Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қытай, Моңғолия


Қытай, Моңғолия

Сабақтың тақырыбы Қытай, Моңғолия

Сабақтың мақсаты:
 Қытайдың 1918-1939 жылдар аралығындағы ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, 1919, 1925-1927 жылдардағы революциялық қозғалыстың жалпыхалықтық антиимпериялистік сипатын ашып көрсету. 1927-1937 жылдары азамат соғысына ұласқан Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес туралы  түсінік беріп, оқушылардың назарын Қытайдағы Кеңестік қозғалысқа аудару. 
 1937-1945 жылдары Жапон басқыншыларына қарсы күресу үшін біртұтас ұлттық майданның құрылғанын айтып, оның міндеттерімен таныстыру.
 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси-экономикалық даму жолына сипаттама беріп, 1924-1940 жылдардағы реформалардың мәнін ашып көрсету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карталар
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
 «Жапония» дегенде не айтқымыз келеді?
 Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы  сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.
 Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы.
2. Саяси партиялар және саяси күрес
3. Қытайдағы 1925-1927 жылдардағы Ұлттық революция
4. Гоминьдан мен коммунистердің  арасындағы қарулы күрес.
5. 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси экономикалық жолдары.
6. Моңғолиядағы 1924-1940 жж. экономикалық реформалар


Негізгі оқиғалар:
• 1919 жылғы 4 мамырда Қытайдағы антиимпериялистік қозғалыс болды.
• 1921 жылғы сәуірде Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып жарияланды.
• 1925 жылғы 30 мамырда Ұлттық рефолюция басталды.
• 1926-1927 жылдардағы Солтүстік жорығы
• 1931 жылғы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды.
• 1937 жылы Біртұтас антижапондық майдан құрылды.
• 1937 жылы тамызда КСРО-Қытай  арасындағы шартқа қол қойылды.
• 1921 жылы Моңғолия Халық партиясы құрылды.
• 1924 жылы МХР жарияланды.
Сабақты бекіту:
 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай?
 МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың  қатарынан шықты?
 КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды?
 Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?
 Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер
 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.
 Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, еңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §12. КСРО-ның Қытайдың және Моңғолияның ісіне араласуына баға беру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жапония. Қытай. Монғолия
Үндістан және Азия елдері
Германия
Кеңес одағы
Жапония
Оңтүстік-Шығыс Азия елдері
Үндістан
Иран, Ауғанстан
Үндістан
Қытай, Монғолия
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 16896 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык