Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 22025 |
|
|
|
Дауысты дыбыстарды қайталау жаттығулары
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстарды қайталау жаттығулары
Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК:
- бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;
ТӘРБИЕЛІК:
- Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ:
- Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу; Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың типі: білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тірек сызба, карточкалар,алма ағашы, интер белсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: А)амандасу
Ә)түгендеу
Б)оқу-құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
267-жаттығу. Бірыңғай бір дауыссыз дыбыстан басталатын сөйлем ойлап жазу.
ІІІ.Білімді пысықтау.
Дауыссыз дыбыстарды қайталауға арналған жаттығулар.
- Балалар, біздер бүгін дауыссыз дыбысты қайталап, қорытуға арналған жаттығуларымызды бастамас үшін осы дауыссыз дыбыстардың шығу тарихы жайлы аңыз-әңгімемен танысайық.
Аңыз әңгіме.
«Әліппе» ханшайымы барлық әріптерге ән орындаудан жарыс жариялаған еді. Сонда осы жарысқа барлық дауысты әріптер жиналған болатын, себебі олардың дауыстары жақсы болатын және олар ән айта алатын. Барлық әріптер көзге түскілері келді,жеңіске жетуді қалады. Олар өте-мөте тырысып бақты:өздерінің ең жақсы әндерін шырқады. Бұл байқалған жәйт ханшайымның назарынан тыс қалмады. Жарысқа қатысушылардың қайысын жеңімпаз деп жарияласам екен деп,ол түні бойы ойға батты. Себебі олардың бәрі де жарасымды ән салды емес пе.Таң атқаннан кейін біздің билеушіміз өзінің дана шешімін жария етті- ол дауыстылардың сингармонизмі,яғни дауыстылардың сөз ішінде бірыңғай не жуан не жіңішке болып, әуендесіп-үндесіп айтылуы туралы заң шығарды. Дауысты дыбыстар жуан,жіңішке, еріндік, езулік, ашық қысаң болып олар жеке жарасымды қала болып бөлінді.
Ал, дауыссыз дыбыстарды қуатты үш алқапқа жайғастырды.
Ал мұнда дауыссыз әріптер
Бір қатарға тұрыпты.
Дауыс пен шудан
Олар құрылыпты.
Ұяң қала орналасқан,ал бұл қалашықта әрдайым ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Қатаң қалада үйлер бос тұрмайды, олар әрқашан қатаң естілетін дауыссыздар:
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ.
Мұрын жолды үнді алқабы өзінің қонақжайлығымен атақты.Ол өзіне мейман келгенді әрқашан жақсы көреді, атап айтқанда-дауысты У әріпінің келуіне қуанады.
Үнді:р,л,й,м,н,ң.
Ханшайым барлық қаланы екпін теңізінің бойына орналастырыпты.
Ештеңені шатастырып алмас үшін өздерінің визит карточкаларын жасапты. Сол визит карточкаларды сіздерге де пошта арқылы салып жіберген екен, қабыл алыңыздар. (оқушыларға визит карточкалар таратылады)
Міне осылайша дүниеге келген дауыссыз дыбыстарды қайталау үшін мен сіздерді үш топқа бөліп, жарыстыру арқылы білмдеріңізді сынағым келіп тұр. Сол себепті жарысымызды бастамас бұрын психологиялық дайындық жасап алайық.
Психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке.» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту.
- Сыныбымыз жарысады, жарыста біреу жеңіледі, біреу жеңеді сондықтан бізге осыны бақылаушы керек, оны біз қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Орынша апайларыңызға тапсырайық. Ойын соңында өз қорытындысын айтады
1. Тур. Суреттер сөйлейді.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша берліген суреттерді оқиға желісімен орналастырып, әрбір сөзі дауыссыздан басталатын етіп әңгіме құрастыру.
2. Тур. «Талда, жаз, сана»
3 топтан үш оқушы шығып фонетикалық-математикалық талдау жасайды.(дұрыс, қатесіз талдаған оқушыға 10 ұпай беріледі, екінші топтың адамы келіп тексереді) Талдауға берілетін сөздер: 1. 2. 3. Ойнайды
Осы кезде үш топтағы төмен деңгейлі оқушыларға карточкалар беріледі.
Карточкалар.
«К» әрпінен басталатын сөздер.
1. Қыздың аты.
2 Батырдың аты.
3.Құс аты.
4. Жыл мезгілі.
5. Пайдалы кен.
«Б» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ақынның фамилясы.
2.Қаланың аты.
3.Қимыл, іс-әрекет.
4.Оқу құралы.
5. Дыбыстан не құралады?
«М» әрпінен басталатын сөздер.
1. Адам аты.
2.Оқу орны.
3.Бас киім.
4.Сан аты.
5.Іс тігетін құрал.
« Қ» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ұлдың аты.
2. Қаланың аты.
3.Құс аты.
4.Төрт түлік аты.
5.Оқу құралы.
«Ш» әрпінен басталатын сөздер.
1. Әйгілі компазитор аты.
2. Киім аты.
3. Спорттық құрал.
4.Қала аты.
5. Іс тігетін адам.
3. ӘЗІЛ ЖҰМБАҚ- ОЙЫНЫ(анаграммалар, жұмбақтар шешу. Кім бірінші көтереді, сол топ жауап береді.)
1. Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады да көрінеді.
(әріп пен дыбыс.)
2. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,
Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.
(Алфавит)
3. Бір ағашта 37 алма,
Оны алып жемек болсаң
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
(дауысты және дауыссыздыбыстар)
4. Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,
Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.
Ол қай сөздер?
(жаз, қаз)
5. К-ден басталсам,
Маған қарап сабақ айтады.
П-дан басталсам,
Маған балалар жүгін артады.
(карта, парта)
6. Басы-ашық, аяғы-қысаң,
Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.
Саған да ол керек болар,
Өзен-көлге жақын тұрсаң.
(ау)
7. Дыбыс емес, таңба
Оқылмайды, жазылады.
Бірақ сөзден табылады
Ол қай әріп еді?
Ойлап көрші, есіңде бар ма?
(ь,ъ)
8. Жылқышының қолында-
«Ұ» әрпімен,
Ондық саны тобында-
«Ы» әрпімен.
(Құрық-қырық)
9. «С»-мен айтсаң,
Тағам ішем онымен.
«З»-мен айтсаң,
Қағам жерге оны мен.
(Қасық-қазық)
10. «Қ»-мен егер бітірсең,
Ыдыс-аяқ ол бірі.
«Н»-мен егер бітірсең,
Балықтың ол бір түрі.
(табақ-табан)
4. Дәптермен жұмыс. (үш тоқа үш жаттығу беріледі) дұрыс орындаған топқа 15 ұпай, орташа орындаған топқа 10 ұпай, жартылай орындай алмаған топқа 5 ұпай беріледі.)
1-топ 2-топ 3-топ.
1. 285-жаттығу. 278 – жаттығу. 279-жаттығу.
5. Сөйлем қалай дүниеге келеді. Мына сызба бойынша сөйлем құрастыру.(үш топтан үш оқушы шығып тақтаға орындайды, жақсы дұрыс құралған сөйлемге 10 ұпайдан беріледі)
Әріп------дыбыс------буын-------сөз-------сөз тіркесі---------сөйлем.
(егер сөйлемде у дыбысы болатын болса, мінездеме беру)
Бекіту бөлімі:«Бақшаға саяхат» ойыны.
-Балалар, біздің алма ағашындағы алмаларымыз сырт көзге әдемі-ақ, оны жегілерің келіп тұр ғой солай ма?
-Иа, иа, иа
-Олай болса балалар, «Еңбектің наны тәтті» демекші сіздерге біраз еңбектену керек болып тұр, сондықтан іске сәт.
Сұрақтары:
1. Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Мысалмен дәлелде
2. Еріндікжәне езулік дауыстыларды ата
3. Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?
Қауын, жуан, миуа, қияқ, жуу.
4. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
5. Қай жағынан оқысаң да бірдей жазылатын сөз жаз.
6. Сыныптағы аты үнді дыбыстан басталатын балалардың есімдерін ата
7. Дауыссыз дыбыстан басталатын ертегі кейіпкерлерінің атын ата
8. Дауыссыз дыбыстардың сызбасын толтыр.
Қорытынды:Жарыстың қорытындысы айтылады, жеңген топ марапатталады.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
1.Дауысты, дауыссыздар тақырыбына 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру.
2. Сөзжұмбақ, ребустар құрастыру.
-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.
Сөз Дауы-сты жуан жіңішке ашық қысаң Ерін-дік езулік дауыссыз Қа-таң ұяң үнді
О + + + +
Т + +
а + + + +
н + +
Бекіту: Венн диаграммасын толтыру
«К» әрпінен басталатын сөздер.
1. Қыздың аты.
2 Батырдың аты.
3.Құс аты.
4. Жыл мезгілі.
5. Пайдалы кен.
«Б» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ақынның фамилясы.
2.Қаланың аты.
3.Қимыл, іс-әрекет.
4. Тақтаға жазамыз.
5. Дыбыстан не құралады?
«М» әрпінен басталатын сөздер.
1. Адам аты.
2.Оқу орны.
3.Бас киім.
4.Сан аты.
5.Іс тігетін құрал.
« Қ» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ұлдың аты.
2. Қаланың аты.
3.Құс аты.
4.Төрт түлік аты.
5.Оқу құралы.
«Ш» әрпінен басталатын сөздер.
1. Әйгілі компазитор аты.
2. Киім аты.
3. Спорттық құрал.
4.Қала аты.
5. Іс тігетін адам.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |