Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3949 |
|
|
|
XXI- ғасыр көшбасшысы
XXI- ғасыр көшбасшысы
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
«БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
-------адам қатысады.
1. Жүргізуші қатысушыларға сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
1-сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? (Ә. Қашаубаев)
2-сұрақ. “Оянған өлке” романының авторы. (Ғ. Мүсірепов)
3-сұрақ. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (модем)
4-сұрақ. Нөл температурада су неге айналады? (мұзға)
5-сұрақ. Алғаш Нобель сыйлығын алған физик? (Рентген)
6-сұрақ. «Жеті жарғы» шығарған хан? (Тәуке)
7-сұрақ. Температураны өлшеуге арналған прибор? (термометр)
8-сұрақ. Шетелге шығарылатын тауар? (экспорт)
9-сұрақ. Аспан денелеріне аты берілген ғалым? ( Қаныш Сәтбаев)
10-сұрақ. Адам үндес музыкалық аспап? (қобыз)
Кілті
1/б; 2/а; 3б; 4/а; 5/б; 6/ә; 7/ә; 8/ә; 9/а; 10/ә
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
«Гамма»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
----- адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады.
1. Екінші турда ойыншы нотаны таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда ең аз ұпай жинаған ойыншы бірінші болып таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.
І до
1. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)
2. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)
3. Қысымды қандай құралмен өлшейді ?(Барометр)
4. Махамбет Өтемісұлы қай жылы дүниеге келген? (1803 ж)
5. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)
6. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті ?(Билл Гейтс)
7. Ең терең көл? (Байкал)
8. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қай жылы ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілді? (1995)
ІІ ре
1. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология
2. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(аксиома)
3. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ?(Ньютон)
4. Шоқан Уәлиханов Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін қай жылы аралайды? (1856-57ж)
5. Ең үлкен дүние бөлігі?(Азия)
6. Жердің табиғи серігі? (ай)
7. Грек авторлары «Азиялық скиф» деп атаған тайпалар? (сақ тайпасы)
8. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» кімнің өлеңі? (А.Құнанбаев)
ІІІ ми
1. Екі адамның сөйлесуі?(Диалог)
2. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)
3. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
4. Республикадағы ең ірі көмір кен орны (Қарағанды)
5. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» жинағы қай жылы басылып шықты?(1879ж)
6. Қасиетті тағам? (нан)
7. Студентке төленетін айлық? (стипендия)
8. Балқожа бидің тәрбиесінде болған кім?(Ы.Алтынсарин)
ІV фа
1. Дыбыстың жазба таңбасы? (әріп)
2. Еуропаның «Сүт фермасы» деп аталатын мемлекеті? (Дания)
3. Ұрып-соғатын қару? (шоқпар)
4. Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жылы дүниеге келді?(1858 ж)
5.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Т.Әубәкіров)
6. Көне заттарды сақтайтын орын? (мұражай)
7. «Қызғыш құс» өлеңінің авторы кім? (М.Өтемісұлы)
8. Томирис кім? (сақ патшайымы)
V соль
1. Сөздің түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады?(түбір)
2. Еліміздегі ең биік тау шыңы? (хан тәңірі)
3. Махамбет қай жылдары Батыс Қазақстандағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жыршысы, ұйымдастырушысы болды? (1836-1838)
4. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің қаншасы біздің еліміздің қойнауында бар? (99)
5. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы? (Бердібек Соқпақбаев)
6. Қой пірі? (Шопан ата)
7. Қырғыз халқының «Манас» дастанын зерттеген ғалым? (Ш.Уәлиханов)
8. «Тоғызқұмалақ» ненің атауы?(ойын)
VІ ля
1. ҰБТ қандай сөз? (қысқарған сөз, ұлттық бірыңғай тістілеу)
2. Есік қаласынан табылған «Алтын адам» сүйегін тапқан археолог кім?(К.Ақышев)
3. Бір ғасырда неше жыл? (100 жыл)
4. Абай өмірі туралы жазған жазушы. (М.Әуезов)
5. Арабиядағы қасиетті бас қала? (Мекке)
6. Сөз өнер жарысы? (айтыс)
7. «Еуропаға ашқан терезе» сықылды болды- деп Потанин кім туралы жазды?
8. Тілдер мерекесіқашан тойланады? (22 қыркүйек)
VІІ си
1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді? (3)
2. Ең кішкентай құс? (колибри)
3. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
4. Оңтүстік астана қай қала?(Алматы)
5. А.Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары? (1845-1904)
6. Тұңғыш қазақ журналы?(«Айқап»)
7. Түйе пірі? (Ойсылқара)
8. «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» кімнің еңбегі? (Ш. Уәлиханов)
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
” ДОДА ”
1. Турға үш адам қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді. Бірінші болып ең жоғары ұпай саны бар ойыншы таңдайды
2. Қатысушыларға мектептен тыс 3 тақырып берілген. «Салт-дәстүр», «Спорт», «Тұлғалар». Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10; 20; 30; 40 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады.
10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур (овертайм) өткізіледі.
Тұлғалар
10. Туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде ерекше орын алады. Өйткені оған дейін қазақ жазба әдебиетінде көркем проза әлі қалыптаса қоймаған еді. Ол Еуропалық үлгідегі шағын көркем қара сөз жанрын қазақ оқырманына әкелді. Жалғаулық, надандық, залымдық, зұлымдық, тәкәппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Ол кім? (Жауабы: Ыбырай Алтынсарин)
20. Сарқылмас мұрасы қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың таусылмас қазынасы десек те болады. Оның даналығы – үлкен ірі философиялық мәселелерді шешуге тән ислам дінінің қағидаларын арқау етуі. Оның пайымдауында адамның бойындағы барша ізгіліктің басы отбасынан басталады. Бұл қай тұлғаның мұрасы? (Жауабы: Абай Құнанбаев)
30. Оның өлеңдері адамның жас кезінде атқарған істерінің бәрі де мәнді, көркем, ал жасың
ұлғайған сайын оның мәні де, сәні де азая бермек. Кәрілік кезеңі адамның қартайып, тозуы ғана емес, сонымен қатар ақыл-ойының да тоқырайтын, ортаятын кезі дегенді тұспалдайды. Ол кім? (Жауабы: Шәкәрім)
40. Поэзия туралы: «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулердің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы, не қобызшы музыканттар тастап кеткен» - деген кім? (Жауабы: Шоқан Уәлиханов)
Спорт
10 Тоғызқұмалақтан 6 рет Республика чемпионы болған кім? (Әбілдә Ақшораев)
20 Қазақта тұңғыш дүние жүзінің чемпионы атағын алған палуан (Қажымұқан Мұнайтпасов)
30 Грек-рим күресінің қас шебері, 1980 жылы Мәскеу олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, қазақтың абыройын асқақтатқан кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
40 Дүние жүзіндегі ең биік шың Джомолунгманы (Эверест) бағындырған (8848м) қазақ альпинисі кім? (Қазбек Уәлиев)
Салт-дәстүр
10. Сүйінші дегеніміз не? (Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші, сүйінші деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағанынды ал дейді, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.)
20. Балалары ер жетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік мал береді. Мұны не деп атайды? (енші)
30. Байғазы дегеніміз не? (Балалардың жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.)
40. Жас адам алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұнда арнаулы мал сойылып, кең дастархан жасалады, өлең айтылады... Бұл сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі. (тоқым қағар)
Овертайм сұрағы: Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейханұлы)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |