Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұрықтың дамуы


Ұрықтың дамуы

Тақырыбы: Ұрықтың дамуы

Сабақтың мақсаты: Ұрықтың дамуының негізгі кезеңдері туралы, жүктілік кезең туралы  түсіндіру.
Сабақтың міндеті.
Білімділігі: оқушыларға адамның жыныспен көбеюінің ерекшеліктері, жыныс бездерінің құрылысы және жыныс жасушалары туралы түсінік беру; Ұрықтық кезеңнен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту;      Оқушылардың білімін нақтылап, өзбетімен ізденуге жетелеу және  жан-жақты       ойлау   қабілеттерін  жетілдіру.
Дамытушылығы: ұрықтың дамуы туралы оқыта келе, оқушылардың талдау, ойлау, салыстыру, қортындылау қабілеттерін дамыту 
Тәрбиелілігі: Ұрықтану кезінде құрсақтағы нәрестеге дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулардың алдын алу, таза ауада тынығу туралы түсініктерді бере отырып, санитарлық – гигиеналық дағдысын қалыптастыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас,     
Әдісі: Ауызша,  жазбаша, сұрақ– жауап, топпен  жұмыс, модульдік технологиясының элементтерін пайдалану.
Құрал – жабдықтар: «жыныс мүшелері» кестесі,  «ұрықтану» видиео көрінісі, оқулықтағы суреттер, интерактивті тақта,  тірек-сызба, үлестірмелі қима қағаздар,
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып, 
2. Жоқ оқушыларды түгендеу, 
3. Зейіндерін сабаққа аудару.
 Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың 4 жолын нұсқаған:
1.Жазып үйрену
2.Көріп үйрену
3.Оқып үйрену
4.Сұрап үйрену
Ал  біздің сабағымыз да 4 бағытта жүргізілмек
        1.Ой қозғау (нені білеміз?)
         2.Іздену ( нені білгіміз келеді?)
         3.Ой қорыту (нені білдік?)
         4.Ой дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Ой қозғау» (нені білеміз?)
1.Органикалық дүниеде көбеюдің қандай түрлері бар?
ІІІ. Жаңа сабақ: Іздену ( нені білгіміз келеді?)
Ұрық жеке даму процесінде бірден адамға ұқсамайды. Ұрықта алғашында біздің арғы тегімізге тән көптеген белгілер (ұзын құйрық, желбезек саңылауы, т.б) пайда болады. Ұрық дамуының үшінші аптасының соңында дененің кейбір жеке бөліктері әлі де дамымайды. Төртінші аптада ұрықтың ұзындығы 3 мм болады. Аяқ –қол нышаны, құлақ, көз, мұрын нышаны байқалады. Кейінірек ұрықтың жүрегі соғып, аяқ-қолдары дами бастайды. Бұл кезде ұрық өсіп. Оның ұзындығы 15 мм-дей болады.
Ұрықтың даму кезеңі: дене құрылымы жетінші, сегізінші аптада қалыптасады. Дамудың бұл кезеңінде кеуде қуысы, қарын, бас, мұрын, көз, құлақ ажыратылады. Ұрық 2,5 см –ге жетеді. Аяқ-қолдарындағы саусақтары ажыратылады. Дамудың осы уақытынан бастап, ұрық шарана деп аталады. Әрі қарай даму кезінде дене бөліктеріне байланысты кейбір өзгерістер байқалады. 
Жүктілік: ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез жүктілік деп аталады. Ананың 280 тәулікке созылған физиологиялық жағдайы –жүктілік нәрестенің туылуымен аяқталады. Жүктілік кезінде аналық безден гормондардың бөлінуі артады. Осыған байланысты сүт бездері үлкейіп, жатырдың массасы мен мөлшері ұлғаяды, артериялық қысым жоғарлайды, қан құрамы өзгереді. Ұрықтың қаңқасы мен жүйке жүйесін қалыптастыруға қажет зат алмасу күшейеді, су ішудің қажетсінуі артады. 
Ұрықтың қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету ана организміне үлкен салмақ салады және егер ана ауру болса немесе дұрыс тамақтанбаса, оның денсаулығы бұзылуы мүмкін. Бұл –ана үшін өте жауапты кезең. Ол өз денсаулығын күтіп, дұрыс тамақтанып, қажетті гигиеналық талаптарды сақтап, медициналық бақылауда болуы керек. 
Жүкті әйелге спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға, мүлде болмайды. Өйткені спирттік ішімдік пен никотин ұрықжолдас арқылы өтіп, ұрық қанына түсіп, дене кемістігі мен психикасының бұзылуына әсер ететін өзгерістер туғызады. Жүктілік кезінде дәріні дәрігердің бақылауымен ішу керек. 7-8 сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т.б. жүкті әйелге қойылатын талаптарға жатады. Жүктілік кезеңнің басында әйел психикасы өте нәзік: ашушаң болып, ұйқысы бұзылады. Жүктіліктің екінші жартысында әйел салмақты болып, аналық сезімі қалыптаса бастайды. 
Жүктілік –күрделі физиологиялық процесс. Сондықтан үйде, жұмыста, көшеде, қоғамдық орындар мен көлікте айналасындағылар жүкті әйелге қамқорлық көрсетуі тиіс. Қоғамдық көлікте орын беріп, ауыр жүгін көтерісіп, көмектесу қажет. 
Жүктілік мерзімі аяқталғанда, әйел босанады. Босану кезінде жатыр қабырғасы жиырылып, ұрықты сыртқа қарай жылжыта отырып, қатты ауыртатын толғақ басталады. Нәресте туылғаннан кейін кіндігін кесіп байлайды. Ана организімінен бөлінген бала өз бетінше тыныс алуға кіріседі. Жаңа туған бала қанында жинақталған көмірқышқыл газы тыныс алу орталығын қоздырады. Қозу тыныс алу бұлшық еттеріне беріледі де, олардың жиырылуынан алғашқы тыныс алу жүзеге асады. Бұл жаңа туған нәрестенің өз бетінше тыныс алуының бастамасы болып табылады.
ІV. Білңмді қорытындылау: Ой қорыту (нені білдік?) «Мал табар»
1. сәйкестендіру тесті.
4 апталы ұрықта нелер дами бастайды А) құлақ, көз, мқрын нышаны
8 ші аптада ұрықтың ұзындығы 2,5 см
Қай кезде ұрық шарана деп аталады 8 ші аптада
Ана құрсағында нәресте неше күн жатады 280
2. биологиялық диктант.
Ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез ............(жүктілік) деп аталады. Жүкті әйелге ................ (спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға), мүлде болмайды. .......(7-8) сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т.б. жүкті әйелге қойылатын.............. (талаптарға) жатады.
3.суреттер сыр шертеді.  
Тақтада қай кезеңде қандай мүшелер дамиды сәкес суреттерді таңдау.
4. «Бағдаршам» кабинеті  Ауырып ем іздегенше....?
Қызыл (слайд .........)
Есептеп шығар 
Жүкті әйелдің құрсағындағы нәрестеге 20 апта болған, сонда құрсақтағы нәресте неше айлық? (5)
Сары (слайд ......)
Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін жүкті әйелдерге жарнама құрасыру.
Жасыл (слайд .....) 
 Жолдастарыңды салауатты өмір – салтына шақыр. 
Суреттердің ішінен зиянды заттарды табу.
V. Бағалау. Қай топ көп ақ бота жинаса  сол топ өте жақсы деген бағаға ие болады. 
 
VІ. Үйге §58 оқу. Кестені аяқтау. «Ой дамыту» 
«Жануарлар дүниесі мен адамдардың жүктілік кездеріне слайд және буклет жасап келу»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары
Балықтардың көбеюі және дамуы
Онтогенездің негізгі кезеңдері
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Антропосоциогенез Адам – ақылы дамыған, адамгершілікті меңгерген пенде
Жыныстық көбею
Бүршіктің ішкі құрылысы
Онтонегездің негізгі кезеңдері
Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану, оның генетикалық маңызы
сұрақ жауап, топтастыру:
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 5430 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык