Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ең үздік биолог


Ең үздік биолог

Сабақтың тақырыбы Ең үздік биолог

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жан-жақтылыққа, шапшандыққа, білімділікке  баулып, жан-жақты болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: интеллектуалдық жарыс түрінде
Сабақтың жоспары: Ойын 3 бөлімнен тұрады. Әр сыныптан 3 оқушыдан.
1. «Менен сұрақ, сізден жылдам жауап»
2. «Ойлан, тап!»
3. «Ең,ең,ең»
Ойынның өту барысы:
I. кезең «Менен сұрақ, сізден жылдам жауап» 
Бағалау әдісі: әр дұрыс жауап 5 ұпай.
 
1топ оқушыларына:
1.Клетканы зерттейтін ғылым? (цитология)
2.Нәсілдік тұқым қуалаушылық белгіні сақтап, ұрпаққа беруші органоид? (хромосома)
3.Шығу тегі, атқаратын қызметі  ұқсас жасушалар мен заттар жиынтығы? (ұлпа)
2топ оқушыларына:
1. Мидың орташа салмағы? (1300-1400гр).
2.Терінің сыртқы қабаты? (эпидермис)
3.Зәр жасайтын мүше?  (бүйрек)
ІІ кезең.  «Ойлан, тап!»
                 Бұл кезеңде сіздер өздеріңіздің таңдап алған ұяшықтағы сұраққа жауап бересіздер. Мына сызбаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 10 балдық сраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 30 ұпай жинауға болады.      
 
 
1. 10. Тек өсімдіктер жасушасына ғана тән денешіктер? (пластидтер).
2. 10. Өсімдіктің вегатативті мүшелері? (тамыр, сабақ, жапырақ).
3. 10. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек? (сабақ).
4. 20.  Қанның қызыл түйіршіктері қалай аталады? (эритроциттер).
5. 20. Қосмекенділердің жүрегі неше бөлімнен тұрады? (3 бөлімнен: 1 қарынша, 2 құлақшадан).
6. 20. Жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро (цитоплазма).
7. 30. ДНҚ ның ақуызбен қосылған жіңішке жіпшелерінен тұратын ядроның аса маңызды бөлігі? (хромосома)
8. 30. Жыныс хромосомалары арқылы тұқым қуалайтын белгілерді қалай атайды?(жыныспен тіркескен тұқым қуалау)
 
III. кезең. «Ең,ең,ең».
     Сіздерге бұл кезеңде екі топқа ортақ Ең деген сұрақтар беріледі. 1- сұраққа – 1ұпай болып есептеледі.
1. Ең кішкентай құс? Колибрлер
2. Ең үлкен, ұша алмайтын құс? Нанду
3. Ең әдемі құс?, көгілдір жұмақ құсы
4. Ең ірі алып құс? Анд кондоры
5. Көгершін атаулының ең ірісі? Тәжді көгершін
6. Ең суыққа төзімді құс? Пингвиндер
          
 
 
 
 
Ең Ең Ең ........
  Ең улы саңырауқұлақ-боз арамқұлақ саңырауқұлағы. 
  Ең үлкен споралы өсімдік-Жаңа Зеландиядағы цианеа туысына жататын ағаш тәріздес қырықжапырақ өсімдігі.
  Ең кішкене қырықжапырақ хецистортерис пумила өсімдігі.
  Ең зиянды арамшөп- Африкадан табылған су қырықжапырақ (сальвиния) болып табылады.
  Ең биік екпе қоршау жидекті тистен жасалған. 
  Ең қомақты да салмақты ағаш алып секвойядендрон ағашы  (биіктігі 100 м).
  Ең алғаш Еуропалықтар картопты  1537 жылы білді. 
  Ең зиянды заттардың әрекетшілі-никотин.
  Ең алғаш қарабидай қола дәуірінде егіліп, өсіріле бастады.
  Ең алғаш жүгері Ресейге (Қырымға) ХVІІ ғасырда әкелінген. 
  Ең егістікке зиянды арамшөп-«тауық тарысы» шөбі. 
  Ең алғаш Еуропада соя егуге 1840 жылы талпыныс жасалған.
  Ең маңызды дәнді дақыл-бидай.
  Ең алғаш Ресейде ХVІІІ ғасырда ақ қыша пайда болған.
  Ең ежелгі астық дақылы-бидай.
  Ең аумақты-840 мың га жер алатын жүзімдік Жерорта  теңізінің жағалауында Рона және Приней өзендері аралығында орналасқан.
 
  Ең алғаш бақтарда пайда болған цитрусты өсімдіктердің бірі апельсин екен.
  Ең – дәрілік өсімдік яғни, адамтамыр (женьшень) тамырлардың ең ірісі екен.
  Ең-амебаның ең жоғарғы шапшаңдығы –сағатына 1см.
  Ең бір жасушалы ағзалардың ең ірісі-саркодиналар тобына жататынтеңіз тамыраяқтылары – шұрықденелерілер.
  Ең алғаш паразит жәндік лямблияны украин дәрігері Д.Ф.Лямбль бауырындағы өт өзегінінен тапты. 
  Ең ірі ішекқуысты жәндәк – цианеакапилатта.
  Ең үлкен маржан рифі Австралияның солтүстік-шығыс жағалауындағы Квинслендтегі Үлкен Тосқауыл риф.
  Ең ірі паразит құрттар (ішқұрт) – көк киттер мен кашалоттардың ішегінде өмір сүретін таспа құрттар немесе цепендер екен.
  Ең кішкене көпжасушалы жәндіктер – зымырақ құрттар.
  Ең ірі жерқұрт немесе шұбалшаң – австриялық мегасколдес деген құрт бар. 
  Ең ұзын құрт – көпқылтанақты құрт линеус лонгиссимус.
  Ең кішкене шаянтәріздес – алонелла туыстас су бүргесі. 
  Ең ірі шаян – жапониялық таңқышаян деп есептеледі.
  Ең ірі теңіз балығы – китпошымды акула.
  Ең алғаш орыс ғалымы а.т.Болатов ХVІІІ ғасырда тұқы өсіруге арналған тоған жасаған.
  Ең алғаш саусаққанатты балық 1983 жылы Африка жағалауына жақын Үнді мұхитында ауланды. 
  Ең ірі сүйекті балық кәдімгі майшабақ королі деп есептеледі.
  Ең жүзгіш балық Тынық мұхит желкенді балығы. 
  Ең ауыр сүйекті балықтар көбінесе бүйірімен жүзетін айбалық деп есептеледі.
  Ең алғаш швед ғалымы К. Линней 1785 жылы шөп бақаны сипаттап жазды.
  Ең алғаш протейдің жұмыртқалары 1875 жылы анықталды.
  Ең ірі құрлық тасбақасы-піл тасбақа. 
  Ең кіші тәмсақтар (крокодил) – доғал тұмсық крокодил. 
  Ең – құрлықтың ең улы жыланы жылтырбасты жылан.
  Ең үлкен ұшатын құс – африка дуадағы.
  Ең – дүние жүзіндегі ең кішкене құс – балара пішінді колибри.
  Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс – кезеген альбатрос.
  Ең алғаш әйгілі саяхатшы П.С.Паллас 1775 жылы Байкал маңындағы жабайы жылқы – құланды сипаттап жазды.
  Ең биік сүтқоректі – жайлаң (жираф).
  Ең ұзақ буаз болатын сүтқоректі жануар – азиялық піл. 
Ең ірі сүтқоректі жануар – африкадағы піл.
  Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы – жабы.
    Ең соңында әділқазылар алқысы әділ төрелігін айтып, сайысымызда Ең үздік жеңімпаз биологты анықтайды. Одан әрі марапаттау рәсімі жалғасады.
 Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ең үздік топ
Қосмекенділер класын қайталау
Білгір биолог
Дарабоз-2010
Биологиялық турнир
Білгір биолог
Білгір биолог
Өсімдік - өмір сәні, өмір нәрі
Білімдінің жұлдызы жарық
Қазақстанда жиі кездесетін паразит құрттар
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3330 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык