Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан тарихы пәнінде танымдық мәселені ойша іздестіру мен проблемалық жағдайды шешуде тұлғаның шығармашылық жұмысын қалыптастыру жолдары


Қазақстан тарихы пәнінде танымдық мәселені ойша іздестіру мен проблемалық жағдайды шешуде тұлғаның шығармашылық жұмысын қалыптастыру жолдары

Қазақстан тарихы пәнінде танымдық мәселені ойша іздестіру мен проблемалық жағдайды шешуде тұлғаның шығармашылық жұмысын қалыптастыру жолдары.

 «Қазақстан тарихы» пәні оқушылардың білімін арттырып, ынталандырып, зейінін тұрақтандыратындай және психологиялық жаттығулар жүргізуге негізделген және олардың дүние танымын жетілдіру  мақсатында сабақта«Проблемалық оқыту технологиясын» қолдануға болады. Оқушыларға негізгі тақырып мазмұнын түсіндіру арқылы, олардың ой еңбегіне негізделген үй тапсырмаларын орындауы мен өздік жұмыстарды істеуде «Проблемалық оқыту технологиясы» өзіндік мүмкіндіктер береді. Сабақ барысында салыстырмалы түрде проблемалық жағдайлардың себебін, ұқсастығы мен салдарын анықтауда мүмкіндіктер алып және қажетті сұрақтардың шешімдерін табуға оқушылар бағыт – бағдар  алады.
Танымдық мәселені ойша іздестіру мен проблемалық жағдайды шешу ақыл-ойды қалыптастырады және шығармашылық жұмыста тұлғаны қалыптастыруда мұның  өзіндік ролі бар. Мұғалім сабаққа дайындық барысында ең алдымен, пәнге арналған оқу бағдарламамен танысуы тиісті және қажетті оқу жабдықтары- кестелер, сызбалар, үлестірме, дидактикалық материалдарды, білім беру әдісі мен тәсілдеріне көңіл бөледі. Осы сабақ тақырыбына байланысты конспект, сұрақтар мен шешімдерді де қарастырады.
             Қазіргі уақытта жалпы орта мектептерде оқу процесінде негізгі өзекті мәселе: қайткенде де оқушының дүниетанымдық қабілетін жетілдіру болғандықтан, оған білім беру негізінде мысалы, оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында проблемалық оқыту әдістерін қолданудың өзіндік ролі ерекше.
Пәндегі атқарылатын тәжірибелік жұмыстың іс жүзінде оқушының танымын қалыптастыруда және келешекте өзіне тиісті мамандықты таңдауда маңызы бар. Өйткені  «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мұғалімнің алға қойған негізгі мақсаты  оқушылардың өздері өткен  тақырыптары мен тараулардан алған білімдерін жинақтай білуге, оны есте сақтауға, өзіндік талдауға, тұжырымдай білуге дағдыландыру болып табылады. Пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында оқушылардың алған білімдерін тереңдету болмақ. Осылайша дәріс беру іскерлікті, іздемпаздықты, оқушылардың байқау қабілетін жетілдіруге, сонымен бірге сөздік қорын молайтуға мүмкіндіктер береді.Проблемалық оқытуда оның алғы шарттарын С.Л Рубенштейн, Н.А Мечинская, Г.С Костюк, А.М Матюшин т.б. өз еңбектерінде: «Жаңа ұрпақ жастары білім қорын қабылдап, өзінің танымдық қабілеттерін тек өздерінің белсенділігімен, өзіндік ізденулерімен ғана дамыта алады» деген болатын. «Қазақстан тарихы» пәні  бойынша оқушылардың алған білімдерін қортындылау және сабақ барысында ой элементтерін пайдалана отырып оқушылардың көңіл күйін көтеру, өз қатесін ұғынуға және эстетикалық талғамын арттыруға тәрбиелеуде проблемалық оқытудың өзіндік ролі бар.
 
Сабақтың тақырыбы: “60-80-ші жылдардағы Қазақстан»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда халық шаруашылығында орын алған өзгерістердің себептері мен мәнін түсіндіру.
Сабақтың білімділігі: Оқушыларға 60-80 жылдардағы Қазақстандағы ғылыми-техникалық прогресстің дамуын және Кеңес өкіметінің дағдырыстарын түсіндіру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың өздігінен жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқу материалдарындағы басты мәселені ажырата білу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу.
Сабақтың тәрбиелігі: Оқушылардың өздігінен ізденуіне және оларға нарықтық экономикаға негізделген демократиялық материалдардан түсініктер беріп тәрбиелеу. 
  Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, картамен, сызба кестемен, Венн диаграммамен, ассоциациясымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба кесте: «Тіке теріс саясатының Қазақстан үшін салдары», «Ұлттық қатынастар», Қазақстанның территориялық-әкімшілік картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, кесте үлгісі «Ұлттық мәдениет түрлерінің деңгейі», «Желтоқсан оқиғасы».
Сабақтың барысы:
І  Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды  журналдағы тізім бойынша түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші сайлау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы берілген сұрақтар бойынша сұралып, қорытылып, соңынан бағаланып, бекітіледі.
 
ІІІ  Жаңа сабақтың барысы: 
Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспары таныстырылады. Сабақ төменде берілген жоспар бойынша қарастырылады:
1. Қазақстанда 1960-1980-ші жылдарда халық шаруашылығығында орын алған өзгерістері мен себептерін, оның мәнін түсіндіру.
2. Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы мәдени өмірінің көрінісі.
3. Қазақстан қайта құру кезеңінде.
Бірінші тапсырма бойынша 1960-1980-ші жылдарда кеңестік халық
шаруашылығында болған өзгерістерге оқушылар көңілі аударылады.
 
Шаруашылықты реформалау 1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК Пленумында қарастырылды. Хрущев реформаларынан кейін ауыл шаруашылығының нәтижелерінің төмендеуі, шаруалардың өз еңбектерінің нәтижелерінен аласталуы және азық-түлік тапшылығы сияқты кемшіліктерден арылту үшін қандай шаралар қолданылуы керектігін оқушылар ой талқысынан өткізеді.
Болжамды жауабы:
- Көрсетілген кемшіліктерді болдырмау үшін ғылыми-техникалық революцияның  жетістіктерін ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке кеңірек еңгізу қажет еді.
Тапсырманың екінші сұрағын қарастыруда, Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы мәдени өмірінде жағымды көріністермен бірге жағымсыз көріністердің болғандығын кесте түрінде түсіндіріп, оқушылар сипаттама жасауға тиісті. 
Болжамды жауаптары:
- Жағымды көріністері: Тәуелсіздік алу қарсаңында Қазақстан жұртшылығы көптен күткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтің т.б. ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің мұрағаттарының ақталуы, оның жарық көруі, 22 қыркүйек 1989 жылы – “Тілдер туралы заңңың” қабылдануы.
- Жағымсыз көріністер төменде келтірілген ассоциативті кесте арқылы түсіндіріледі.
Жауабы:
Ұлттық мәдениеттің төмендеуі-
- Мәдениет жеке мәдени үлгілер түрінде қарастырылуы;
- Партия органдарының қатаң бақылауы;
- Қазақ тілінің іс жүзінде пайдалануының төмендеуі;
- Қазақ тілі мен ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық.
 
Үшінші тапсырма бойынша «Қазақстан қайта құру кезеңінде» – сұраққа оқушылар 80-ші жылдардың басында халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстарына, онда орын алған қарама-қайшылықтар мен әміршіл-бюрократиялық жүйенің қателіктеріне сипаттама төмендегі сұрақтар мен кесте түрінде беріледі.
Проблемалық сұрақтар:
1. Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылысының себептері неден?
2. Рухани мәдениеттің құлдырау себебі неліктен?
Болжамды жауаптары:
1. Басқару орталығының экономикалық отарлық бағытында қалыптасып, олардың республика мен еңбешілер мүдделерімен санаспауынан еді.
2. Ұлттық мәдениеттің деңгейіне менсінбей қараушылықтан, кері әсерін тигізді.
Ассоциативті кесте құру:
Болжамды жауаптары:
- Әлеуметтік реформалардың тежелуі;
- Қазақстан экономикасының отарлық құрылымы;
- Заңдылықтың сорақы бұзылуы;
- Ұлттық мәдениеттің төмендеуі.
Сабақ барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына түсініктеме беріледі.
 
IV. Қорытындылау.
Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстары төмендегі сұрақтар бойынша пысықталып бекітіледі:
1. Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістердің себептеріне?
2. Шаруашылықтың экстенсивті дамуының сипаты неде?
3. Қазақстанда  1960-1980-ші жылдардағы ұлттық мәдениеттің деңгейі қандай болды?
4. Республиканың ұлттық және саяси жағдайы?
5. Қазақстанда 1980-ші жылдары қайта құрудың басталу себебі неліктен?
6. Алматы қаласында 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаның себебі неден?
7. Экологиялық  жағдайдың Қазақстанда төмендеуі неліктен?
8. Арал және Семей полигонының проблемалары?
9. Табиғат ресурстарының осы кезеңдердегі жағдайы.
10. Кеңес өкіметінің ыдырауындағы саяси жағдайлары?
Берілген сұрақтар бойынша сабақ қорытылып, бекітіледі.
V. Білімді бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты баға беріледі.
VI. Үй тапсырмасы:
1. «60-80-ші жылдардағы Қазақстан» - тақырыпты оқып, оны мазмұндау.
2. Тарихи терминдерге анықтама беру.
3. Тақырыпқа байланысты тарихи материалдарды жинақтау.
4. Тақырыпқа байланысты өздік жұмыстар түрін (баяндама, реферат, сөзжұмбақ құрастыру) орындау.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезіндегі Қазақстан
Дүние жүзі тарихы
Америка Құрама Штаттары, Канада
Иран, Ауғаныстан
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға көрсетілген қарсылық
Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға көрсетілген қарсылық
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2477 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык