Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2307 |
|
|
|
Қазақстан-Егемен мемлекет
Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан-Егемен мемлекет
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
• Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершішк сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: КСРО картасы, тарихи тұлғалардың суреттері және Н. Ә. Назарбаевтың суреті.
Сабақтық барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
• Деңгейлік тапсырмалар
• Тест тапсырмасы
• Сәйкестендір
• Сөзжұмбақты шеш
1. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгейлік тапсырмалар
1. Қазақтың тұңғыш академигін ата.
2. Қазақтың қандай опера әншілерін бересін?
3. Олимпиада чемпиондары
ІІ. Деңгейлік тапсырма
1. 1998 жылы «Академик_____________________________» оның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
2. Халықаралық опера фестивалі қай жылы қай қалада өтті?
3. Қазақ әдебиеті өкілдеріне кімдерді жатқызамыз?
ІІІ. Деңгейлік тапсырма.
1. Шәкен Айманов қай жылы қай жерде туған? Қандай киноларды түсірген?
2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? Роман не туралы баяндалады?
3.Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғылымына қандай үлес қосқан.
2. Тест тапсырмасы
1. Тұңғыш қазақ академигі?
А) Қ.Сәтбаев Ә) М.Әуезов Б) Ә.Бөкейханов
2. Халықаралық опера фестивалі Алматы мен Астанада қай жылы өтті?
А) 2001 ж Ә) 2000 ж Б) 1998 ж
3. Түркістан қаласында орналасқан кесене?
А) Жошы хан кесенесі Ә) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі Б) Бабаджа хатун кесенесі
4. Афина олимпиадасының жалғыз Қазақстандық чемпионы?
А) Е.Ибрайымов Ә) Б.Саттарханов Б) Б.Артаев
5. Қазақ кино өнерінің көрнекті кинорежиссері?
А) Ш.Айманов Ә) Ш.Айтматов Б) Ш.Мұртаза
6. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы бірлескен халықаралық жоба?
А) Жаужұрек мың бала Ә) Шал Б) Көшпенділер
7. Қазақ әдебиеті саласында талантты жастарға “Дарын” сыйлығы қай жылдан бастап беріле бастады?
А) 1991 ж Ә) 1992 ж Б) 1994 ж
3. Сәйкестендіру
4. Сөзжұмбақты шеш.
1 Қ а Р Қ А Р А Л ы
2 Қ А З А Қ
3 А З А М А т
4 С М А Ғ Ұ Л
5 Р Ы С Қ Ұ Л О В
6 Т Ү Р К С І Б
7 С Ә Т Б А Е В
8 Г А Г А Р И Н
9 М Ә Н Ш Ү К
Сұрақтары:
1. Әлихан Бөкейханов қай уезде дүниеге келген?
2. Алашорда үкіметінің баспасөз орталығы қай газет болды?
3. 1918-1920 жылдары елде болған соғыс?
4. “Қазақстан бұрын отар еді, әлі де отар болып қалды” кімнің сөзі?
5. 1933 жылы Сталинге ашық хат жазған адам
6. Индустрияландыру жылдары салынған темір жол құрылысының атауы
7. Тұңғыш қазақ академигі?
8. Қазақ топырағынан ұшқан тұңғыш ғарышкер?
9. Кеңес Одағының Батыры, пулеметші қазақ қызы?
III. Жаңа сабақ.
Үй тапсырмасын тексергеннен кейін жаңа сабаққа көшемін.
Жаңа сабактың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады.
Материалды түсіндіру жоспары:
• КСРО ыдырауы. Қазақстан егемен, тәуелсіз мемлекет болып жариялануы
• Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті
Бұрынғы КСРО картасы мен Қазақстан картасын көрнекі құрал ретінде пайдаланумен қатар, салыстыра отырып сабақты түсіндіремін.
1922 құрылған Еуразиядағы алып мемлекет КСРО-ның құрамында 15 одақтас ел болды. Одақ құрамындағы барлық республиқалардың өз бетімен қандай да бір мәселені шешуге құкығы болмады. Барлық билік тек қана Мәскеудің қолында болды. Әсіресе Қазақстанда жағдай барған сайын қиындай түсті. Қазақтар өз ана тілінен, салт-дәстүрінен айырылды. Көптеген қазақ мектептер жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өз байлығына өз ие бола алмады. 1979 жылы Целиноград қаласында жастар шеруі Кеңес үкіметі билігіне қарсы болды. Ал келесі ірі наразылық 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш рет жастар отаршыл империяның саясатына қарсы шықты. Олар басшылыққа қазақ азаматының келуін талап етті. Алаңға шыққан жастар қатаң жазаланып таратылды.
1991 жылы КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы республиқалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады.
1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнаткан.
Оқушылардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы не білетінін сұраймын.
1. Президенттің басты қызметі қандай?
2. Н.Ә. Назарбаев жайында не білесіңдер?
Бұдан әрі ҚР Президенті Н.Ө. Назарбаев жайында қысқаша әңгімелеп беремін.
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жоғары техниқалық оқу орнын бітірген. Мамандығы инженер-металлург. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастап, басшылық қызметтерге дейін көтерілген.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкіл-халықтық Президент сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Респубикасының Президенті сайланды.
Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент қарулы күштердід бас қолбасшысы болып саналады.
Бекіту сұрақтары.
1. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата.
2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың?
3. Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде?
4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп ойлайсың?
5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің?
6. Президент мемлекет үшін кім?
Қазақстан – Егемен мемлекет
КСРО ыдыраған жыл Желтоқсан оқиғасы болған жыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған уақыт Қазақстан Республикасының Президенті
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқу.
Датамен жұмыс.
«Егер мен президент болсам...» тақырыбына шағын әңгіме жазу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |