Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2355 |
|
|
|
Жемістер
Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жеміс түрлерімен таныстыра отырып, фонетикалық тұрғыдан білімдерін толықтыру, мысалдармен бекіту.
Дамытушылық: 1) ойлау, есте сақтау, есту мен көру қабілеттерін дамыту
2) сөздік және ауызекі сөйлеу дағдыларын байыту
3) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Коррекциялық: ауызекі сөйлеу кезінде тіл кемістігін түзету
қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтылуын қадағалау
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Табиғаттану
Сабақтың амал-тәсілдері: 1) баяндау
2) сұрақ-жауап
3) қайталау
4) түсіндірме
5) аударма
6) пысықтау
Сабақтың көрнекі құралдары: 1) жемістердің муляжі
2) себеттер макеті
3) сусындардың суреті
4) тапсырмалар тізбегі
Сабақтың оқу құралдары: 1)Дыбыс күшейткіш аппараттары
2)Экран
3)Тірек кестелері
4)«Ө» дыбысына фонетикалық жаттығу сызбасы Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныппен сәлемдесу
- Сыныпты кезекші арқылы түгендеу (экран арқылы)
- Дыбыс күшейткіш аппараттары тексеріледі (сұрақ-жауап арқылы)
- Андрей, қазір жылдың қай мезгілі?
- Мөлдір, жыл мезгілдерін ата
- Ира, ай аттарын ата
- Вадим, апта күндерін ата
ІІ. Фонетикалық жаттығу: Кезекші дыбыс «Ө» дыбысы
Мақсаты: ауызекі сөйлеу кезінде қазақ тіліне тән «ө» дыбысын дұрыс, таза айтылуын қадағалау
Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)
- Біз не істейміз ?
- Біз оқимыз
БӨ-МӨ-КӨ-КӨЗ (глаза)
ӨК-ӨТ-ӨР-ӨРТ (огонь)
Оқыту түрі: топпен
жұппен
тізбектеп
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Сусындар»
Сусындардың суретін пайдалана отырып, сусындардың қазақша атауларын сұрау. Сусындар атауларын қолданып, ауызша сөйлемдер құру.
ІV. Жалаңаш құлаққа жаттығу:
Қолданатын сөздер : айран, сүт, қатық, шұбат, қымыз, шай, шырын
Мақсаты: нашар еститін оқушының есту дәрежесін анықтау, есту қабілетін қалыптастыру мақсатында құлақты жаттықтыру.
V. Жаңа тақырыпты меңгерту: «Жемістер»
Меңгерілетін сөздер: Алма-яблоко
Алмұрт-груша
Шие-вишня
Жүзім-виноград
Өрік-слива
Дәмді-вкусный
Тәтті-сладкий
Қызыл-красный
Сары- желтый
Меңгерілетін сөздермен жүргізілетін жұмыс түрлері:
Оқыту түрі:
1) Мұғалім дауыстап оқиды
2) Оқушылар топпен оқиды
3) Оқушылар жұппен оқиды
4) Оқушылар тізбектеп оқиды
5) Жемістердің суретімен танысып, қазақша атауларын қайталайды
Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)
- Біз не істедік ?
- Біз жаңа сөздермен таныстық
Фонетикалық тапсырмалар:
1) Жаңа сөздерді жуан және жіңішке сөздерге бөлу
2) Аталған сөздерді буынға бөліп айту, неше буыннан тұратынын анықтау
Меңгерген сөздерді пысықтау үшін «Не артық ?» ойынын жүргіземін.
Мақсаты: нашар еститін оқушылардың есте сақтау, ойлау, есту мен көру қабілеттерін дамыту.
Алмұрт Дәптер Қызыл
Шие Өрік Дәмді
Қалам Алма Тақта
Жүзім Алмұрт Тәтті
Тақтамен жұмыс:
№1 тапсырма: Сөйлемді жалғастыр, орыс тіліне аудар.
- Мынау не ?
- Мынау алмұрт
- Алмұрт қандай ?
- Алмұрт ............
Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)
- Біз не істедік ?
- Біз тақтаға сөйлемдер жаздық. аудардық.
№2 тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып жаз.
Алм...рт, өр...к, ж.....зім, ш...е, а...ма, қ....зыл, д...мді, т...тті, сар..
Тақырыпты бекіту: «Базарда» атты ойынын жүргізу
Мақсаты: Меңгерген сөздермен сөйлемдер құрай білу, ауызекі сөйлеу мен тілдік қорларын байыту.
Сатып алушы: Мынау не ?
Сатушы: Мынау-алма
Сатып алушы: Мынау қандай алма?
Сатушы: Мынау- дәмді алма
Сатып алушы: Мынау қандай шие?
Сатушы: Мынау- тәтті шие
Сабақты бекіту:
1) Біз қандай жеміс атауларын білдік?
2) Жемістерді атап, орыс тілііне аударып, себетке салыңдар
VІ.Үй тапсырмасын беру: Сөздіктерді жаттау, жемістерге байланысты екі сөйлем құру, жемістерге қатысты жұмбақ жаттау
VІ І. Білімдерін бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |