Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4202 |
|
|
|
Жалғау
Сабақтың тақырыбы: Жалғау
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға түбір сөзге жалғанатын қосымшалар- жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін түсіндіру, жалғау мен жұрнақты айыра білуге үйрету,жаттығулар орындату арқылы білімдерін нығайту, сауатты,көркем жазуға қалыптастыру.
2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру,сөздік қорын байыту, ізденімпаздыққа жетелеу.
3.Тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігІ : интерактивті тақта
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сатылай кешенді талдау
1.Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушылардың назарын пәнге аудару
ә) Психологиялық дайындық
Қазақ тілі-
Атаң,Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған...
Қазақ тілі-
Халық тілі
Тіл аманда-
Халық тірі...
Ө.Ақыпбекұлы
Мұғалім: -Балалар, біздің ана тіліміз - қазақ тілі.Ол бізге анамыздың ақ сүтімен дарыған.Бізге өз тілімізді терең меңгеруге қазақ тілі пәні көмектеседі.Сондықтан да қазақ тілі пәнін жетік меңгеруге тырысайық.
2.Өткенді қайталау.
-Біз сөздің мағынасы, құрамы туралы түсінік алудамыз.
-Сөз дегеніміз не?
-Сөздердің қандай түрлері болады?
-Мәндес сөздер,қарама-қарсы мағыналы сөздер,әртүрлі мағыналы сөздер, түбір сөздер,туынды сөздер.(ережелерін еске түсіру,тақтадағы тапсырмаларды орындату)
3. «Кел,балалар ойнайық,
Сөздің мәнін ұғайық » бөліміндегі тапсырмалар:
Қарсы мағыналы Мәндес сөздер Әртүрлі мағыналы
сөздер сөздер
қымбат-арзан ақылды, есті, бұрыш
өткір- жақында, нан
асау- нәресте,
жүйрік- құрметті
4.Ойлан да ,есіңе түсір! (әдебиеттік оқу пәнінен алынған өлеңдер)
а)Үзінділердің қай өлеңнен екенін есіңе түсір
ә)Өлеңде кімдер туралы айтылған
...Бармағынан бал тамған,
Ол-еңбекқор дарқан жан...
...Аспан,аспан арайлым,
Саған жиі қараймын,
Сені көзбен шоламын...
Мен ... боламын.
Ойна бірақ ... боп,
Ойна бірақ ... боп.
б)Омарташы, ғарышкер, биші, күйші сөздерін түбір мен қосымшасына айырып жазу.
в)Ғарышкер сөзіне сөзсазындық талдау жасау.
5.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
Сөзжұмбақ шешу
1.а,о,ы,ұ-қандай дыбыстар
2.Бірдеңе жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
3.Адамның көңіл күйін білдіретін сөйлем
4.Туыс сөзінің мәндес сөзі
5.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
6.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем
Сөздің мағынасын өзгертпей түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз.Жалғау сөз бен сөзді байланыстырады. Жалғаудың белгісі-
6.Жаңа сабақты пысықтау
Сөздерге тиісті жалғауды қосып жазып.түбірі мен қосымшасын белгілеу
Әже... Жәмила... ою оюды үйретті.
Адам... таза ауа керек. Кітапхана... қызық кітаптар бар.
Сөздің мағынасын өзгертетін Сөз бен сөзді байланыстыратын
қосымша қосымша
әдепті,еңбекқор,дәрігер балалар,кітапты, далаға
7.Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазу,қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
Апаның үйі-ақ жайлау.
Ағаны көріп іні өсер.
2-жаттығу.Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын тауып,белгілеу.
Тоғайда, жұлдыздар,алманы,сәбіэде,ағаштың, арыстанмен.
8.Ой жинақта,талдаумен.
а)Дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме
1.Бұл-...
2.Тілдің қатысына қарай-...
3.Жақтың ашылу дәрежесіне қарай-...
4.Ерін мен езудің қатысына қарай-...
ә)Дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме
.Бұл-...
2.Үн мен салдырдың қатысына қарай-...
3.Айтылу,жасалу тәсіліне қарай-...
4.Жасалу орны мен дыбыстану мүшелерінің
қатысына қарай -...
3-жаттығу.Сөздерге тиісті жалғауларды қосып,сөйлем құрастырып жазу.
1.Айгүл,іні,мектеп,бар.
2.Гүлшат,аға,жарыс,қатыс.
3.Болат,әке,Астана,кел.
4-жаттығу Жұмбақты оқып ,шешуін табу.Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып,түбірі мен жалғауын белгілеу.
Түн-де,көк-ке,жер-ге,қанат-ы,тал-ға,бантик-тен.
9.Қорытынды
Баланың,кенші,оқуды,дәрігер,қабатта,сыныптың,домбырашы,суретші,көбе-лектің,тігінші.
-Берілген сөздерді екі тоқа бөліп жазу
1-топ 2-топ
Туынды сөз Жалғаулы сөз
10.Бағалау.Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтап,бағалау.
11.Үйге тапсырма 135 бет 5-жаттығу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |