пән Итарқсаықиянда еркежан
Эвфемизм  
Дисфемизм  
Кәсібисөз  
Термин сөз  
Табу  
Көнергенсөз  
Жаңасөз  
Синоним  
Кірмесөз  
Тура мағына  
Ауыспалымағына  
Тұрақты тіркес  
Диалект сөз  
 
212,220-жаттығу.
Тест жұмысы
1.Синоним сөздерді тап
А)амандасу,есендесу      В)бал,әсем      С)сұлу,сүлгі      D)тарих,қақпа
2.Ағаш ұсталығына қатысты кәсіби сөзді тап
А)шанышқы                     В)қоза              С)сүргі              D)Керней
3.Эвфемизмге жататын сөзді белгіле
А)бақиға аттанды            В)қасқыр       С)найзағай      D)Мылжың
4. «Мырза жігіт», «кенже бала»сөздері қай сөзге қатысты?
А)тұрақты тіркес             В)табу      С)көнерген сөз
D)Омоним
5.Антонимнің анықтамасы
А)қарама-қарсы сөздер   В)мағынасы жақын сөздер
С)Сыпайы сөздер       D)Дыбысталуы бірдей,мағынасы басқа сөздер
6.Жаңа сөздерді тап
А)космос,самолет    В)кеден,зейнеткер      С)емтихан,әдебиет
D)адрес,помидор 
7.Математика ғылымына байланысты сөздерді тап
А)бөлшек,квадрат     В)жер шары,жұлдыз   С)сақ,тайпа
D)лексика,тарихи сөз
8.Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөзді қалай атайды?
А)Кірме                    В)Диалкет сөз              С)Эвфемизм
D)Кәсіби
9.Тұрақты тіркестің әдеби балмасын анықта «Төбе шашы тік тұрды»
А)суды төкті             В)мақтады                    С)ұрысты
D)қорықты 
10.Мақалдың жалғасын тап
Оқу білім бұлағы...
А)еңбек-ырыстың бұлағы   В)еңбек-бақыттың шырағы С)білім-өмір щырағы
D)жер-ырыстың кіндігі
INSERT  cтратегиясы.
 
Нені білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
Бағалау.
Үйге тапсырма.
221,222-жаттығу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Кірме сөздер. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер
Көнерген сөздер
Лексикадан өткенді қайталау
Тұрақты сөз тіркестер. Синоним. Антоним
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикология
ЛЕКСИКА ТАРАУЫН ҚАЙТАЛАУ
«Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм»тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7525 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык