Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 5028 |
|
|
|
ХІҮ-ХҮ ғасырдың І-ші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
Сабақтың тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырдың І-ші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
С/тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырдың І-ші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
С/мақсаты:-ХІҮ-ХҮғғ І-ші жартысындағы Қазақстан аумағындағы
Мемлекеттердің,әлеуметтік, саяси құрылысына сипаттама беру;
-Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау
дағдыларымен дамыту
-Оқушыларды өз елін сүюге, қандай да болмасын өктемдікке,
қарсы күш көрсетуге қарсы тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесін олардың санасына сіңіру.
-Оқушыларды еліне,жеріне, туған халқының дәстүріне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
-Оқушыларды еңбектене білуге, намысқойлыққа, ержүректілікке
көркем әдебиеттерді тарихи шағармаларды пайдалану
арқылы тәрбиелеу.
С/түрі: конференция
С/әдісі: ізденіс, зерттеу, пікір талас, сұрақ-жауап, әңгімелеу, қосымша
материалдармен.
С/көрнекілігі: Суреттер, Цитаталық сөздер,карталар, интерактивті тақта т.б.
С/барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а). Сәлемдесу
ә). Түгендеу
ІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.
1. Топқа бөлу / таныстыру /
І. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Қандай мемлекеттер «ерте және орта ғасырлардағы» мемлекеттерді
құрайды?
2.Үлестік тайпалық басқару жүйесі қалай қалыптасты?
3.Мемлекетті басқарушы ақсүйектер тобының міндеттері қандай
болды?
4. Қорытынды / мұғалім сөзі /
ІІІ. Жаңа тақырып.
Жаңа сабақты бастамастан бұрын мына сөзге назар аударсаңыздар:
«Білім беру реформасы-Қазақстанның
бәсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдардың бірі»
ҚР-ның Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына 2006ж 1наурыздағы
Жолдауынан.
«Бәсекеге қабілетті Қазақстан» болуымыз үшін ең бірінші білім қажет екенін естен шығармауымыз қажет. Сол білімге еліміздің тарихын білу арқылы жететініміз түсінікті. Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың
тақырыбы: ХІҮ-ХҮғ І-жартысындағы Қазақстан аумағындағы
мемлекттер.
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн
көрер.
Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер!?
деп жырлаған Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы тарихымыздың ауыр кезеңдерін, халықтың өткені мен ертеңі туралы толғаныс, жылжыған сайын –талассыз ақиқат екеніне тоқталып отыр.
Слайд / көрсетіледі /
Сұрақтармен жұмыс:
1. Мемлекеттердің саяси құрылымының мәнін ашып көрсетіңдер?
2. Билік ұйымдары мен лауазымды бірліктердің функцияларын анықтап берсеңдер?
3. Енді ХІҮ-ХҮғғ жеке хандықтардың тарихына арналған кестеге назар аударсаңыздар?
Ақ Орда мемлекеті:
1.Көк Орда, Ақ Орда ұлысы атауларының пайда болуын түсіндіріңдер?
Осы саяси құрылымдарда Орда Ежен мен Шайбани ұлысы қандай орын алады?
Қосымша материал.
Әбілқайыр хан мемлекеті / 1428-1468 жж /
1.Қандай мемлекеттің ыдырауы барысында Әбілқайыр хан мемлекеті құрылды.
Жауап: / ХҮғ 20-жылдарында Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы барысында Қазақстанның далалық бөлігінде Әбілқайыр хан мемлекеті құрылды/.
Моғолстан
1. Моғолстан қай ұлыстың жерінде құрылды?
Неліктен Моғолстан құрылды?
2. Моғолстанның алып жатқан аумағына сипаттама беріңдер?
3. Моғол хандығының этникалық құрамы туралы сипатта?
4. Саяси жағдайы қалай қалыптасты?
Ноғай Ордасы
1.Ноғай Ордасының құрылуы туралы не білесіңдер?
2.ноғай ордасының этникалық құрамы туралы түсінік беріңдер?
3.Ноғай ордасының қоғамдық құрылысын сипаттаңдар?
Жалпылама берілетін сұрақтар?
1.ХІҮ-ХҮ ғғ Қазақстан халқының әлеуметтік құрылымын сипаттаңдар?
2.Көшпелі және отырықшы қоғам мүшелерінің салық түрлері қалай ажыратылады?
Жауап: / Барлық жер мемлекет меншігі болып саналды. Икта /шартты түрде берілген жер иелігі/
Сойырғал дегеніміз-көшпелі ақсүйектердің малшылар мен отырықшы егіншілікпен айналысатын тұрғандарға үстемдігінің бір түрі, сыйға шартты жер бөлігі/,берілетін
бағынышты тәуелділік қатынастар –тархандық сый тарту жүйесі.
Өзара қақтығыстарда күшпен тартып алынған жерлер де жеке меншікке /мильк/ айналдырылды.
Мұсылман діни мекемелер мен дінбасыларының жеке меншігі-/вакфтық/ жерлар болды.
Жерге иеліктің түрлері: Икта
Інжу
Сойырғал
Тархандық
1.Мемлекеттік жер / диуандық/
2.Інжу-ірі жер иелену
3.Вакфтық-дін иелігі
4.Мильктік -шаруалар
Сабақты қортындылау: Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы ыдырағаннанкейін, осы аймақта Қазақ хандығы құрылып, дами бастады. Қазақ хандығының құрылуының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор.
Сабақты аяқтау: «Ойлана біл, ойна да күл,
Жақсы білім алып,
Ойыңды дамыта біл» деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Бағалау:
Үйге тапсырма : «ХІҮ-ХҮ ғасырдың І-жартысындағы Қазақстан
аумағындағы мемлекеттерге» баяндама жазып келу.
Мемлекттерге ізденіс жұмыстарын жүргізіңдер.
1.ХІҮғасырдың соңы мен ХҮ ғасырдың І-жартысында Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің ортақ белгілерін анықтаңдар?
ХІҮ ғасырдың соңы Ортақ белгілері ХҮ ғасырды І-жартысы
-Тікелей дербес қазақ мемлекеттілігінің құрылуының алғышарты болды.
-бірнеше мемлекет пайда болып дамыды және ыдырау кезеңін басынан өткізді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |