Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тас дәуірі


Тас дәуірі

Сабақтың тақырыбы Тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:
 Қазақстан аумағындағы тас дәуірі туралы, ол кездегі еңбек құралдары, тас дәуірінде өмір сүрген адамдарды қалай атады, осы туралы баяндау
 Рулық қауымның шығуы туралы айта отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: баяндау
 Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
 Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?
 Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай  пайдасы болды деп ойлайсыңдар?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Кейінгі тас ғасырының хронологиялық ауқымы-б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы. Кейде адамдар ерте және кейінгі кейінгі тас ғасырының аралығңында  ортаңғы тас ғасыры болғандығын айтады. Оның мерзімі шамамен б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді.
2. «Саналы адам».
Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы дамыды. /Атеистер ілімі бойынша/
«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.
3. Рулық қауымның шығуы
Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығуына сәйкес келеді.
Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.


Сабақты бекіту:
• Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған?
• Палеолит дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?
• «Адамды адам еткен еңбек» дегенмен келісесің бе? Неге?
• Ру дегеніміз не?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3. Шығармашылық тапсырма: Жердің беті күрт суып,қыс ұзаққа созылды. Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар қырылды. Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті. Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды? Олар суықтан қалай қорғанды?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі
Орта тас ғасыры
Жаңа тас ғасыры
Мыс-тас ғасыры (энеолит)
Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
Тест
Тас дәуірі
Орта тас мезолит ғасыры б.з.б. 12-5 мың жыл
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2745 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык