Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 3351 |
|
|
|
Тарих және кеңістік
Сабақтың тақырыбы: Тарих және кеңістік
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында білім беру.
Дамытушылық: Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру, дүниетанымын, шығармашылық қызметін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, туған жеріміздің тәуелсіздігі мен бүтіндігі үшін күресуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек кестелер, суреттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география,.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест:
1. Қазақ халқында күн райын болжай білетін адамдарды қалай атаған?
А) сынықшы; Ә) есепші; Б) жылнамашы; В) бақсы;
2. Алғаш рет уақытты жылмен есептеу қай елде пайда болды?
А) Вавилон; Ә) Ассирия; Б) Египет; В) Шумер;
3. Ислам дінінің жыл санау үлгісі қалай аталады?
А) Таурат; Ә) Забур; Б) хижра; В) ғасыр;
4. Араб тілінен аударғанда хижра қандай мағына береді?
А) жыл санау; Ә)қоныс аудару; Б) жыл қайыру; В) есептеу;
5. Қазақ халқының жыл санау үлгісі?
А) мүшел; Ә) үшем; Б) абыз; В) мешін;
6. Қазақ халқында өте көне заманды қай ханның атымен байланыстырған?
А) Оғыз хан; Ә) Алаша хан; Б) Керей хан; В) Жәнібек хан;
7. Біздің дәуір қай пайғамбардың туған жылынан басталады?
А) Сүлеймен; Ә) Мұса; Б) Иса; В) Мұхаммед;
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.
1. Кеңістік ұғымы.
2. Қазақстанның көршілес елдері.
3. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Кеңістік - тоқтаусыз құбылыс. Жер бетіндегі адамзаттың ежелден бері пайдаланатын ұзындық өлшемдерінің бәрі осы кеңістікке байланысты. Кеңістіктің негізгі үш қасиеті бар: үш өлшемді кеңістік, шексіз кеңістік және өзгермейтін, яғни мәңгі кеңістік.
Кеңістік - қандай да бір тарихи оқиға мен тарихи үрдістердің белгілі бір уақыт пен ортада өтетін өлшем бірліктері.
Тарихтың үш қазығы: Тарихи уақыт = Тарихи кеңістік = Тарихи оқиға
Қазақ халқының ежелгі кеңістік өлшем бірліктері:
Таяқ тастам жер - қарулы адамның қолымен лақтырған таяқ ұшып жететін жер.
Шақырым - адамның даусы жететін жер
Тай шаптырым жер - бес шақырым жер.
Бір күндік жер - аттылы адам бір күн жүретін жер.
Айшылық жер - аттылы адам бір ай жүретін жер.
Картамен жұмыс: Мұғалім картадан балаларға Қазақстанмен көршілес мемлекеттерді жіне олардың шекараларын көрсетеді.
Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары:
Кестені толтыру:
Сақтардың әлемнің үш құрылымы туралы түсінігі Ежелгі түріктердің кеңістік туралы ұғымы Қазақтар кеңістікті қалай атаған
IV. Сабақты бекіту. Тест.
1) Сақтардың түсінігінше әлем неше құрылымнан тұрды?
А) бес; Ә) жеті; Б) үш;
2) «Ер Төстік» ертегісіндегі жер астында бас кейіпкерге кездескен күншілік жердегі сыбысты еститін адам.
А) Желаяқ; Ә) Саққұлақ; Б) Таусоғар;
3) Адамның даусы жететін жерді қазақтар қалай атаған?
А) шақырым; Ә) ат шаптырым; Б) таяқ тастам;
4) Қазақтар кеңістікті қалай атаған?
А) құбыла; Ә) шартарап; Б) көкжиек;
5) Түріктердің түсінігі бойынша балалар мен отбасының қамқоршысы болып есептелген құдай-ана.
А) Ұшар; Ә) Ұмай; Б) Ұлар;
6) Сақ тайпалары Күннің құрметіне қандай жануарды құрбандыққа шалды?
А) жылқы; Ә) қой; Б) түйе;
7) Ежелгі түріктер адамзаттың әкесі ретінде кімді құрметтеген?
А) Тәңірі; Ә) Ұмай; Б) Күн;
V. Қорытынды.
I. Білемін Білдім Білгім келеді
II. III. IV.
Үй тапсырмасы: 7-ші параграф(оқу, «Кеңістік» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру).
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |