Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ тілінен бақылау диктанты


Қазақ тілінен бақылау диктанты

Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып
ІV тоқсанның қорытындысы
Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау,  сауаттылықтарын тексеру.
Міндеттер:  Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде  меңгергендерін тексеру.
• Етістік
• Көптік жалғаулары
• Сан есім 
• Жіктік  жалғаулар
• Фонетика
• Сөздік қорын анықтау
• Есте сақтау
Жазда
      Біз жазда демалысқа шығамыз. Әркім әр жаққа қонаққа барады. Менің досым ауылға барғанды жақсы көреді. Ауылда жақсы демаласың, туыстарыңды көресің. Аталар мен әжелердің жақсы әңгімелерін тыңдайсың. Үлгі алып, есте сақтайсың 
    Мен атаммен жайлауға барамын. Жайлаудың шөбі шүйгі, суы мөлдір, ауасы таза. Әжеме бақшада көмектесемін. Әжемнің бақшасында жемістер, көкөністер жақсы өседі. Осылай мен жазды өте көңілді өткіземін. 
   (56 сөз)

Тапсырмалар.
І нұсқа
ІІІ деңгей
1. Сан есімдерді сөзбен жаз: 17,37, 48
2. Дыбыстық талдау жаса: жайлау
3. Мына сөзді жікте: бар

ІІ нұсқа
ІІІ деңгей
1.Сан есімдерді сөзбен жаз: 19,24,58
2.Дыбыстық талдау жаса: бақша
3.Мына сөзді жікте: кел

ІІ деңгей.
І нұсқа
1.Сөз құрамына қарай талда: көмектесемін 
2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:
ІІ нұсқа
1. Сөз құрамына қарай талда: тыңдайсың
2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:

І деңгей
І нұсқа
1. Жазғы демалыс  туралы диалог құрастыр
2. Еңбек туралы мақал жаз

ІІ нұсқа  
1. Ауылдағы достар туралы диалог құрастыр.
2. Білім туралы  мақал жаз
Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:
Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса – «3» (50%)
Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса -  «3» (75%)
Үш тапсырма да қатесіз орындалса  - «5» (100 %)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппеге дейінгі кезең
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Жемістер
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Қазақ тілінен эмтихан билеттері
Екі дос. Септік жалғаулары
Қаратпа сөз. Төл сөз. Диалог
Астана – Бәйтерек
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4647 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык