Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3711 |
|
|
|
Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларға тұрлаусыз мүшелердің сөйлемдегі маңызын ұғындыру
2.Дамытушылық: сөйлемнің мүшелерін ажырата білуге дағдыландыру
3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба
Сабақтың түрі: бекіту сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
44 -жаттығу
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау
Сөйлем мүшесіне талдау
Ол – ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы.
Фонетикалық талдау
Қоңырлау
Сөз табына талдау
Балықшылар тарс еткен дыбыстан қорқып,құрал- саймандарын ала қашты.
Сөз тіркесін тауып қалай байланысып тұрғанын айту
ІV. Cабақты меңгерту
Шығармашылық жұмыс
Жеке оқушыларға карточкалар беру
V. Сабақты қорытындылау.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
Бастауыш
Баяндауыш
Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
VІ. Үйге тапсырма беру.
Ой толғау жазу бір сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау
VІІ. Бағалау.
Берілген сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелерді алып тастап көшіріп жаз
Мағынасы қалай өзгерді айт?
Бір күні кедей адам қалаға дейін жалаң аяқ, жаяу барады. Оның аяқ киімі жоқ. Аяқ киім алайын десе, ақшасы да жоқ. Аяқтарын құм күйдіріп, тастар тіліп кетті. Аяғы жара болып кетті. Ормандағы хайуандардың аяқтары тастан, тікеннен ауырмайды. Олардың аяқтарын қорғайтын бір заттың болатыны белгілі. Ал өзіне сондай мүмкіндік бермеген кедей Алланың әділетсіздігін айтып, тағдырын ойлап қайғырады.
Көп жаяу жүріп, әрең қалаға келеді. Әбден шаршайды. Қаладағы мешіттің алдынан екі аяғы жоқ, қайыр тілеп отырған қайыршыны көреді. Мұны көріп ойланып қалады. “Тағдырыма өкінгенім дұрыс емес екен. Аяқ киімім жоқ болса да, аяғым бар. Ал мына бейшара бір кесек нан үшін әрі-бері зорға жүреді. Тіпті жүре алмайды. Жерде құрт сияқты жылжиды. Ал мен өзім аяғыммен жүремін. Жүремін, нан тауып жеймін. Сонда мен де бақытты екенмін ғой. Бұрынғы жылағаным, шағымым үшін кешіре гөр, АЛЛА!- деп, мешітке кіріп, тізе бүгіп дұға етеді. Өзінің қателігін түсінеді.
Берілген тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерді қосып көшіріп жаз.
Мен келдім. Асан көрді. Анам қуанды. Оқушы оқыды. Сара естіді.
Қуаныш ұйықтап қалды. Айдар келеді.Сәуле айқайлап айтты.Айман мен Маржан кетті
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |