Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 7018 |
|
|
|
Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылық жолдары, Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жайында білім беру. Абайдың
қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы екеніне оқушылардың көзін жеткізу.
• Дамытушылық: Абайдың еңбектерін насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, өткен тарихқа, әдебиетке, отанымыздың рухани мұраларына баға бере білуге үйрету, өз беттерінше шығармашылықтарын дамыта білуге дағдыландыру.
• Тәрбиелік: Қазақтың бай әдебиетіне деген құрметке тәрбиелеу, Абай арқылы әдебиетке қызығушылықтарын ояту, адамгершілікке, имандылыққа, адалдықка тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, Семейдегі Ахмет Риза медресесінің суреті, Абай шығармалары (өлеңдер).
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тест тапсырмалар арқылы он минуттай тексеріп шығамын. Тапсырма үлгілері:
1. Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдары.
2. Шоқанның азан шақырып қойған аты.
3. Шоқан Омбыда қандай оқу орнында оқыды?
4. Шоқан Сібір кадет корпусын қандай әскери шенмен бітірді? т.б.
Тест тапсырмаларының саны он болады. Сонымен қатар оқушылардан Шоқан туралы қосымша оқып келгендерін сұраймын.
Оның артынан үй тапсырмасын қорытындылап өтіп, жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.
Алдымен тақтаға «Абай» сөзін жазып коямын. Оқушыларға осы сөзді дәптерлеріне жазғызып жан-жағына не ойлайтындарын түсіремін.
Үлгі:
Абай
Бірнеше оқушыларды тақтаға өз ойларын түсіреді. Осы жазғандарын оқушылардың өздеріне қыскаша талдау жасатамын. Осыдан кейін мынадай сұрақ беремін.
1. Абай дегенде естеріңе не түседі?
2. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? Оқушыларға сонымен қатар Абайдың өлеңінен үзінді оқытамын. Осыдан кейін тақтаға түсірткен оқушылар ойларын негізге ала отырып сабақты түсіндіремін.
Абай Құнабайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Шыңғыстау өлкесінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибрагим. Руы тобықты. Әкесі Құнанбай осы рудың басшысы, аға сұлтан болған. Абайдың зерек болып өсуіне шешесі Ұлжан мен әжесі Зеренің әсері мол болған. Абай кейіннен Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып білім алады. Мұнда шығыстың ірі ғалымдары Фирдоуси, Низами, Науаи еңбектерімен танысады. Қалада болған кезінде орыс тілін шебер меңгереді. Көптеген орыс зиялыларымен танысып достасады. Бірақ Абайды әкесі Құнанбай ел билігіне араластыру үшін оқуын аяқтатпай ерте қайтарып алады.
Осы арада оқушыларға Құнанбай жайлы қысқаша әңгімелеп беремін.
Жас кезінен ел билігіне араласу Абайды ерте есейтеді. Осы кезден бастап Абай өлең жазумен айналысады. Оның өлеңдері жастарды білімге, ғылымға шақырады, халықтың сол кездегі нашар әлеуметтік хал-ахуалын суреттейді. Абайдың елуге жуық қара сөзінің аса зор философиялық мәні бар.
«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» деп аталатын үш поэма жазған. Орыс тілін жетік меңгеруі Абайдың орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуына жол ашады. Абай Л. Толстой, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М.Е. Салтыков-Шедринді аударған. Абайдың талантты Мағауия, Акылбай, Өбдірахман атты ұлдары болған. 1904 жылы Абай қайтыс болады.
Бұдан кейін оқушыларға дәптерлеріне Абайдың кез келген өлеңінен төрт жол үзінді жазуды тапсырамын. Бес минуттай уақыт оқушыларға өздері жазған өлең шумақтары жайында ойларын айтқызамын.
Бұл өтілетін тақырыптың маңызын аша түсуге көмектеседі.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға жазылған карточкалар таратамын.
Ондағы сұрақ үлгілері:
1. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны.
2. Абайдың жан-жақты өсуіне әсер еткен орта туралы айт. Оқушылардың ойларын тұжырымдап қорытындылаймын.
Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі. Абай өлеңдерінің әдебиетімізде алатын орны ерекше. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерімен жақын араласуы Абайдың прогрестік жолына үлкен әсер еткен. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді. Абай өмірінің ерекшелігін біз Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан оқып біле аламыз.
Бағалау:
Ү й тапсырмасы:
1. Зб-параграфты оқу.
2. «Абай жолы» романынан үзінді оқып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |