Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 6275 |
|
|
|
Екпін
Сабақ тақырыбы: Екпін
Сабақ мақсаты :
Білімділік: Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу, екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу;
Тәрбиелік: Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық : Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін дамыту, үндестік заңына сай орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Сабақ типі : Жаңа сабақ
Сабақ түрі : саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау
Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.
ІІ Оқушы білімін жан- жақты тексеру
1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
2.Данышпан атаның сұрақтары :
А) Фонетика нені зерттейді?
ә) Орфография мен орфоэпия деген не?
Б) Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата
В) Үндестік заңы деген не?
Г) Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата
ІІІ Жаңа сабақ
1. Данышпан ата түсіндіреді:Балалар, алдымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын , яғни, « Екпін» сөзінің мағынасын ашып алайық.. Мысалы: Бар екпінімен құлап түсті , екпіндетіп сөйледі, екпіні қатты жел соқты, оқу екпіндісі.Даусы ерекше шықты. Даусы ерекше шықты. Даусы екпінді шықты. Біз екпін сөзін аз қолданбайды екенбіз. Екпін ... күшті , көтеріңкі , қатты , ерекше.Мысалдарға қарағанда екпін мағына жағынан қандай сөз ?
-Көп мағынала сөз
-Ал тіл ғылымында қолданылуы қандай сөз болады?
-Тіл ғылымында термин сөз болады.
-Термин сөз
2. Оқулықпен жұмыс
Ережені түсініп оқу. Екпін нелерге түседі екен? Ереже бойынша атаңдар.
-Бір сөзге. Бір буынға. Бір дыбысқа. Бір тіркеске
Ережені жинақтап, тірек- сызба жасайық..
бір сөздің
бір буынның
Екпін бір дыбыстың көтеріңкі , күшті айтылуы
бір тіркестің
Сөйлеп тұрғанда , бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз
Сөз екпіні
Тіркес екпіні
Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады:екпін сөздің ең соңғы буынына түседі.Мысалы: Мектеп- кеме, білім- теңіз.
Білім-паз- дар-ға. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен.
Орыс тілінде Қазақ тілінде
Замок- құлып Оқу
Замок – қорған Оқушы
Мука- азап Оқушылар
Мука - ұн Оқушыларға
Әдебиет пәніндегі С. Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» үзіндісінен тірек сөздерді атап, сөздерге екпін қойыңдар.
Мектепте үздік оқушыларға «Мақтау қағазы» беріледі.Беріледі сөзіне екпін түспейді. Оны дәлелдеп көрейік.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар сияқты екпін түспейтін сөздің соңғы буынында тұратын қосымшалар болады. Олар : жіктік жалғауы, болымсыз етістік жасайтын жұрнақтар : - ма ,- ме, -ба,- бе,-па,- пе; -тай, -тей, -дай,- дей, - лай,
- лей;
Ұмай ана түсіндіреді: Орыс тілі пәні мұғалімі екпін (ударение) туралы айтып өтеді.
ІҮ Сабақты бекіту
Данышпан атаның тапсырмасы: 343- жаттығу . Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Оқушымын Айтайын Мұздай Айтпа
Баласың Көрелік Оқтай Барма
Адамбыз Айтшы Тастай Сызба
Данышпан атаның тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс
Мұзафар Әлімбаев:
Ұлыстың ұлы күнінде ,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Тапсырма: Өлеңді жатқа жазу. Өлеңдегі сөздерге сөз екпінін қойыңдар.
Ү. Сабақты қорыту
1. Екпін дегеніміз не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3.Сөз екпіні деген не?
4.Екпін түспейтін қосымшаларды атаңдар
ҮІ.Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: С. Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» үзіндісінен ұнаған екі сөйлемге сөз екпінін түсіріп, жазып келу.
Ауылдағы жаз
Күн тау үстінен едәуір көтеріліп қалыпты. Жап – жарық.. Көз ұялады. Үй іргесінен сәл төменірек өзен ағып жатыр.Алыстан қарағанда көпіршігі көкке атқан қымыз секілді. Тау беткейінен қиялай жез діңгекті алып ағаштар сыңсып тұр. Айнала жап- жасыл.
Аманның үй іргесінен аттап шыққаны сол еді, көктен түскендей үлкен бір ит шыға келді. Аяғын баяу басып, балаға қарай жүрді. Аман зәресі ұшып, екі қолын сілкіп, шегіншектей берді.
-Сен одан қорықпа, жаным. Оның да сенімен танысқысы келеді.Ақтөс балаларды жақсы көреді. Олармен дос.Наныңнан үзіп бер.Жерге тастама.Ақтөс, ала ғой, кәрі тарланым ! – деген апасының даусын естіді.(Б.Момышұлы , 93 сөз)
Асан мен Үсен
Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде , қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен жақын жерде көл бар екенін сезді. Өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді. Екеуі қырға шықты. Қырдың төмен жағы үлкен көл екен. Көлдің айналасы да , іші де құжынаған мал. Бір топ жылқы көл ішіне түсіп, белінен құраққа кіріп тұр. Сортаңды жағада түйелер жатыр. Сөйтсе, өз аулының малдары екен.
Малшылар Асан мен Үсенді көрді. Олар да қуанып, біреуі әке- шешелерінен сүйінші сұрауға шауып кетті. Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді. (Ы.Алтынсарин , 93 )
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |