Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тұрақты тіркестер


Тұрақты тіркестер

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаттары: а) Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестерінің
біртұтас тілдік құбылыс екенін түсіндіру;
ә) Дамытушылық: Тұрақты тіркесті сөздік қорларына енгізіп, тіл байлықтарын дамыту;
б) Тәрбиелік: Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу мен жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, сұрақ-жауап, ізденіс
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, әдістеме, дидактикалық материалдар, грамматикалық ойындар, І. Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік» кітабы, таблица.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
ә) зейіндерін сабаққа аудару.
Жаңа сабақ
Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.
Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін 
 
       Еркін сөз тіркестері Тұрақты тіркестер
Таза дәптер, әдемі киім, әдепті оқушы, баланың ісі, үздік оқушы, жақсы адам,кең бөлме, ашық есік, т.б. Тайға таңба басқандай (анық), жүрек жұтқан(батыр), тіс жармау(үндемеу), бармағын тістеу(өкіну), мұрнын көкке көтеру(менменсу),
Бетінен оты шығу(ұялу), қолы ашық(жомарт),т.б.
Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.
3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады. 1.Құрамындағы сөздердің  орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз
2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.
3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.
 
Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай(қиын)
Көзі ашық(оқыған), көкірегі ояу(сапалы) азаматтар елге қызмет етеді.
Бірінші сөйлемдегі «оқу инемен құдық қазғандай» деген тұрақты тіркестер тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
   Екінші сөйлемдегі «көзі ашық», «көкірегі ояу» деген тұрақты тіркестер де тұтас  бір мағынаны білдіріп,  қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірыңғай баяндауыш қызметін атқарады. В мире азартных развлечений произошло пополнение. Новое криптовалютное казино крипто босс предлагает различные бонусы для игроков при регистрации. На площадке представлены слоты с самым высоким РТП.
                Мағыналас сөздерді табу
(Синонимдік тұрақты тіркестер) 
1.Үріп ауызға салғандай, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар.
2.Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
3.Зәре-құты қалмау, көзі шарасынан шығу.
4.Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу.
5.Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
6. Қоян жүрек, су жүрек.
         Қарама-қарсы мағынадағы сыңарын табу
   (Антонимдік тұрақты тіркес)
1.Бетінен оты шығу                         Ат ізін салмау
2.Ат ізін құрғатпау                          Беті шімірікпеу
3.Ит өлген жер                                Көңілі тасу
4.Құлақ аспау                                  Таяқ тастам жер
6.Көңілі басылу                               Құлақ қою
                           Кітаппен, дәптермен  жұмыс
111-жаттығу. 1.Төмендегі тұрақты тіркестерді жаттап алу.
2.Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табу.
3.Тұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашу(ауызша).
113-жаттығу. 1.Мәтінді оқу, ат қою.
2.Тұрақты тіркестерді теріп жазу.
3.Мәтіндегі тұрақ ты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазу.
4.Тұрақ ты тіркестерді қолдана отырып, шағын мәтін құрап жазу(шығармашылық жұмыс).
             Жаңа сабақты бекіту «Кім жылдам» ойыны. (Семантикалық карта)
Мысалдар                     Эвфемизм          Дисфемизм                 Тұрақты тіркес
1.Жүрек жұтқан
2.Өсекші
3.Ит өлген жер
4.Соқыр
5.Аяғының сылтымасы бар
6.Жерге кіре жаздады
7.Бармағын тістеу
8.Аузы жеңіл
9.Топас
10.Құлаққа ұрған танадай
11.Сөзуар
12.Саңырау
13.Кірерге тесік таппау
14.Мұрнын көкке көтеру
15.Қолы ашы
                                 Сабақты қорыту
Нені білдім ?                                          Нені үйрендім?
Үйге тапсырма. 112-жаттығу.Әдеби кейіпкерге фразеологиялық тіркестерді пайдаланып, мінездеме жазу.
Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұрақты тіркестер
Тұрақты сөз тіркестеріне тіл дамыту жұмыстары
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес
Тұрақты сөз тіркестері
Тұрақты тіркес
Тұрақты тіркестер
Фразеологиялық тіркестер
«Тұрақты тіркес», «Идиомалық тіркес» тақырыптары бойынша
Тұрақты тіркестер
Тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10618 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык