Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ тілі мен әдебиетінен өткенді қайталау сабағы


Қазақ тілі мен әдебиетінен өткенді қайталау сабағы

Қазақ тілі мен әдебиетінен өткенді қайталау сабағы

Сабақтың  мақсаты:       Оқушылардың танымын кеңейту. Қазақ әдебиеті мен  
                                            қазақ   тілі бойынша алған білімдерін тексеру, 
                                           жетілдіру. Ауызекі сөйлеу қабілетін, өз ойларын жет-
                                           кізе білу дағдысын шыңдау.                     
Сабақтың  әдісі: Сұрақ-жауап,  әңгімелеу, диолог
Өту барысы:  (Әділқазылар алқасы).
1. Әр топты таныстыру(Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу)
2. Сұрақтарға суырып салып жауап беру (20 сұрақ).
3. Қазақ тілінен тестіге жауап (10 сұрақ)
4. Мақал-мәтелдерге түсінік беру, ауызша жауап (3 мақал).
5. Өнер көрсету, тақырыпты ашу.Сахналық көрініс.
 
1. «Мұрагер» тобына қазақ әдебиетінен 20 сұрақ
 
1. «Аяз би» қандай ертегіге жатады?                         ( Шыншыл) 
2. «Шалқұйрық» атты тұлпар 
      қай кейіпкердің серігі?                                          ( Ер Төстік) 
3.«Өлең, мақал , жаңылтпаш, ертегі, жыр- мұның бәрі жанды сөз ішінде сыр»         кімнің сөзі?                                   (І.Жансүгіров).
4. «Толағай» әдеби ертегісінің авторы кім?                 (Ә.Тәтібаев)
5. «Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда алыстан сағым көтерген белге кездеседі».Төстіктің бұл сөзінде  көркемдеуіш құралдың
  қайсысы бар?                                                                        (литота).
6. «Айт, келін-ау, айт келін!
Атыңның басын тарт, келін!» қай жырдан алынған?            (Беташар)
7. Аңшылық туралы өлең-жырларда  сұлулықтың
     символы не? (Аққу мен ақбөкен).
8. Алдар көсенің алдаудағы мақсаты?             (Қарны тоқ, ақылы жоқтарға нұсқау).
9. Жиреншенің жан серігі? (Қарашаш).
10. Таспен ұрып жібердім,
Тоқал астындағы басындай.
Былш ете түсті иленіп,
Бәбіше астындағы шашындай.
Үзіндідегі өз мағынасында қолданылып
 отырған сөзді көрсет.                                                          (Арханизм).
11. Хандардың опасыздығын баса жырлайтын жыр? (Ер Тарғын)
12. Батырлар жырының ең көнесі? (Алпамыс батыр)
13. Гүбаршын қай жырдың кейіпкері? 
14. Қара жерге қар жауар,
Қарды көрде етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанда көрде бетім көр» деген үзінді кімді бейнелеген?  Көркемдеуіш құралдың түрі қандай?                                    (Ақжүніс антитеза)
15. «Ер Тарғын» жырындағы дана, батагай адам? (Сапыра жырау)
16. «Шөрей жаным, шөрей!
Тау басында бұлақ-ай.
Қу Құлтайдың құлағы-ай?
Қайда кетіп барасың ....» қай жырдан алынған, кімнің сөзі?  («Алпамыс» Құлтай)
17. Жоқтау қандай жыр? (лирикалық)
18. І.Жансүгіровтың беташарынан үзінді айт. «Қазақ оқы, хат таны     
                                                                                                    сауатыңды аш, келін»
19. «Аққу ұшып көлге кетті,
Сұңқар ұшып шөлге жетті.
Жетпісті құма,
Келмеске жылама» қандай жырдан алынған? (Көңілайту)
20. «Жар-жарды қалай айтады? (Қыз тобы – жігіт тобы).
 
2.«Шаңырақ» тобына 20 сұрақ.
1. «Ер Төстік» ертегісіндегі басты қаһарманның әкесінің аты кім?                                                                                                                                                                       
                                                                                                         Ерназар 
2.Жаман қай ертегінің кейіпкері?
                                                «Аяз би»
3.«Көп сөйлеме – азбен келтір иінін
Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін» кімнің сөзі? 
                                                                        Ж.Баласұған.
4.  «Құмырсқалар, аралар-қиыспас дос құдалар» әдеби ертегісінің авторы кім?
Ө. Тұрманжанов 
5. «Ер Төстік» ертегесіндегі «Самұрықтың үлкендігі сондай, жайып жібергенде бір қанатының өзі айшылық жерді алып жатыр» деген үзінді де қандай көркемдеуіш құрал алынған?
Гипербола 
6. Наурыз кезінде айтылатын жырлар қалай аталады? 
Наурыз жыры 
7. «Құралай көрсе, көзге атқан,
Құланды көрсе, белге айтқан»- не туралы айтқан? 
Мергеншілік 
8.Аңыз кейіпкері Шығайбай қандай образ?
9.Жиреншенің үйі қандай?      (Күрке) 
6. Даналықты, шешендікті танытқан аңыз кейіпкері кім?
Қарашаш 
7. Ер Тарғынның тұлпары?
Тарлан ат
8. «Ер Тарғын» жырын алғаш қай жылы, қайда, кітап қылып кім шығарды?
Ильминский 
9. Әкім болып жұртты жеген кім?
Ұлтан құл
10. «От орнындай тұяқтан,
Оймақтайы  қалыпты
Етектейін  еріннен,
Екі елісі қалыпты» - деген шумақ қай жырдан алынған, қандай көркемдеуіш құрал бар? 
Литота 
11. «Алпамыс батыр» жырында «Ұлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын» деген кім?
Бадамша 
12. Аттанбадым олжа үшін,
Сыңсып жатқан мал үшін.
Аттанғаным  кәуірге,
Апамның  ежелгі кегі үшін» деген шумақ кімдікі?
«Ер Тарғын»
13. Сыңсу қандай өлең?
Элегиялық өлең
14. «Балталы, бағаналы ел, аман бол!
Бақалы болдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!» – қандай жырдан алынған? Қай өлең?
 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (Қоштасу өлеңі)
15. «Ертегі – адам жанының айнасы» кімнің сөзі ?             
Белинский 
16. «Той бастар» жыры қалай аяқталады ? 
Батамен, жақсы тілекпен. 
 
 3. Тест  сұрақтарына  жауап      
Қазақ  тілі.      
1) «Мұрагер» тобына 
1. Қай салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан?
А) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады?
Ә) Ол қасқа айғырға қарап ұмтыла түсіп еді, бақы тізгінге жармаса кетті.
Б) Еңбек ерлікке жеткізер,
       Ерлік елдікке жеткізер.
В) Білекті бірді жығады,
     Білімді мыңды жығады.
2. Қайсысы ыңғайлас салалас сөйлем?
А) Онша үлкен төрелігім жоқ, әйтсе де айтып көріңіз.
Ә) сіздің қасыңыз босай қоймас және босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер.
Б) Сәндібайға мен жақтым, өйткені құранды бір сыдырғы әдемі оқитын даусым бар.
В) Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған?
3. Мына сөйлем салаластың қай түрі?
Жұрттың бәрі оған қарай дүрлкті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айғайлайды.
А) Ыңғайлас     с                                                  б) қарсылықты с
ә) себеп-салдар   с             в) түсіндірмей   с 
4.Мына сөйлемге қай шылау лайықты?
Өзен .... төмен ағып жатқандай, .... жоғары ағып жатқандай.
А) әрі         ә) я              б) біресе                 в) немесе 
5. Мыны сөйлем салаластың қай түрі?
Бұл істің шындығын не көзбен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.
А) себеп-салдар  с б) түсіндірмелі   с
ә) талғаулы   с в) кезектес  с 
6. Мына сөйлемге қай шылау лайықты?
Шекер осы аз күннің өзінде-ақ бұл үйдің өз адамындай болып кеткен, ... оның еркелей айтқан сөзіне Сәуле сүйсінді.
А) бірақ                                                   б) және 
ә) сондықтан в) өйткені 
7. Қайсысы сабақтас құрмалас сөйлем?
А) Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ.
Ә) Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді.
Б) Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім.
В) Көп істеп шала бітіргенше,
      Аз істеп бабына келтір.
8. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты тап.
А) Шіркін, күріш ексең, қандай тұнып шығар еді!
ә) Жұрт қайда болса, мен де снда болам.
Б) Патша жер жүзіне жасауылдарын таратып қанша іздетсе де, мұңсыз адам табылмады. 
В) Жан қиналмай, жұмыс бітпес. 
9.Қай сөйлем қимыл-сын бағыныңқы сабақтас?
А) Қалжыңы, күлксі араласа, шай өте көңілді ішілді.
ә) Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған ат жүріп кетті.
 
2.«Шаңырақ» тобына сұрақтар.
 
1. Қай салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан.
А) Отырып сөйлескендей үлкен жұмысым жоқ және ұзақ отырып сізбен кеңес құратын қазір уақыт тар.
ә) Айналаға мойын созып қарап едім, қыбыр етен жан көрінбейді.
Б) Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
В) Ақыл көпке жеткізер,
     Өнер көкке жеткізер.
2.Қайсысы ыңғайлас салалас?
А) Жыраның бұл тұсы адам еңкеймей жүрсе де бойын жасырарлық теп-терең еді және түбі де нақ жиегіне шөбі қалың өскен қатарлы жынысты еді. 
ә) Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік.
Б) Оларға рахмет айту керек, ұмытқанымызды еске салды.
4. Мына сөйлем салаластың қай түрі?
Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астан-кестен болды: кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып сең соққан балықтай мең-зең болып жастар тұрды. 
А) ыңғайлас                                                    ә) қарсылықты 
Б) себеп-салдар                                              в) түсіндірмелі 
5.Мына сөйлемге қай шылау лайықты?
Үй иесі безектеп .... өзі есінен адасып тұрған маған жүгіреді, ... қирап жатқан ыдыстарына жүгіреді. 
А) әрі                                          ә) я
Б) біресе                                     в) немесе 
6.Мына сөйлем салаластың қай түрі?
Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. 
А) себеп-салдар                                         ә) түсіндірмелі 
Б) талғаулы                                               в) кезектес 
7.Қайсысы сабақтас құрмалас сөйлем?
А) Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ.
ә) Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді.
Б) Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім.
В) Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір.
8. Қайсысы қарсылықты, бағыныңқы сөйлем?
А) Қай жақтың атызы бұрын бітсе, сол жақ суды бұрын алады.
ә)Бойың көкке жатсе де, ойың әлі қысқа екен.
Б) Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы.
9. Қай сөйлем қимыл-сын бағыныңқы сабақтас?
А) Абай тақап келгенде, үй иесі шыққан еді.
ә) Отқа салып ерітсең де, алтын жез болмас.
Б) Жарық неғұрлым көп түссе, өсімдік соғұрлым жақсы өседі.
Мақал-мәтелдердерге түсінік беру, ауызша жауап 
І топқа:
1). Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді,
Құйма құлаққа айтсаң, құйып алады.
2. Өрлеген балық ауға жолығар,
    Өркөкірек жігіт дауға жолығар. 
3.Бай байыған сайын қалтырауық болады. 
4.Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.
ІІ топқа:
1) Өнерлі жігіт елдің көркі,
Үкілі қамыс жердің көркі
2) Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені 
3) Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
4) Көз қорқақ, қол батыр 
Өнер көрсету.
Тақырыптар:
1. Ертегілер 
2. Аңыз әңгіме
3. Құрдастық 
4. Сыйластық 
Қорытындылау, марапаттау.
Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Талғаулы салалас
Салалас құрмалас сөйлем, Ыңғайлас салалас
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем түрлерін пысықтау
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5657 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык