Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Достық



Достық

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, жіктік жалғау тақырыбымен танысу 
Дамытушылық: оқушылардың коммуникативтік, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын, тіл білімдерін байыту.
Тәрбиелік: оқушыларды қайырымды, адал, достыққа берік болуға, сауатты сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: ойын элементтері, аудару, жазу, т.б. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар.
 
Сабақтың барысы
I.  Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, жыл мезгілі, ауа райы, бүгінгі сабақ кестесі туралы, кезекшілермен сұрақ-жауап. 
II.  Қайталау 
Интерактивті тақтадағы сызба бойынша мамандық тақырыбына қатысты сөздерді қайталау: мамандық, мұғалім, дәрігер, азпаз, наубайшы, құрылысшы, әнші, биші, сатушы, суретші, етікші, кітапханашы, балықшы.  Мамандықтар, отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы  сұрақ-жауап: Кітапханашы қайда жұмыс істейді? Әнші қайда жұмыс істейді? Ұшқыш қайда жұмыс істейді? Сенің әкеңнің мамандығы кім? Сенің шешеңнің мамандығы кім? Сен кім болғың келеді?  Мұғалім қандай мамандық? Дәрігер қандай мамандық? Құрылысшы қандай мамандық? Сурет арқылы менің досым тақырыбын еске алу. 
ІІІ.  Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы «Достық», грамматикалық тақырыбы «Жіктік жалғау». Бүгін біз сабақта достық туралы нақыл сөздермен, жіктік жалғаулармен танысамыз. 
 а)  Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
Қазақ тілінде жіктік жалғаулар (личные окончания) баяндауышқа (сказуемое) жалғанады. Жуан сөзге (к твердому слову) жуан жалғау, жіңішке сөзге (к мягкому слову) жіңішке жалғау жалғанады. Әр жақтың (у каждого лица) жіктік жалғаулары бар.
Жекеше (единственное число)                                                                
І жақ (-мын, -мін)                                                
ІІ жақ (-сың, -сің)                                                
           (-сыз, -сіз)                                                 
ІІІ жақ (жіктік жалғау жоқ)  
Мысалы: 
І жақ: Мен сабақта отырмын. 
ІІ жақ: Сен бақшада жүрсің.
            Сіз сапаржайда тұрсыз.
ІІІ жақ: Ол диванда жатыр.
 
 
ә)  Сөздік жұмысы
достық- дружба                                            ұлт- нация                  
бағалай біл- умей ценить                            басқа- другой
қайырымды- добрый, отзывчивый            жолдас- товарищ
қиналу- затрудняться                                  қолда- поддержи
сәлем беру- приветствовать                        адал бол- будь предан
б) Сергіту сәті
Атама сәлем беремін
Әжеме сәлем беремін
Әкеме сәлем беремін
Анама сәлем беремін
Досыма сәлем беремін
Бәрін де жақсы көремін
в) Жазба жұмысы
Тақтада жазылған нақыл сөздерді көшіріп жазыңдар, жаңа сөздер арқылы мазмұнын түсіндіріңдер.
Достықты бағалай біл. Басқа ұлттың баласына қайырымды бол. Досыңа адал бол.  Досың қиналғанда қолда. Үлкендерге сәлем бер. Қазақстанда ұлттар тату тұрады. 
г) Өздік  жұмысы
Қолда, кіші  сөздерін жақтар бойынша жіктеңдер, жіктік жалғауларын белгілеңдер.  
ғ) Сөзжұмбақ
Тақтадағы сөзжұмбақты шешіңдер. 
1. Родина   2. Гимн   3. Флаг    4. Государство    5. Герб     6. Дружба     
7. Единство    8. Гражданин     9. Елбасы     10. Біздің өзен    11. Школа
IV. Қорытынды
Жаңа тақырыпты, сөздерді қайталау, өз достары туралы туралы әңгімелеу, оқушы сөзін ауызша жіктеу. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. 
Үй тапсырмасы: ереже, ақылды сөзін жіктеу, нақыл сөздерді мәнерлеп оқу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің отбасым. Жалғаулар.
Етістіктің шақтары
ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
Мамандықтың бәрі жақсы. Зат есімнің жалғауларын қайталау
Сөздік
Жалғау
Кім болғым келеді? Дауыссыз дыбыстар
Жалғаулар жарысы
Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау
Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3906 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык