Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы


Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы

Сабақтың тақырыбы Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Ғұнатауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.
• Дамытушылық: Мемлекеттердің калыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.
• Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын керсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Көрнекілік:   
           1. «Ғұндар» картасы.
2. Жаңа сөздер жазылған плакат.
3. Ғұндардың батырлығын, жауынгер халық болғандығын дәріптейтін суреттер.
4. Ғұндардың пайдаланған қару-жарактарының суреті. 
Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі.
                       II. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушылардан мына ретпен сұралады.
1. «Алтын киімді адамның» табылу тарихы.
2. К. Ақышевтің Қазақстан археологиясына қоскан үлесі.
3. «Алтын киімді адамның» қабірінен табылған әшекей заттарды атап шығыңдар.
4. «Алтын киімді адамның» әшекей заттарына сипаттама беріңдер.
Одан кейін үйден осы «Алтын киімді адамның» тарихына қатысты жазып алып келген оқушылардың қосымша деректері оқылады.
  Қорытындылау. Сақтар кешпелілер өркениетіне өзіндік үлесін қоса білген тамаша мәдениет жаршыларының бірі. Сақ дәуірінен жеткен мәдениет үлгілері одан кейінгі мем-лекеттер өмірде өз жалғасын тапты. Сақ мәдениеті қазақ мәдениетінің қайнар көзі.
Жаңа сабақты түсіндіру
Қазақтардың арғы ата-бабалары ғұндар жөніндегі тақырыпты оқушыларға оқытудың тәрбиелік маңызы зор. Ғұндардың көшпелілер тарихында, жалпы әлемдік тарихқа қосқан үлесін ерекше. Жаңа тақырыпты түсіндіруде  өткен параграфтарда қарастырған сақтардың мемлекеттік, әлеуметтік-саяси кұрылымын ғұндармен салыстыра және оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында сұрактар қоя отырып баяндаймын.
Сабақ жоспары:
1. Ғұнатауы.
2. Ғұн мемлекетінің өрлеуі.
3. Ғұндардың көршілерімен саяси байланысы.
4. Ғұндардың шаруашылык өмірі, тұрмысы.
5. Ғұн мәдениеті.
Ғұндар -б.з.б. III ғасыр мен б.з-дың ІҮ ғасырында Орталық Азияда қоныстанған деп бастайды. Б.з.б. I мыңжылдыктың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазакстан аумағындағы «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады деп картадан ғұндардың мекендеген аумағын көрсетемін.
Мөде шаньюйдің ғұн мемлекетінің негізін салып, «Аспан ұлы» деген атаққа ие болуы женіндегі аңызды оқушыларға абзац бойынша кезек-кезек оқытып, қалған оқушылар оның мазмұнын түсіндіреді. Оқушыларға жеңіл болу үшін оны сұрақтарға жауап беру арқылы ұйымдастыруға болады.
Әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі болып табылатын Қытаймен қарым-катынасында ғұндардың басымдылығын Қытай императорының ғұндарға жыл сайын алым-салык төлеп тұрғанынан көруге болады. Алайда Қытаймен арадағы шиеленіскен қарым-қатынас, кейін ғұн мемлекетін дағдарысқа ұшыратып, екіге бөлінуіне алып келеді. Бұл жерде оқушыларға мәтіннен ғұн мемлекетінің дағдарысқа ұшырап, екіге бөлінуінің себеп-салдарын ашу тапсырмасы беріледі.
Сабақтың келесі кезеңі окушылардың эстетикалык білімін ұштауға негіз болуы тиіс. Ғұндардың шаруашылық негізіне, соғыс қаруын колдану дәстүрі жағынан жеткен жетістіктеріне косымша мәліметтер келтіре отырып түсінік беремін. Ол ойды тиянақтап, бекіту үшін төмендегі тапсырма орындалады. Кестені толтыр:

Ғұн қоғамы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
9) 
Бекіту:
1.Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?
2. Ғұндардың аты тарихта қандай әлемдік тарихпен тығыз байланысты?
3. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған?
4. Аманат дегеніміз не?
5. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?
6. Ғұн коғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды?
7. Б.з.б. 188 жылы болған қытайлыктар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?
8. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді?
9. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?
10. Ғүндардың баспанасы не болды?
11. Ғұндарда өркениеттің қозғаушы күші болған көсіп түрін ата.
12. Үлкен соғыстардың кезінде ғұндардың қолданған жебе түрі.


Бағалау:
Үйге тапсырма: 19-параграфтың соңындағы сұрақ тапсырмалар негізінде тақырыпты оқып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұн мемлекеті
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндар тарихы Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихының ерте кезеңі
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Батыс және оңтүстік ғұн империялары
Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3551 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык