Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кушан патшалығы


Кушан патшалығы

Сабақтың тақырыбы Кушан патшалығы

Сабақтың мақсаты: 
 Кушан патшалығының Орталық Азиядағы көптеген елдер мен мемлекеттердің саяси және мәдени дамуында үлкен рөл атқарғанын баяндау.
 Көшпелілердің саяси-экономикалық дамуы және Орта Азиядағы халықтар мәдениетінің астасуы туралытүсіндіру.
 Көшпелілер өркениеті туралы баяндай отырып, ежелгі заманға бабалар мұрасына сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, диолог.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, пәндік атлас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сабақтың тақырыбын, жоспарын тақтаға жаздыру, оқушыларды жаңа тақырыпты түсінуге бейімдеу.
Сабақ жоспары:
  Кушан патшалығының саяси дамуы
  Экономикалық қатынастар
  Мәдениеті
    Ең алдымен Кушан патшалығының Азияның орталық бөлігінің ғана емес, бүкіл ежелгі дүниенің дамуындаөзіндік рөл атқарғанын, ірі мемлекет болғанын ерекше атап өтемін. Пәндік атлас бойынша орналасқан жерін көрсетіп, Рим және Қытай империяларымен салыстарамын. Кушан патшалығы алғаш ежелгі Бактрия жерінде қалыптасып, кейіннен Шығыс Түркістанды, Үндістанның солтүстік бөлігін, Хорезм жерін біріктірген ірі мемлекет  құрылды. Оның алғашқы билеушілерінің бірі-Қатпыз.
   Құдіретті Кушан мемлекетін құрған және дамытқан оның солтүстік-шығысынан-қазіргі қазақ жерінен келген көшпелілер  болғанын баса сипаттаймын. Әсіресе көшпелілер сәулетті сарайлар мен күрделі суару жүйелерін салып, құрғақ, бос жатқан жерлерді жасыл бақ, егістік алқаптарына айналдырғанына ерекше тоқталып, Ұлы Жібек жолының Кушан жері арқылы өтетін тармағы туралы да баяндаймын.Кушандықтардың қалалары мен бекіністері туралы айтқанда архелогтар зерттеуі негізінде  алынған төмендегідей мәліметтерді айта кетуге болады. Кушан патшалығының қалалары тік бұрышты  көшелері бар, бекіністі болып келді. Қолдан құйылған үлкен кірпіштерден тұрғызылған бекініс дуалдарға алғашында төрт бұрышты, кейіннен бұрышсыз мұнаралар тұрғызылды.
     Кушандық кезеңдегі бекініс үлгісі ретінде Хорезмдегі топырақ-қала бекінісін атауға болады. Бұл бекініс жеті ғасыр- б.з.б. І ғасырдан б.з. VII ғ. дейін сақталған. Бекініс кірпіштен тұрғызылған дуалмен қоршалған. Қазба барысында археологтар ІІІ-ІV ғасырларға тән сарайдың орнын тапты.
      Археологтар жүргізген қазба жұмыстары Орта Азия халықтарының кушандық кезеңде  жергілікті дәстүрлерді дамытумен қатар, үнді, парсы, грек-македон мәдениетінің  озық үлгілерін қабылдай отырып, өз мәдениетін жаңа сатыға көтергенін көрсетеді. Мәдениет мәселелері туралы айтқанда  оқушылардан зороастризм жөнінде сұрай отырып, олардың жауаптарын жаңа мәліметтермен толықтырамын.   Үнді мемлекеті тарихын оқығанда  бұл мәселеге толығырақ тоқталатындарын да ескертемін. 
     Кушандықтардың мүсін және бейнелеу өнері туралы айтқан кезде баса көңіл бөлетін мәселе-кушандық шеберлер құдайларды, мифтік кейіпкерлерді емес, адамдарды- патша мен оның туыстарын бейнелегіні. Жеңімпаз Қанышке храмы  сарайы туралы айтқанда оқулық авторының  жас ұрпақ бойында өз ата-бабаларының сонау ерте замандағы тамаша жетістіктеріне деген мақтаныш, әрі патриоттық сезім отын тұтатуға тырысқандығы байқалады. Бұл идеяның сабақты қорытуға да  арқау етемін.
Үйге тапсырма:§16
 Бұл  мәселеде тарихи байланыстылық пен сабақтастық ұғымын тиянақтау, бекіту мақсатында біраз шаралар жасаймын. Яғни Бактрия мен Кушан мемлекеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары  туралы сұрақтар, тест т.б.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Парфия патшалығы.
Кушан патшалығы
Парфия патшалығы
Ежелгі дүние тарихы
Хетт патшалығы
Ежелгі Бактрия
Ежелгі Қазақстан тарихы
Парфия патшалығы
Ежелгі Қазақстан мәдениеті
Парфия патшалығы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 10434 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык