Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер


Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға техникалық, талшықты және дәрілік өсімдіктердің, қасиеттері мен адам өміріндегі маңызы жайында                                            түсінік беру
2. Тәрбиелік:  Дәрілік өсімдіктерді өмірде пайдалана білуге, өз ауласына                                            мәдени өсімдіктерді өсіріп күтіп – баптауға бағыт беру
3. Дамытушылық: Оқушыларға техникалық,талшықты дақылдар мен дәрілік өсімдіктердің пайдасы және зияны жайында білімдерін толықтыру
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: технология.
I. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Сәлемдесу, түгелдеу
      2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
      3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
 
                                         Берілген сөйлемді аяқта
      1. Реңі ажарсыз, көгілдір ұсақ гүлді, сүректі бөлме гүлі  - .....................  (бейқалақай)
      2. Шаршыгүлділер тұқымдас бір, екі және көп жылдық өте бағалы көкеністік дақыл - .................(орамжапырақ) 
      3. Жарық сүйеді .............................. (гүлді орамжапырақ)
      4. Бейқалақайдың ғылыми атауы - ................., ................    (плектрантус, фрутикозус)
      5. Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік – шығысында ........... ,........... ,...........  өсіріледі. (Алма, алмұрт, алхоры)
III. Жаңа сабақты түсіндіру
        Техникалық дақылдар дегеніміз – кез келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер.Талшықты өсімдіктер де Техникалық дақылға жатады.Техникалық дақылдардан қант,крахмал,май,илік заттар,өзге де қажетті заттар алынады.  
         Үпілмәлік Бұйдакендір Жалбызтікен
Көпжылдық сүттіген тұқымдас техникалық дақыл. Ол биіктігі 10 метрге дейін  өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы 
жеуге жағымсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Сабағының 
талшықтарынан арқан есіп,қап тоқылады. Оның отаны – Шығыс 
Африка. Қазақстанда бір түрі – кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған бір жылдық өсімдік. Оның биіктігі 60-400 см-ге дейін жетеді. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12-140С-де өнеді. Өсімдік кезеңі 110-150 күн.   Құлқайыр тұқымдасқа жататын біржылдық, шөптекті өсімдік. Оның жапырағы, гүлдері ірі болады. Күлтесі – сары түсті. Жемісі – 11-30 ұялы қауашақ. Қауашақтың әр ұясында 3-5 ұсақ тұқымдары болады. Отаны – Қытай деп есептеледі. Қазақстанда Каспий теңізінің маңында мұғалжар да өседі. Торғай қолтұғында, Балқаш Алакөл ойысында Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Бұйдакендір жарық сүйеді, ыстыққа төзімді. Ол топырақта ылғалдықтың жетімсіздігіне төзе алмайды. Адам өмірінде дәрілік өсімдіктердің маңызы зор. Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам өсімдіктердің 500-дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Айыр, долана, қарғакөз, жүзжылдық және өзге де дәрілік өсімдіктер бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент фармалогиялық зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана алу мақсатында өсіріледі.     Құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150см-ге дейін бойлап өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік. Дәрілік жалбызтікен маусым қыркүйек айларында гүлдейді. Жалбызтікеннің тамыры – дәрілік шикізат,оның құрамында 37-ға дейін крахмал, 10,2-ға дейін қант. Сондай-ақ пектин, май, витаминдер бар. Халықтық медицинада  іш жүргізу, дизентерия, асқазан жарасын емдауге, тіс түбінен еттері босап, алқыш бездері ауырғанда, ауызды, тамақты шаюға қолданылады. Емдік дәрі дайындауға қажетті өсімдік тамырын наурыз және қыркүйек - қазан алған тиімді. Емге пайдалану үшін тамырдан тұнба дайындалады.       
IV.  Жаңа сабақты бекіту
                                                                       Кім тапқыр ? 
1.  Техникалық дақылдар дегеніміз не?
          2.  Қазақстанда бұйдакендір қай аумақтарда өседі?
          3. Бұйдакендір қандай өсімдік? Ол қандай мақсатта қолданылады?
          4.  Дәрілік өсімдіктер тобына қандай өсімдіктер жатады?
V.  Үй тапсырмасы:  
1. § 39.  Техникалық, талшықты дақылдар мен дәрілік өсімдіктер
      2. Өсімдіктер туралы қазақтың мақал – мәтелдерін жинастырып, дәптерге жазыңдар
      3. Өздерің отырған өңірде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы хабарлама жазыңдар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астық тұқымдастар-бағалы азықтық өсімдіктер
Техникалық талшықты дақылдар және дәрілік өсімдіктер
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары
Өсімдік –өмір тірегі
Жасыл дәріхана
Пайыздар мен дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 5106 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык