Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3225 |
|
|
|
Тарихи орындар
Сабақтың тақырыбы: Тарихи орындар
Сабақтың түрі: оқығанды қорытып, жүйеге келтіретін бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : оқушылардың модульді оқу барысында көне қалалар туралы алған білімдерін бекіту; дауыссыз дыбыстар, буын түрлерін, көптік жалғауын пысықтау.
Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыра отырып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін дамыту .
Тәрбиелік : туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу, қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, мәдениет, әдебиет.
Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Семантикалық карта», «Венн диаграммасы» атты стратегиялары, АКТ (Флипчарт).
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар топтамасы, «Ежелгі Қазақстан» кітабы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу.
II. Жаңа сабақ кезеңі:
1. -Әр қаланың көрнекті жерлері болады, бұл қалалар әр елде несімен даңқты? (Оқушылар слайд бойынша автоқаламмен сәйкестіктерді көрсетеді).
Париж Кремлімен
Мәскеу Қожа Ахмет кесенесімен
Санкт-Петербург Эйфель мұнарасымен
Түркістан Бәйтерегімен
Алматы Эрмитажымен
Астана Медеуімен
2. Слайдта Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің, тайқазанның суреті беріледі, оқушылар суреттер бойынша Түркістан қаласы туралы әңгімелейді (сұрақ-жауап).
3. Слайдта Айша бибі кесенесінің суреті беріледі, оқушылар Тараз қаласы туралы әңгімелейді (сұрақ-жауап).
4. Оқушылар суреттегі ежелгі Отырар қаласы туралы әңгімелейді (сұрақ-жауап).
5. Слайдта Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жамбыл Жабаевтың суреттері беріледі, оқушылар суреттегі ұлы тұлғалардың көне қалаларға қатысын айтып, олар туралы қысқаша баяндайды.
6. Сөздік жұмысын орындау: автоқаламмен аудармасын жазу.
мавзолей-
древний, старый-
земля тюрков-
священная земля-
архитектурное искусство-
узоры, орнаменты-
кузницы-
памятники-
7. Слайдта берілген сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтау:оқушылар автоқаламмен жұмыстанады.
Оңтүстік, безендірілген, Отырар, қасиетті, ғажайып, ғұлама, ежелгі, орналасқан.
8. Сергіту сәті өткізіледі.
9. Слайдта берілген сөйлемдерден жалқы есімдерді табу.
Отырардың ежелгі атауы – Фараб. Түркістанның көне аттары- Шабғар, Йасы. Тараз қаласы бұрын Талас, Әлиеата, Жамбыл деп аталған.
10. Берілген сөздерді топтап жазу: оқушылар автоқаламмен жұмыстанады.
Ел, көше, ауа райы, ескі,мен, ұста, тас, олар, жаға, ат, жүз.
Қатаң дауыссызы бар сөздер:
Ұяң дауыссызы бар сөздер:
Үнді дауыссызы бар сөздер
11. Сөйлемдердегі жіңішке және жуан айтылатын сөздерді айыру: автоқаламмен жіңішке сөздерді бір сызықпен, жуан сөздерді екі сызықпен сызу.
Отанды сүйе білген адам бақытты.
Туған еліңнің даңқын арттыр!
12. Түсініп оқу: мағынаны ажырату.
Дұрыс па, бұрыс па?
Түркістан қалласы еліміздің солтүстік аймағында орналасқан.
Отырарда Арыстан баб кесенесі бар.
Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
Қазір Түркістан тарихи және туристік қала.
Таразда Әбу Насыр әл-Фараби туған.
13. Семантикалық картаны толтыру: оқушылар автоқаламмен жұмыстанады.
III. Үй тапсырмасын беру кезеңі: модуль бойынша өткен жаңа сөздерді қайталау, 4 сөйлем құрастыру.
IV. Сабақты қорытындылау кезеңі: Венн диаграммасы бойынша үш қаланың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін айту, «Ежелгі Қазақстан» кітабы туралы қысқаша баяндап, сабақ бойынша қорытынды сөз айту, бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |