Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тахауи Ахтанов, Күй аңызы


Тахауи Ахтанов, Күй аңызы

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов, Күй аңызы

Сабақтың мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу. 
Міндеттері: 1.Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдап, олардың ара қатынасын анықтайды.
                       2.Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой-пікірін білдіреді.
                       3.Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, бірге қорытынды жасайды.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары (топпен жұмыс, сұрақ-жауап, рөлдегі оқушылар, түсіндіру, баяндау, кейіпкерге хат, болжау)
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Зейіндерін сабаққа аудару
4. Топқа бөлу 1 
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд қосымша көрсетіледі)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақ «Рөлдегі оқушылар» әдісі бойынша жүргізіледі.
А) Топтағы оқушыларды 1, 2, 3, 4, 5 деп санай отырып, нөмір бойынша топтастыру.
1. Баяндаушы (мәтіннің мазмұнын баяндайды)
2. Сөз тапқыш (мәтіннен таныс емес сөздерді табады)
3. Сипаттаушы (кейіпкерлерге жалпы сипаттама береді)
4. Дәнекер (мәтінді өмірмен ұштастырады)
5. Бейнелеуші (оқиға желісімен сурет салады)
Ә) Топтарға мәтін таратылып беріледі, әр оқушы мәтінмен жұмыс жасай отырып, тапсырманы орындайды.
Б) Баяндаушылар мәтіннің мазмұнын баяндап болғаннан кейін, «Нар идірген» күйі үнтаспадан тыңдалады.
В) Рөлдегі оқушылар өздеріне берілген тапсырма бойынша баяндайды.
Г) Мәтінді толығымен талдап болғаннан кейін, оқушылар шығарма кейіпкерлеріне хат жазады. 
Ғ) Хатты оқығаннан кейін, тақырыпты Нұрғиса Тілендиев есімімен байланыстыра отырып, «Ата толғауы» күйі оқушылардың орындауымен тыңдалады.
ІV. Сабақты бекіту:
Балалар! Бүгінгі сабағымызда Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесімен таныстық. «Нар идірген» күйінің шығу тарихынан мағлұмат алдық. Қазақ халқы күй өнерін қадірлеген, үлкен өнер деп таныған. Есімін иеленіп отырған Нұрғиса Тілендиев атамыздың күй құдіретін танытқан ұлы дарын иесі, талантты сазгердің ұрпағы Сіздер де осы атқа лайық өнерлі, мәдениетті, білімді жастар шығатынына сенімдімін.
VІ. Үйге тапсырма: Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау. «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа эссе жазу.
VІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Нұрғиса Тілендиев
Б.Майлин Күлпаш
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы”
Ахтанов, Күй аңызы
Домбыра, бостандықтың ырғағын тарт
Ахтанов «Күй аңызы»
Күйдің нар идірген құдіреті
Күйдің нар идірген құдіреті
Ш.Айтматов "Найман-Ана"
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6407 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык