Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 7567 |
|
|
|
Қына-ерекше тірі ағза
Сабақтың тақырыбы: Қына-ерекше тірі ағза
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Қыналардың басқа өсімдіктерден айырмашылығы, олардың пішіндері туралы түсінік беру
Дамытушылығы: Саңырауқұлақтар мен балдырлардың селбесіп тіршілік етуінен пайда болған туынды ағзаға тән морфологиясы, анатомиясы, физиологиясы, биохимиясы бар түрлер екендігін түсіндіру
Тәрбиелілігі: Қыналардың тек ауасы таза жерлерде өсетінін айта отырып, қоршаған ортаны таза ұстау керектігін ұғындыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Қыналардың суреттері, бояуы, тірек-сызбалар, интерактивті тақта
Пайдаланылатын әдебиеттер: Биология, Қызықты ботаника, Биологияны оқыту әдістемесі
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
2. Деңгейлік тапсырмалар
І 10 10 10
ІІ 20 20 20
ІІІ 30 30 30
І-1: Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым
І-2: Қозғалғыш талшықтары бар споралар
І-3: Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән белгілері қандай?
ІІ-1: Саңырауқұлақтар дүниесін ең алғаш өсімдіктер дүниесіне жатқызған ғалым
ІІ-2: Саңырауқұлақтардан алынатын өсімдіктерді тез өсіретін зат
ІІ-3: Ағаш тамырының қалпақшалы саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етуі
ІІІ-1: Қалпақшалы саңырауқұлақтардың спора арқылы көбеюі
ІІІ-2: Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды ата
ІІІ-3: Саңырауқұлақтың құрылысы
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
1. Қыналарды зерттейтін ғылым-лихенология. Оның негізін қалаушы швед ғалымы Ахариус (грекше «лиһен»-қына, «логос» - ілім), орыс ғалымы А.Н.Бекетов 1860 жылы «лишайник» терминін ұсінді. Қыналар күй талғамайтын өсімдік. Олар қолайсыз, құнарсыз жерлерде тіршілік етеді. Қыналар оттегіге бай таза ауада тіршілік етеді. Лас ауада өсе алмайды. Сондықтан қыналарды ауа тазалығының индикаторы есебінде пайдаланады. Антрактидада 350 түрі бар, Оңтүстік полюсте 7 түрі таралған.
Қына құрамындағы балдырдың жасушаларында жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді.
Қына денесі автотрофты балдырдан және гетеротрофты саңырауқұлақтан құралады. Фотосинтез процесі өте әлсіз жүреді, себебі, қына денесі 5-10 пайыз ғана жасыл балдырлардан құралады, жарық аз түседі, температура +350С асса, фотосинтез тоқтап қалады. Қына ылғалды жауған жаңбырдан, тұманмен шықтан өзінің бүкіл денесі арқылы сорып алады. Ол қоректі заттарды өзіне қонған тозаңнан да сіңіреді.
Қына өте баяу өсетін ағза. Бір жылда1-8 мм өседі. Қына күй талғамайтындықтан, басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын жерлерде бірінші болып өседі. Сондықтан «өсімдік пионері» деп аталады.
Көбеюі: Өсімді жолмен көбейеді.
Қына ағзадағы оқшауланған балдыр жасушаларының сыртынан саңырауқұлақ жіпшелері оралып, ұйысып қына денесінен түсіп, жел, жауын суы арқылы таралады, одан қына өсіп шығады.
Қыналар туралы мәліметтер:
1. Қыналар «өсімдік пионері» деп аталады.
2. Қабық тәрізді қыналардың ең ескісі- арктикалық қына. Оның жасы 10000 жыл.
3.Қабырғалық золотнянка қынасынан қызыл бояу алынады.
4.Пармелия қынасының қайнатылған тұнбасын тамақ ауруына қолданылады.
5.«Шипр» иісті суы емен қабығында өсетін қынадан жасалынады.
6.Қына өте баяу өсетін ағза. Бір жылда 1-8 мм өседі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |