Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғылым мен білімнің дамуы


Ғылым мен білімнің дамуы

Ғылым мен білімнің дамуы

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  Орта ғасырлар кезеңінде өмір сүрген түрік ғұламалары мен олардың еңбектерін, өмірі мен өнегелерін оқушыларға  баяндау.
     Дамытушылық:  оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
   Тәрбиелік:  оқушылардың ғылымға,  білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру ғылым қайраткерлерінің  еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  СКТТ,  сұрақ-жауап, талдау.
Көренкіліктері:  ғұламалар портреттері, тірек-сызба, карта
Пәнаралық байланыс:  қазақ әдебиеті, география
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:  оқушылармен амандасу, көңілдерін сабаққа бөлгізу. 
ІІ. Мақсат қою кезеңі:  ислам дінінің таралуына байланысты ғылым мен білімнің дамуын, жетістіктерін тереңдете оқыту. 
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімін тексеру.
1. Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды? 
2. Ислам діні қай кезде қабылданды? Оны мемлекеттік дін деп кім жариялады?
3. Ислам дінінің негізін қалаушы кім?
4. Негізгі  5 парыздарды ата.
5. Әлемдік діндерді ата?
IV. Жаңа сабақ.
Жоспары: 
1. Ғылымның дамуы. 
2. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.)
3. Тіл білімінің дамуы
4. Махмұд Қашғари (1030-1090 жж.)
5. Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.)
6. Әдебиет 
7. Ахмет Игүнеки
8. Қожа Ахмет Йассауи (1103-1167 жж)
 
Білімі - Болашақ ғалым алғаш туған жері
Отырар медресесінде, кейін Шам, Исфахан, 
Самарқан, Бұқара, Халеб, Мысыр, Дамаск қалаларында
оқып, жан-жақты білім алған. 70- ке жуық тіл білген 
Еңбектері          түрлі ғылым салаларында 150-ге жуық   
еңбектер жазып қалдырды. «Ғылымдардың шығуы», 
 «Бақытқа жол сілтеу», «Музыканың үлкен кітабі», 
«Сөз, шешендер туралы»   т.б.
Тарихтағы орны – Аристотельден кейінгі екніші ұстаз, ұлы энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын.Әл-Фарабидің логика мен медицина,
ғарышнама мен анатомия, философия, заң ғылымы сияқты ғылым
қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
Қорытынды          Тек шығыстың ғана емес, Батыстың ғылымы мен   
мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым
Фараб аймағынан шыққан, ХІІ ғасырда өмір сүрген Исхақ әл-Фараби, Жауһари әл-Фараби, Ахмад әл-Фараби сияқты ғалымдар да ғылым мен біліинің дамуына өз үлестерін қосты.
Еңбектері          Мәңгі өшпес мұрасы – 3 кітаптан тұратын   
 «Түрік тілдерінің сөздігі» -  «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі
Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен-жайлардың аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мәліметтер алады.
Еңбектері          Мәңгі өшпес мұрасы – 3 кітаптан тұратын   
 «Түрік тілдерінің сөздігі» -  «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі
Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, Қашғарияда аяқтаған Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның сол еңбегі үшін 
Ұлы Хас Хажип деген  лауазым берген.
 Халық көзі тірісінде  «ақындардың ақыны,
 даналардың көшбасы» деп баға барген.
Бізге жеткен еңбегі -  «Ақиқат сыйы».
«Ақиқат сыйы»  дастанында халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады.
Шешесінің аты – Айша (бір деректерде Қарашаш).
 
Бала кезінен Йасы (қазіргі түркістан) қаласын
                                мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен
     Ахмет Йассауи атанады. 
 
Білімі – Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан білім алып,  
Йасыға оралады. Арыстан бапты пір тұтады.
 
Қожа Ахмет Йассауиден қалған мұра «Диуани Хикмет», яғни  
«Даналық кітабі» түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.
 
Шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім Ата атанағн 
Сүлеймен бақырғани халықты имандылыққа шақырды.
 
V. Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар.
1. Қазақ жерінде ғылымның дамуына себеп болған жағдай?
2. Әл – Фараби туралы әңгімелеңдер.
3. М. Қашғаридің сіңірген еңбегі мен әйгілі шығармасы туралы айтыңдар.
4. Ж. Баласағұни туралы не білесіңдер?
5. Қожа Ахмет Йассауи туралы не білесіңдер?
                              Сәйкестендір:
Әбу Насыр Әл-Фараби                          «Ақиқат сыйы»
Махмұд Қашғари                                   «Музыканың үлкен кітабі»
Қожа Ахмет Йассауи                             «Диуани Хикмет»
Жүсіп Баласағұни                                  «Диуани лұғат ат-түрік»
Ахмет Игүнеки                                       «Құт негізі білік»
VI.  Сабақты қорыту. Оқушыларды бағалау. 
VІI. Үйге тапсырма:   §20. Мәнжазба әзірле
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет» кітабы
Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналар
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы
Орта ғасырлардағы қазақ даласында туған тарихи шығармалар және қазақ жерінен шыққан даналар
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5470 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык