Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сарматтар туралы деректер


Сарматтар туралы деректер

Сабақ тақырыбы: Сарматтар туралы деректер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сармат тайпасының саяси тарихымен, шығу тарихымен, мекен еткен жерлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сарматтардың саяси тарихынан деректермен таныстыра отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, тарихи фактілерге баға беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ халқының негізін құрған тайпалардың бірі екендігін, оның тарихының қазақ тарихындағы орнын түсіндіру,маңызын әңгімелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгіме, СТО
Көрнекілігі: Ежелгі Қазақстан картасы, сызбалар, ребус, қималар, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылармен амандасу.Сыныптың психологиялық ахуалын жасау.
Сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
 Лездік сұрақтар қою.
1. Ғұндарды мыңбасын, жүзбасын,онбасын кім тағайындады?
2. 5 ғ. 30 жылдарындағы ғұндарды Еуропаға танытқан басшысы?
3. Аттила туралы қай тарихшы жазған?
4. Ғұн мемлекетінің негізін қалаған кім?
5. Ғұн билеушісін қалай аталады?
6. 451ж. Галлиядағы римдіктер мен франктердің біріккен күштерімен ғұндар арасындағы шайқас  қалай аталады?
Ребус шешу.Сабақтың тақырыбын анықтау,сабақтын мақсатына шығу.
    ІІІ. Жаңа сабақ
    Сабақ жоспары:
   1.Сарматтардың шығу тарихы
   2. Сармат тайпаларының орналасуы
   3. Ерте темір дәуіріндегі сармат тайпалары
   4. Сарматттардың археологиялық ескерткіштері
Мұғалімнің шолу жасауы
«Сармат» деген жұрттың аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Осы ғасырда сарматтар күшеейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған. Оларды тарихи деректерде алғашқы кезеңде, б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. 
Арал – Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай дах тайпалары тіршілік еткен. Каспийдің жағалауында каспийлер өмір сүрген. Каспий теңізін сол кезде Гиркан теңізі деп атаған, соған байланысты каспилерді кейде гирканилер дейтін. Сарматтардың ескерткіштері біздің жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Батыс Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Оның көпшілігі Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойында. Бұл жақтағы обалар негізінен топырақтан, тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген. Атырау облысының оңтүстік – шығысындағы теңіз жағалауы аудандарында (шамамен Сарықамас елді мекенінен Құлсары кентіне дейін) саз – топырақты төбешіктер бар.
 Савроматтар б.з.б. 2 ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулап, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті. Савромат жөнінде грек, Рим тарихшылары Диодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен.  Савромат – сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнаиып, Алдынғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.
 Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың хабарлауынша, савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген, қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған және савроматтар дах – массагеттермен, исседондармен туыстас келген. 
  Ғалымдар Оңтүстік Орал, Еділ бойы, Батыс Қазақстан жеріндегі савромат – сарматтардың мөлшерлі санын анықтауы бойынша, б.з.б. 2 – 1 ғасырларда савромат – сарматтардың саны 10 мыңға, б.з.б. 3 – 2 ғасырларда 20 мыңға жуық, ал б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. – дың 1 ғасыры аралығында 5 – 7 мың адам болған.
Сызба арқылы көрсету
Сарматтар Батыс Қазақстан жерінен біртіндеп жаулап Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті
 
Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ, Парфияға 
                               жаулаушылық жорықтар жасады
Сарматтар скиф тіліне Дах – массагет,    
жақын тілде сөйлеген исседондармен туыстас 
 
 
Б.з.б. 2 – 1ғ. – 10 мың, б.з. – дың 1ғ. – да 5 -7 мың адам болған
Басқа тайпалармен араласып, бірқатары отырықшылық салтқа көшкен.
 
Оқушылар әрекеті:
Жасырын мәтіннің атауын табыңдар.1- топ.
         «Сармат» деген жұрттың аты көне дәуір авторлардың еңбектерінде б.з.б 3 ғ кездеседі. Осы ғасырда сарматтар күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған. Оларды тарихи деректерде алғашқы кезеңде, б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Арал – Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай дах тайпалары тіршілік еткен. Каспийдің жағалауында өмір сүргендіктен каспиилер деп атаған. 
2-топ. 
Сарматтар б.зб. 3 ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулап, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті. Савромат – сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Көршіліес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады. Сарматтар жөнінде грек, Рим тарихшылары Диодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен. 
3- топ.
          Сарматтардың ескеркіштері біздің жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Батыс қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарында орналасқан. Оның көпшілігі Жайық, Елек, Жемөзендері бойында. Бұл жақтағы обалар негізінен топырақтан, тастан үйілген. Әсіресе Атырау обылысының оңтүстік шығысында Сарықамыс елдімекенінде сазды төмпешіктер кездеседі. Үстіртте зерттелген Бәте, Терең ескерткіштерінде адамды жерлеген орындармен қоса аруақтарға арнап ас беру, мінажат жасау ғибадатханалары кездеседі.
№2  Туысқан сұрақтар
Мына сөздермен сұрақтар құрастыру.
 
 
ІҮ.Сабақты бекіту:
Тест алу. 10 сұрақтан тұратын.
Ү.Сабақты  қорыту: 
Сармат пен савромат тайпаларының арасында байланыс бар ма?
Оқулықтағы «Сармат сарбаздары» суретіне қарап отырып, бес шумақты өлең құрастыру.
Зат есім                       (Сармат)
Сын есім (ержүрек, батыр)
Сан есім б.з.б. 8-5
Етістік (өмір сүрген)
Зат есімге синоним     (тайпа)
Бағалау.
Үйге: §23 оқу, мазмұндау.
           3 тапсырманы жазбаша орындау.
           «Сармат - савроматтардың көне замандағы орны» шағын әңгіме жазу.
«Сармат» деген жұрттың аты көне дәуір авторлардың еңбектерінде б.з.б 3 ғ кездеседі. Осы ғасырда сарматтар күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған. Оларды тарихи деректерде алғашқы кезеңде, б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Арал – Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай дах тайпалары тіршілік еткен. Каспийдің жағалауында өмір сүргендіктен каспиилер деп атаған. 
 
 
Сарматтар б.зб. 3 ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулап, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті. Савромат – сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Көршіліес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады. Сарматтар жөнінде грек, Рим тарихшылары Диодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен. 
 
 
Сарматтардың ескеркіштері біздің жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Батыс қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарында орналасқан. Оның көпшілігі Жайық, Елек, Жемөзендері бойында. Бұл жақтағы обалар негізінен топырақтан, тастан үйілген. Әсіресе Атырау обылысының оңтүстік шығысында Сарықамыс елдімекенінде сазды төмпешіктер кездеседі. Үстіртте зерттелген Бәте, Терең ескерткіштерінде адамды жерлеген орындармен қоса аруақтарға арнап ас беру, мінажат жасау ғибадатханалары кездеседі.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сарматтардың тарихы, ескерткіштері
Ежелгі Қазақстанның мәдениеті
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сармат тайпаларының орналасуы, Сармат қоғамы
Солтүстік Қазақстан
Сармат тайпаларының орналасуы
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Ежелгі Қазақстан тарихы
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 21338 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык