Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мазмұндама Бірлік


Мазмұндама Бірлік

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама Бірлік

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауаттылыққа баулу мақсатында мазмұндама жүргізу.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сын сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұндамалар жинағы.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. 
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:
а) ¥йымдастыру кезеці.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгендеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә)Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабакта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында мазмұндама жүмысын жүргіземін.
Оқушыларға мазмұндама жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, мазмұндама жұмысының такырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмұнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 181 сөзден тұрады. Содан кейін мәтін негізінде жоспар түзулерін тапсырамын. Осы жоспар негізінде оқушылар мазмұндама жұмысын жазады. Бірлік.
Ауыл маңындағы құм төбешік бейне құрылыс алаңы секілді. Бір топ бала жұмсақ, майда құмнан үйшік қалап жатыр. Самат пен Арман кішкентай машиналарымен тал шыбық тасып жүр. Аспандағы алтын күн де бұларға қызыққандай, арайлы сәулесін аямай төгіп тұр. Осы кезде жайылып жүрген төрт-бес бұзаудың ішіндегі ала қасқа біреуі төбешікке тіке тартты. Басын тұқыртып, кәдімгідей айбат шегеді. Сүзетін түрі бар. Балалар ойыншықтарын тастай салып, жан-жаққа бытырай қашты. Бұзау ойыншық үйлерді иіскелеп тұрды да, быт-шытын шығарып тастап кетті. Помимо образовательного контента, мы предлагаем уникальную возможность развлечения и возможности для обогащения на официальный сайт зеркала Восток Казино . Зеркало казино Vostok предлагает посетителям впечатляющий набор бонусов, включая приветственные бонусы до 600000 KZT, еженедельные кэшбеки и бесплатные вращения, которые делают игровой процесс еще более привлекательным. В ассортименте игр представлены слоты, настольные игры и игры с живыми дилерами от ведущих разработчиков, таких как NetEnt, Playtech и Evolution Gaming, гарантируя высококачественное игровое впечатление для всех любителей азартных игр.
Келесі күн де Мұраттар құм төбешіктің басына жиналып, қираған ойыншық үйлерді қайта салуға кірісті. Сүзеген бұзаудың келгенін байқамай қалды. Бірақ бұл жолы бірде-бір бала қашпады. Қайта қолдарындағы құмды шашып, барлығы қарсы тұрды. Енді сүзеген бұзаудың есі шықты. Тоқтай қалды да, таңырқай басын шайкады. Сонан соң өз жөніне кете барды. Мұрат табалдырықтан аттай беріп:
-Ата, біз бүгін бұзақы бұзауды қуып жібердік,—деді, тершіген танауын сипалап.
—Кім біледі, бұзақы бұзау ертең тағы келер...
—Келсе, келе берсін! Енді одан мүлде қорықпаймыз.
—Міне, қарағым, ұқтың ғой. Бірліктен, достықтан асар күш жоқ!
Алпысбай қарт та немерелерімен бірге қуанды. Балалардың көңілдері көтеріңкі. Құм қалашық сән түзеп, думанға бөленген.
Міне, осылайша мәтінді окып болған соң осы мәтін негізінде жоспар түзуін тапсырамын. Жоспар төмендегіше:
1. Құм үйшік.
2. Сүзеген бұзау.
3. Қайта салынған үйлер.
4. Қарсылық көрсету.
5. Бірлік күші.
Сабақтың қорытындысы:
 
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Мазмұндама жұмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
3. Үйге тапсырма: «Сынып бірлігі» тақырыбында шығарма жазып келу.
Тексердім:

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мәтіннің түрлері
Жаралы құс
Қамалдың қатесі
Мазмұндама «Аңшы балалары»
Арыстан мен қозы
Үстеуден өткенді қайталау
Тоғызқұмалақ
Сан есімнің зат есіммен байланысы. Дене тазалығы
Сабақты етістік пен салт етістік
Халықаралық әйелдер күні
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 47328 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык