Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 25401 |
|
|
|
Септік жалғауы
Сабақтың тақырыбы: Септік жалғауы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Септік жалғаулары, грамматикалық мағыналары туралы түсінік беру, септік жалғауын ажырата алуға машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлеу дағдысын бекіту.
Тәрбиелік: Оқушылар бойынан адамгершілік қасиеттер дамыту, ізгілікке, ынтымаққа, туған тілін , туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі:түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, сөзжұмбақ, қима қағаздар, Көлсай көлінің суреті.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
І. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
ІІ. Есіңе түсір. «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.
1. Морфология нені зерттейді?
2. Зат есім қандай сөз табы?
3. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
4. Көптік жалғауларды ата?
5. достар сөзін тәуелде?
Жауап беретін оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.
ІІІ.Сынап көр: 1.Ертегілер елінде. "...Ерте заманда септік деген бай болыпты. Оның жеті ұлы бар екен. Септік қарт ұлдарын шақырып алып былай депті:
-Балаларым, мен қартайдым. Бұрынғы ата-бабаларымыз «Үлкен шаңырақтан еншісін алып, бөлек шыққан отау үй көрікті»,- деген екен. Сол айтқандай, сендер де бақтарыңды сынап, ел аралап, өздеріңе лайық зат табыңдар. Әркімнің тапқан табысына орай,еншілеріңді беріп, бөлек шығарамын.
Жеті ұл түрлі ілімді меңгеріп,ел аралап,жер танып,уәделі күндері үйлеріне оралыпты. Тек үлкен ұлы Атаудың қабағы салыңқы,көңілсіз екен.
-Иә, балаларым, не таптыңдар, не көрдіңдер, не байқадыңдар?- деп сұрайды Септік қарт. Үлкен ұлы атау үндемей,тұнжырап отырып қалады. Қалған балалары өздері тапқан олжаларын ортаға салады. Барлық балаларының әкелгендеріне риза болған Септік қарт алты ұлды алты отау етіп бөлек шығарып тұрып айтқан екен:
-Балаларым, мына шаңырақтың иесі – үлкен ұлым Атау, қазақта шаңыраққа үлкені немесе кенже бала ие болады. Менен кейінгі сендерге баскөз болатын –мына ағаларың.Олжасыз оралды деп сөкпеңдер. Тату-тәтті өмір сүріңдер...
Қазақта жеті түрлі септік формасы бар екенін бастауыш сыныптан білеміз.
Атау: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Атау септік басқа септіктерге негіз болады. Басқа септік жалғаулары атау септігіне жалғанып барып септеледі.
Септелген сөздерді ретімен жазыңдар. «Кім жылдам?» Дидар, дәптерге, тұздың, Көлсайдан, Күрметіде, кітапты, апамен.
Анықта: (Жаңа сабаққа түсінік беру). Кестеге назар аудар
Септіктер Мағынасы Жалғаулары Сұрақтары Мысалдар
Атау Зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Іс-әрекеттің иесін білдіреді. Жалғауы жоқ Кім? Не? Кімдер? Нелер? Мектеп
Ілік Заттың кімнің меншігі, неге тәуелді, тән екенін білдіреді. -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің? Мектептің
Барыс Іс-әрекет, қимылдың бағытын, мекенін, мезгілін білдіреді. -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не Кімге? Неге? Қайда? Мектепке
Табыс Іс-қимылдың нысанын білдіреді, затты нұсқайды. -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н Кімді? Нені? Мектепті
Жатыс Қимыл-әрекеттің жүзеге асырылу орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді. -да, -де, -та, -те, -нда, -нде Кімде? Неде? Қайда? Мектепте
Шығыс Заттың мағынасы, іс-қимыл , әрекеттің шығу тегін, мекені, мезгілін білдіреді. -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен Кімнен? Неден? Қайдан? Мектептен
Көмектес Іс-қимылдың амалын, жүзеге асырылу тәсілі бірлескен әрекетін білдіреді. -мен, -бен, -пен Кіммен? Немен? Қалай? Мектеппен
Сөздер алдымен тәуелденіп, содан соң септелген жағдайдағы кестеге назар аудару
Септіктер Сұрақтары Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін
Атау Кім? Не? (апам) Апасы
Ілік Кімнің? Ненің? -ның (апам-ның), -нің -ның, -нің,
(апасы-ның)
Барыс Кімге? Неге? Қайда? -а, -е, (апам-а) -на,-не, (апасы-на)
Табыс Кімді? Нені? -ды, -ді, (апам-ды) -н, (апасы-н)
Жатыс Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, (апам-да) -нда, -нде, (апасы-нда)
Шығыс Кімнен? Неден? Қайдан? -нан, -нен, (апам-нан) -нан, -нен, (апасы-нан)
Көмектес Кіммен? Немен? Қалай? -мен, (апам-мен)
ІV.Іске асыр (жаттығулар жұмысы). 33-жаттығуды орындау
1.Сөйлемдерді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің астын сызу.
Айырдан туған жампоз бар,
Жүгін нарға салғысыз . «Нарға» - сөзіне лексика-грамматикалық талдау жасау:
_________________________________ Нарға
1.Бұл сөз екі құрамнан тұр: Нарға
2. Тұлғасына қарай-негізгі.
3.Құрылысына қарай-дара.
4. Сөзде 1 лексика, 2 грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – жануардың атауы.
6. 1 грамматикалық мағынасы – Зат есім.
7.2 грамматикалық мағынасы – (-ға) Барыс септігінің жалғауы.
8. Нарға – неге?
9.Мағынасына қарай: а) жалпы
ә) жанды
б) деректі
в) нақты
34-жаттығуды орындау: Мәтіннен септік жалғаулы сөзді тауып жазу.
Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан, мынау ат үстінде, мынандай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы Шолпандай.
Қыздың сөзіне фонологиялық талдау жасау:
__________________________ Қыздың
1.Қыз-дың жуан буынды сөз
2. Қыз-дың бітеу буын
3. Қыз- (тасымал)
дың
4. Қыз – дың
35-жаттығу, 36- жаттығуларды орындау.
V. Құрастыр.(жаңа сабаққа сөйлем ойлау)
1.Бекіту мақсатында септіктерге 4 сөйлем ойлату. Мысалы:
1.Мақал- сөздің мәйегі.
2.Талаптыға нұр жауар.
3.Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер.
VІ. Көлсайға саяхат «Көлсай» суретін көрсету. Ұлан Мүшіровтің «Көрікті Көлсай» әні баяу естіліп тұрады.
1. Қима қағаздарға жауап беру:
Сарыны күй боп шалқыған,
Самалға бойың балқыған.
Көлсайдың сұлу келбеті,
Көңілде ән боп қалқыған.
Серік Әбдіраймов «Көлсай». Өлеңдегі зат есімдерді табу. Септікті көрсетіңіз?
2. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі зат есімдегі септіктерді табыңыз.
Құзары Құдырғының құлдыр шұнақ,
Өрікті – ол боз биедей желіндеген.
Ақсақал, Байсауырын, Тайсауырын,
Жалмауыз шығар көктің көгін жеген.
3. Зат есімді табу. Септік жалғауын көрсетіңіз?
Арқырап асау Шелек орыпты тас,
Бурадай бұлқынады көк ала бас.
Ол баста Күншығысқа шыға шауып,
Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш.
VІІ. Іске асыр.
Тау сөзін септеу. Тау сөзін тәуелдеу.
А. Тау І. Менің тауым
Септеу
Жай Тәуелді
септеу септеу
І. Таудың ІІ. Сенің тауың
Б. Тауға Сіздің тауыңыз
Т. Тауды ІV. Оның тауы
Ж. Тауда
Ш. Таудан
К. Таумен
Көмектес септік жалғаулары буын үндестігіне бағынбайды.
VІІІ. Нәтиже
1. Тақтаға 3 оқушы септеп жазады.
1 оқушы 2 оқушы 3 оқушы
тауым тауың тауыңыз
Ереже шығарып, өздеріне атын айтқыз.
2. Сөзжұмбақты шештіру
Б а р ы С
К ө м Е к т е с
П а д е ж
Ж а Т ы с
І л І к
К о м у
1. Кімге? сұрағына жауап беретін септік.
2. Кіммен? сұрағына жауап беретін септік.
3. Орыс тілінде септік қалай аталады?
4. Кімде? сұрағына жауап беретін септік.
5. Кімнің? сұрағына жауап беретін септік.
6.Дательный падежінің сұрағы?
ІХ. Өзіңді бағал
Жұлдызшаларын есептеп, бағаларын қою.
Х. Үйге тапсырма
37 – жаттығу. Септіктер. Ережелерді қайталау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |