Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 10849 |
|
|
|
Танымдық ойындар-білім кілті
Танымдық ойындар-білім кілті
Сөзжұмбақ
1. Астана қаласының бұрынғы аты.
2. Жағасынан Астана орын тепкен өзен.
3. Астананың символы.
4. Қырғызстанмен шекарамыздағы тау.
5. Әр адамның асылы.
6. Алматының тәтті алмасы.
Жауабы: Ақмола, Есіл, Бәйтерек, Алатау, ана, апорт.
«Д» өзгертпе
1. Кең жазақты алқап.
2. «Ұлы ғұлама» сөзінің синонимі.
3.«Жалғыз» сөзінің синонимі.
4. Желістің бір түрі.
5. «Егінші» сөзінің синонимі.
6. Жыл аты.
Жауабы: дала, дана, дара, дөнен, диқан,доңыз.
Сөзжұмбақ «Абай»
1.Ұлттық ойын
2. Ерте гүлдейтін гүл
3. Елордасы.
4. Алғаш мектеп ашқан адам.
Жауабы: асық, бақбақ, Астана, Ыбырай.
«А» өзгертпесөзі
1. Облыстың бөлігі.
2. Қазақ халқының діни мейрамы.
3. Құрманғазының күйі.
4. Түнде ойналатын ұлттық ойын.
5.Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тау.
6. Таулы жерде тіршілік ететін аң.
Жауабы: аудан, айт, Адай, Ақсүйек, Алатау, арқар.
Ойлан, тап!
1. Ұлттық ойын
2. 2-ші ай
3. Апорттың отаны
4. Жеміс ағаштарын тозаңдандыратын жәндік
5. Жеміс
6. «7 күн» бір сөзбен қалай аталады?
Жауабы: ақсүйек, ақпан,Алматы, ара, алма, апта.
Сөзжұмбақ «Күйші»
1. Киіз үйдің жабдығы
2. Үй құсы
3. Сүттен жасалған тағам
4. Жұмбақ. Тікен-тікен көк түсті,
Қысы-жазы бір түсті
5. «Аға» сөзіне қарама-қарсы сөз
Жауабы: кереге, үйрек, айран, шырша, іні
«Белгілі бір жүйемен» ойыны
Ромбик бойынша әріптерді белгілі бір жүйемен құрастырғанда «Абай афоризмінің» авторының аты шығады.
(Құлмат Өмірәлиев)
Л Ө А В
Ұ Л Т М Р Л Е
Қ А І И
«Орнымды тап» ойыны
Шарты: Мақал–мәтелдердегі орны ауысып тұрған сөздерді айтылу ретімен орналастырып, берілген сан есімдердің түрлерін ажырат.
1. ақшаң, бір, сом, жолдасың, жүз, болғанша, болсын.
2. бір, қырық, қыңыр, жақ, бір, кісі, бір, кісі, жақ, кісі, бір
жақ.
3. байлық, ақжаулық, денсаулық, екінші, үшінші, бірінші байлық, он, денсаулық, байлық, саулық.
«Екі тілді қатар үйренейік» ойыны
Ойынның шарты: Мұғалім алдын ала тақырыпқа сай даярланған орыс тіліндегі сөздерді оқиды, оқушылар қазақ тіліндегі аудармасын тез табулары керек.
1- топ 2-топ
Я –мен Эпоха – дәуір
Ты – сен Ничего – тәуір
Сыт – тоқ Полуостров - түбек
Нет – жоқ Шелк – жібек
Бульон – сорпа Виноград - жүзім
Ячмень – арпа Список - тізім
Луна – ай Характер - мінез
Масло – май Быстро - тез
Овраг – сай Смех - күлкі
Глина – лай Лиса - түлкі
Куда? – қайда? Критика - сын
Польза – пайда Правда – шын
Лексикалық жұмбақтар
Шарада
1. Соңғы әрпі «М» болса,
«Әдеміге» синоним.
«М» орнына «Л» қойсам,
Көп ішінен сүйгенім.
(әсем-Әсел)
2. «Н» - дан басталса, тыныс белгісі.
«Б» - дан басталса етістік.
(нүкте-бүкте)
3. «К» - ден бастасаң – қалаңмын,
«Ж» - дан бастасаң тағаммын.
(кент-жент)
4. Соңғы әріпі «С» болса,
Синоним сөзі момынның
«С»- ны алып тастасаң ,
Жабайы пиязы жерімнің.
(жуас-жуа)
5. Бастапқы әріпі «Ж» болса,
Омоним «Бар» сөзіне.
«Ж»-ны алып тастасаң,
Дәл тиер көзіңе.
(жоқ - оқ)
6. Қалай оқысаң да, ұлтым өзгермейді.
(қазақ)
7. Әрі дауысты, әрі дауыссыз,
Әрі жуан, әрі жіңішке
Бұл қай дыбыс?
(у)
8. Дыбыс емес таңба,
Оқылмайды, жазылады.
Әйтсе де бұл екеуі,
Біраз сөзден табылады.
(ь,ъ)
Адассөз
(омоним)
Ағаштарды жарамын,
Гүлге келіп қонамын.
(Ара-ара)
Ұйықтап жатып көремін,
Мезгілді де білемін.
(Түс-түс)
Қаламақ
(синоним) (антоним)
Шолақ – қысқа Бар – жоқ
Мүсін – нұсқа Аш - тоқ
Әдемі – сұлу Қисық – түзу
Ыстық – жылу Жөндеу – бұзу
Мықты – берік Қараңғы - жарық,
Ажар – көрік. Семіз – арық.
Ойлан, тап!
Атада бар , Күнде бар,
Әкеде жоқ. Түнде жоқ.
Анада бар, Көлде бар,
Шешеде жоқ. Төлде жоқ.
(А) (К)
«Жасырынған мақал» ойыны
Жақсы сөз жан семіртер ...
Досы көппен сыйлас ...
Отпен ойнама ...
Ер туған жерінде ...
«Орфографиялық лото» ойыны
Ойынның шарты:
1. Ойынға пайдаланатын сөздер қазақ тілінің бағдарламалық материалдарына сәйкес болу керек.
2. Жазылуы ерекше есте сақтауды қажет ететін сөздер.
3. Айтылуы мен жазылуы екі түрлі сөздер.
4. Тілімізге орыс тілінен немесе басқа тілдерден енген сөздер.
...емент
( с немесе ц) Кө...жиек
(к немесе г)
Қыры...аяқ
(қ немесе ғ) т...ылды
(и немесе ый)
Велосип...
(т немесе д) се...білік
(н немесе м)
Жүсіп...к
( п немесе б) Шта...
(п немесе б)
«Кім не істейді?» ойыны
Ойынның шарты: Жұбын табу керек.
Дәрігер Бала оқытады
Өңдеуші Тіс емдейді.
Шахтер Кітап өңдейді
Құрылысшы Көмір қазады
Сатушы Үй салады
Мұғалім Тауар сатады
Математикалық ойын «Ғажайып алаң»
Ойынның шарты: Таңбалары әр түрлі сандармен амалдар орындау арқылы мына есептерді шығарып төмендегі ұяшықтарда жасырынған сөздерді табу.
е с і м д і к
1. 99÷(-9) × (-3)= 33 (е)
2. - 44х(-2) ÷ 8= 11(с)
3. -12,5х(-2) = 25 (і)
4. 11,5+(-2,5) = 9 (м)
5. -153÷(-3) = 51(д)
6. 20,2х2+(-3,4) = 37 (і)
7. -10,2 + 12,2 = 2(к)
«Қыз қуу» ойыны
Ойынның шарты: Алдымен сұрақтар даярланады. Содан кейін тапсырма оқылады. Бірінші болып қыз баланың тапсырмасы, одан кейін ұл баланың тапсырмасы оқылады. Қыз бала бірінші болып тапсырманы орындаса, ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болып есептеледі.
«Ханталапай» ойыны
Ойынның шарты: Асықпен ойналатын ойын. Асық алдын ала нөмірленеді. Нөмірлерге байланысты сұрақтар дайындалады. Асық жерге шашылады, балалар талапайлап асықты алып, сұрақтарға жауап береді.
«Буындық лото» ойыны
Ойынның шарты: Төменде берілген буындардан сөз құра.
ба, бұ, бо, ран, қа, та, рік, лық, та
Мысалы: балық, бұта, боран, бақа,
«Сөзді тап» ойыны
Ойынның шарты: Жоқ әріптерін толықтырып, жасырылған сөздерді табу керек.
Б…….қ
Б…….қ
Б…..қ
Б….қ
Б…қ
Б.қ
Жауабы: (балмұздақ, бауырсақ, бидайық, борсық, балық, бақ)
«Баспалдақ» ойыны
Ойынның шарты: жоқ әріптерін толтырып, жасырылған сөздерді табу керек.
Б.
Б.с
Б..т
Б…а
Б….қ
Б……а
Жауабы: ( би, бас, бинт, балға, баспақ, баспана)
«Кім көп біледі?» ойыны
Ойынның шарты: Ойыншылар «Мұғалімдер» және «Оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» омоним сөздерді айтады, ал «Оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «Оқушылар» рөлдерін ауыстырып отырады.
Мысалы: ара-жәндік алма-жеміс ою-зат
ара-құрал алма-қимыл ою-қимыл
«Ұйқасын тап» ойыны.
Ойынның шарты: әр оқушы өзінің қалауына қарай ұйқастырып, өлең жолдарын аяқтайды
Отан - байтақ туған ....
Отан – менің думанды ...
Сол Отанның ...
Ерлік іске буған ...
(жерім, елім, ұланымын, белін)
«Өлең жолдарын қалпына келтір» ойыны
Ойынның шарты: Өлең жолдарын ауыстырып жіберу керек. Балалар өздері әр сөзді өз орнына қойып, өлең жолдарын қалпына келтіреді. Қазақ әдебиеті сабағында жаттаған өлеңдерді пайдалануға болады.
Мысалы: «Ғалым – болу арманым»
Болғым келеді ғалым
Байлығын жер ақтарған.
Келеді жалын болғым,
Тастардан жасайтын гүл.
Дұрыс нұсқасы
Ғалым болғым келеді,
Жер байлығын ақтарған.
Жалын болғым келеді,
Гүл жасайтын тастардан.
«Сөйлем не сұрайды?» ойыны
Ойынның шарты: Мұғалім арнайы даярланған сөйлемдерді оқиды. Сөйлемдердің соңындағы тыныс белгісін қою керек.
- Балалар,сөйлем не сұрайды деп, балаларға тапқызады.
Әдебиеттер.
1. «Айгөлек» журналы. №1-10-2005-2006
2. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедия. Алматы., 2002.
3. «Бастауыш мектеп». №9-2004.
4. «Бастауыш мектеп». №11-2004.
5. «Бала би» журналы №1-8-2006.
6. «Білім.Образование». №2-2004.
7. «Білім.Образование».№11-2004.
8. А.Бақтыгереева «Жайық қызы».
9. «Ізденіс».№1-2003-2004.
10. «Қазақ тілі мен әдебиеті».2001-2005.
11. М.Оңдағанов «Ақжайық саңылақтары» Орал, 2004.
12. Ө.Жолымбетов «Бес шығыршық».Алматы,1991.
13. «Жайық ұстазы» газеті. №1-6-2006.
14. Ж.С.Қалиева «Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал» Қарағанды, 2005.
15. «Қазақстан мұғалімі» №5-2006.
16. «Қазақ тілі: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту». 2006 ж. №1-3
17. Қадыр Мырза Әлі «Күміс қоңырау».
18. «Қазақ тілін үйренейік» журналы. №4-6-2006.
19. Т.З.Рысбеков «Батыс Қазақстан облысының тарихы». Орал, 2006.
20. «Сен білесің бе?» топтама.
21. «Тарихи тұлғалар» Алматы, 2006
Ищите билеты на самолёт по всем ведущим авиакомпаниям и авиакассам и найдите самые дешевые авиабилеты в любую точку мира. Поиск дешевых авиабилетов по всем авиакомпаниям Авиабилеты во все страны мира, актуальное расписание авиарейсов и стоимость. Купить и заказать авиабилеты онлайн на самолет быстро и удобно.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |