Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау


Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау

Сабақтың тақырыбы: Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау

Сабақтың мақсаты: 
А) білімділік: Ұлылар елі – Шыңғыстау мекені туралы мағлұмат беру. Сөйлем мүшелері тақырыбына пысықтау жаттығуларын орындау.
Ә) дамытушылық:  Оқушылардың шапшандыққа үйрету, өз ойларын еркін жеткізу білуге дағдыландыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды патриоттыққа , адалдыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының әдебиетін, мәдениетін қастерлеуге үйрету.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі: портреттер, кеспе қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру 
А) Сәлемдесу
Ә) Кезекшімен сұхбат
Б) Класс тазалығына көңіл бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
71-бет, 5.4.5- тапсырма.
ІІІ. Жаңа сабақ. – Өткен сабақты еске түсіру үшін «Сөйлем мүшелері» кестесіне көңіл бөліңіздер:
                                        Сөйлем мүшелері.
                   Тұрлаулы                                  Тұрлаусыз  
бастауыш анықтауыш
баяндауыш толықтауыш
                                                                           пысықтауыш
Кестені сөйлету керек. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру қажет:
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2. Тұрлаулы мүшелерге қандай сөйлем мүшелері кіреді?
3. Тұрлаусыз мүшелерді ата.
4. Бастауыш,  баяндауыш дегеніміз не? Сұрақтары.
5. Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деген не? Сұрақтары, түрлері.
ІV. Лексикалық тақырып «Ұлылар елі» ( Мәтінмен жұмыс)
1. Дәптерге күннің жадын жазу.
2. Тақырып бойынша жоспар жазу.
А) Шыңғыстау – ұлылар елі.
Б) Абай , Шәкәрім, Мұхтар – кемеңгер ақын-жазушылар.
V. Топтастыру.
                                            
                                           Абай
 
     Мұхтар                                                             Шәкәрім 
 
«Абай жолы» роман-эпопеясы
VІ. Сәйкестір.
Екінші бағанадан сөздердің орысша баламасын тауып, бағдар бойынша сызықпен көрсетіңдер.
қасиетті                                     местность
кемеңгер                                   личность
құбылыс                                    великан
алып                                          почетный
қадірлі                                       явление
мекен                                        гений
тұлға                                         святое
 
VІІ. Сергіту сәті.
VІІІ. Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ. Деңгей.
1.Төмендегі сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңдар:
Қаланың көрікті жерінде зәулім үйлер салынды.
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
2.Сөздерді орыс тіліне аударындар.
Ұлы тұлғалар – великие личности
Ақын – поэт
Өмір – жизнь
Қасиетті жер – святая жизнь
Даналық – мудрость 
3.Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.
Оқимын, батыр, Абай.
ІІ. Деңгей.
1.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Ердің атын еңбек шығарады.
Біз Абайдың шығармаларын сүйсініп оқимыз.
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазды.
2.Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.
І. Деңгей.
1. Абайдың кез келген өлеңін жатқа оқыңдар.
ІХ. Сөзжұмбақ.
қ А н д а й
б а я н д а у ы ш
х а б а р л ы
қ а й д а
1.Анықтауыштың сұрағы.
2.Етістіктің қызметін атқаратын сөйлем мүшесі.
3.Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрі.
4.Мекен пысықтауыштың сұрағы.
Х. Бекіту. Тест бойынша сабақты қорыту.
1. Қайда? қалай? сұрақтары қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?
А) бастауыш
Ә) пысықтауыш
Б) баяндауыш
2. Ұлылар мекенін көрсет.
А) Шыңғыстау
Ә) Түркістан
Б) Отырар 
3. Тұрлаулы сөйлем мүшесін көрсет.
А) пысықтауыш
Ә) бастауыш
Б) анықтауыш
4. «Айдар жақсы оқиды», сөйлемінде жақсы сөзіне қандай сұрақ қойылады?
А) қандай?
Ә) қалай?
Б) кім?
5. Толықтауыштың сұрақтарын көрсет.
А) кімге? неге?
Ә) кімнің? ненің?
Б) қайда? қалай?
ХІ. Үйге тапсырма.
72 – бет, 5.5.8. (өлеңдерді жаттау)
ХІІ. Бағалау
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық тағамдар
Толықтауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Тұрлаулы мүшелер
Сөйлем мүшелері. Ашық сабақ
Бастауыш
Сөйлем мүшелері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3711 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык