Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Антонимдер


Антонимдер

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың білімділік мақсаты:өтілген материалдарды еске түсіріп, қайта жаңғырту, жаңа  тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып , жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту. 
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін, ойлауы мен зейінін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру. 
Пәнаралық байланыс: әдебиет   
Сабақтың түрі: сайыс сабақ. 
Сабақтың көрнекілігі: Абай өлеңі  жазылған плакат, тест сұрақтары, «Антонимдердің жасалу жолдары» атты сызба, мақал-мәтелдер,жұмбақтар, перфокарта, бағалау парағы.
 
Сабақтың өтілу алгоритмі:
1-кезең: Ұйымдастыру кезеңі.
            а) психологиялық дайындық
2-кезең: Үй тапсырмасын сұрау.
             а) Ой ашу.Тест сұрақтары.
3-кезең: Тірек сызба.
4-кезең: Жаңа сабақ.
              а) Ойын : «Сыңарын тап.»
5-кезең: Тірек кестемен жұмыс.
6-кезең: Оқулықпен жұмыс.
              а) Үндемес сын жұмысы (87-жаттығу.)
              б) Озық ойлы тапқыр кім? (89-жаттығу.)
8-кезең: Сергіту сәті .
9-кезең: Шығармашылық  жұмыс.
10-кезең: Сабақты бекіту.
11-кезең:Үйге тапсырма.
12-кезең: Бағалау парағы арқылы бағалау.
 
Сабақтын барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
                                    а) (психологиялық дайындық.)
                                 2. Үй тапсырмасын сұрау. 
                                    (өткен сабақтар бойынша сұрақтар.)
 
4 топқа 4 түрлі тест сұрақтарын ұсындым.
  1. Етістіктерден болған синонимдерді көрсет.
а) амандасу, сәлемдесу, есендесу
ә) ажар, көрік, әлпет,кескін
б) пішін, жылдам, есендесу
2. Берілген тіркестер құрамындағы «терең» сөзінің тура мағынада тұрғанын көрсет. 
а) терең білім 
ә) терең сезім
б) терең құдық
3. «Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады» деген мақалда ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіздер.
а) тауып
ә) қауып
б) білген
 
4. Ол егінін арықтан суарады екен. Мына сөйлемнен туынды омонимді тап.
а) арықтан
ә) екен 
б) ол
5. «Күннің көзі» дегендегі көз қандай мағынада қолданылып тұр?
а) тұспал мағынада
ә) ауыспалы мағынада 
б) тура мағынада. 
 
Мұғ: Сондай-ақ, балалар, алдыңғы апта қазақ тілі және әдебиет пән бірлестігі
«Тіл-халықтың алтын көпірі» атты тақырыпта семинар өткізгенін білесіңдер.
1. Тіл дегеніміз не?
2. Мемлекеттік тілге анықтама бер.
                                 Ұлтымыздың белгісі 
Ана тілің                                                            Ата-бабамыздан 
                                                                              қалған мұра 
Мемлеккеттік
 басқару тілі                                                             Мемлекетіміздегі іс-қағаздар 
                                                                                    атқару тілі 
Тіл туралы заң-ң
4-бабында                        Тіл Туралы заң
ҚР-ғы «Мем-к                      1997ж. 11 шілде                 Сот ісін жүргізу тілі 
тіл-қазақ тілі»
делінген                                                              Тіл тур. Заң 6 тарау,
                                                                              27 баптан тұрады.
 
Мұғалім сөзі: қазір бір өлеңді дәптерлеріңе жазамыз. Бүгінгі күнді жазып, бастайық. 
Сауатыңды тексер. 
4.Жаңа сабақ: 
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, 
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
 
Жазып болған соң, өлеңді дауыстатып бір оқушыға оқытамын.
- Ал балалар, бұл кімнің өлеңі?
- Абай туралы не білеміз?
- Біздің сыныбымызда Еркебұлан мен Байжан атты оқушымыз Абай-Шәкәрім оқуына дайындықты бастап кетті.
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? 1 оқушы Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа оқиды. Осы сұрақтарға жауап алған соң, өлеңнен мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып тұрған сөздерді тапқызамын. (Дос-дұшпан, алыс-жақын)
- Тағы қандай мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер білесіңдер?
 
Ойын:«Сыңарын тап» доппен ойналады. (Оқушылар мұғалім айтқан сөздердің сыңарларын табады.) Ыстық-суық, шашу-жинау, алыс-жақын, күн-түн, биік-аласа.
Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Антонимдер» Берілген сөздерді оқытып, ережені оқушыларға қорыттыру. 
 
5.Дәптермен жұмыс. 
5 антоним сөз жаздырту. 
- Балалар қазақ тілінде неше сөз табы бар? Олай болса, антоним 9 сөз табының ішінде сын есім, зат есім, үстеу, етістік, есімдіктерден жасалады.
 
Ауызша көп нүктенің орнына антонимдерін тапқызу. 
 
6.Тірек сызба. 
Антонимдер
Сын есім Етістік Зат есім Есімдік Үстеу 
Ауыр-.....,
кең-......,
ыстық- .....,
жас-......,
артық-....,
аш-...., арық-
оңай-...... Озу-....,
кету-...., 
қону- ....,
шашу- ....,
ашу-....,
кіру-....... Өтірік-.....,
обал-......,
алғыс-....,қарғыс-...,
рахат-....,
бақ-...... Анау-....,
әне-....,
осы-.... Ерте-....,
ақырын-....,
жоғары-....,
алыс-....,
әрі-.....
7.Оқулықпен жұмыс.
8.Үндемес сын жұмысы. 
   Оқушылар орыстың тарихшы-ғалымы  Радловтың қазақ  балалары туралы жазған ой-пікірінен үзіндіні оқып,өз беттерінше ішінен антонимдерді табады. 
                87-жаттығу. 
Әсем-сүйкімсіз (ұсқынсыз), тез-баяу (жай), шебер-олақ, зор-әлсіз.
                 
9.Шығармашылық жұмыс.
    (Мақал-мәтелдер.) (Есте сақтау қабілетін арттыру,жаттау.) Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді  қойып , антонимдерді тап.
1.Өлі арыстаннан  .... тышқан артық. 
2. Еріншек егіншіден .... масақшы озады.
3. Палуанға оң  .... бірдей.
4. Ит үрер жақсыға да, .... да.
10.Сергіту сәті.
 Жұмбақтар. 
Шешуін тауып, антонимдерді сызу. 
Күндіз ізетті, түнде күзетте.
                                      (Есіктің ілгегі.)
Асты тігілген, үсті сөгілген. 
                                      (Қап.)
 
 
11.Кім жылдам? 89-жаттығу.
    Берілген сөздердің антоним, омоним, синонимдерін тапқызу.
Жас-кәрі.(антоним)                              2) Шық-кір. (антоним)
Жас,балғын, бүлдіршін .(синоним)         Шық, кет, бар. (синоним)
Жас-жас адам,                                            Шық-үйден шық,
       -ердің жасы,                                                   -жекпе -жекке шық,
       -жүрегі жас,                                                    -таңғы шық.
       -жастық шақ ,
        -кездің жасы.                                    
 
Үйір-аулақ (алшақ) (антоним)                  Тіл-тілімді ал,
Үйір, құмар, ынтық  (синоним)                        -қазақ тілі,
                     -бір үйір, (омоним)                       -отты тіл,
                     -жаман әдетке үйір.                      -баланың тілі,
                                                                             -тілсіз жау.  Сабақты  бекіту.
Тақырыпты перфокарта бойынша жұмыспен бекіту.
 
Антонимдер Сын есім Етістік Зат есім Есімдік Үстеу 
күлу-жылау
жаз-қыс
әне-міне
жоғарғы-төмен
күн-түн
терең-саяз
ерте-кеш
өмір-өлім
қону-ұшу
көп-аз
13. Үйге тапсырма. 
  88-жаттығу. 
14. Бағалау.
Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағаладым .
Аты-жөні 1-кезкң.Ой ашу. Тест сұрақтары 2-кезең. Тірек сызба 3-кезең. Ойын. «Сыңарын тап» 4-кезең.Тірек  кестемен жұмы 5-кезең. Жатқа жазу 6-кезең. Үндемес сын  жұмысы 7-кезең. Шығармашылық жұмыс 8-кезең.Перфокартамен жұмыс 9-кезең Бәйге  сұрақтары 10-кезең.Қорытынды

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Антонимдер. Сын есімнің жасалуы
Антонимдер
Мақал-мәтелдердегі антонимдер қолданысы
Антонимдер
Антоним, синоним, омоним
АНТОНИМДЕР
«Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша
Антоним сөздер
Антонимдер ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 14076 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык