Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 5092 |
|
|
|
Матасу
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:сөз тіркесінің матаса байланысу жолын түсіндіру
2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу, СТО элеметтері
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба ,интерактивті тақта , сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме ? Отырыңдар.
Сөздік жұмыс
Сабағымызда кездесетін қиын сөздермен танысыңдар
Әуелгі- алғашқы , бірінші
Ғибрат- үлгі, өнеге
Игілік- жақсылық
Бүгінгі сабағымыздың айдарымен танысайық. ( Абайдың отыз бірінші қарасөзінен)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрат алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселдерінен қашық болу керек.
Барлығымыз ойымызды жинақтап , сабағымызды бастайық (2)
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. 240- жаттығу мәтінді түсініп оқып ,оның ішінен 5 қиыса байланысқан сөздерді теріп жазу,үлестірме қағаздар тарату
1. Семантикалық карта
2. Графикалық диктант
2. Өткен материалдар бойынша сұрақтар
1. Синтаксис нені зерттейді?
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
3. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
4. Есімді, етістікті тіркес дегеніміз не?
5. Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ата.
6. Қиысу дегеніміз не?(4)
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Жаңа сабағымыздың тақырыбы матасу
Бүгін сабақта сендер сөз байланысуының бір түрі матасумен танысып, оны сөйлем ішінен ажырата алуға үйренсіңдер .
Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ананың тілі - ардақты
Аманат, саған, аманат.
(Қазақтың тілі; ананың тілі )
Бірінші зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында , екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз.(7)
Матаса байланысқан сөздердің бірінші кейде екінші компоненттері түсіп қалып айтыла береді.(8)
Ілік септік жалғауынсыз Тәуелдік жалғаусыз
Ақын(ның) өлеңдері
Ауыл(дың) тұрғандары
Көше (нің) шамдары Біздің сынып(ымыз)
Өзіміздің балалар(ымыз)
Сіздің үй(іңіз)
Матасу - есімді сөз тіркес өйткені оның басыңқы сыңары зат есім немесе тәуелдік жалғау жалғанып заттанған сөз болады.
оқушының кітабы,баланың жақсысы , атаның айтқаны Жақсы – сын есім , айтқан – есімше екеуі де тәуелдік жалғауы жалғанып заттанып тұр.
Сөз тіркеснің құрамына қарай талдау
1. [Сөз +ілік септік жалғауы сөз+ тәуелдік жалғау ]
2. Есімді сөз тіркесі себебі
3. Матасу себебі
4. Дара сөз тіркесі себебі
5. Байланысу тәсілі жалғау арқылы себебі
ІV Сабақты меңгерту
Оқулықпен жұмыс
1. 244- жаттығу Мәтінді оқыту матаса байланысқан сөздерді тауып дәптерге жазып алыңдар.
Бірінші сөйлемге морфологиялық талдау жасау .
Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау
Кітабы сөзіне фонетикалық талдау жасау
Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз [ к] -
Буын түрлері [і]-
Тасымал [т]-
Буын үндестігі [а]-
Дыбыс үндестігі [б]-
[ы]-
Өзіндік жұмыс
2. Сызба бойынша матаса байланысқан сөз тіркесін құрау
Зат есім+ зат есім Сын есім+ зат есім
Сан есім + зат есім Есімдік +зат есім Үстеу+ зат есім
Шығармашылық жұмыс
РАФТ әдісімен ойтолғау жазу
Р- тіл жанашырлары
А- халық
Ф- үндеу
Т- ана тіліміздің қоғамдағы рөлі Оқып, ішінен матасуды табу.
Топтық жұмыс
Диктант (Мәтіннің ішінен матаса байланысқан сөздерді табыңдар)
Қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
V Сабақты қорыту
Венн диаграммасы
Матасу дегеніміз не?
Мысал келтір
VІ Үйге тапсырма 249- жаттығу мәтіннен матаса байланысқан 5 сөз тіркесін жазып ,сөз құрамына талдап келу
VІІ Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |