Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 5609 |
|
|
|
Мінез-құлық және психика
Мінез-құлық және психика
Оқу элементінің № Оқу материалдарының тапсырмалары Бағалау, ескертулер мен нұсқаулар
1 2 3
ОЭ-0 Сабақтың мақсаты:
1. Жоғары жүйке қызметінің топтарымен танысу
2. Жоғары жүйке қызметінің гигиенасы мен оның алдын алу шараларымен күресу жолдарын білу
3. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері және өзара байланысын білу. Мақсаттарын оқыңдар. (§64-66 тақырыптар бойынша сабақты меңгеру)
ОЭ-1 Жұмысқа дайндалу
1. Тест тапсырмасын орында
1) Жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т.б. қасиеттердің жиынтығы:
А) Сана Б) жігер Г) есте сақтау
Ә) Ойлау В) қабілеттілік
2) Ауру адамдарды бақылап, адамда кездесетін анатомиялық, физиологиялық дерттерге теориялық қорытындыны жасаған ғалым:
А) Аристотель Б) Әл-фараби Г) И.П. Павлов
Ә) Гиппократ В) Клавдий Гарен
3) «Қан» сөзінің латынша атауы:
А) sanguis Б) Melanos chole Г) Дұрыс жауап жоқ
Ә) chole В) phlegma
4) И.П.Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін неше топқа бөлді?
А) 4 Б) 2 Г) жауап жоқ
Ә)3 В) 1
5) Маскүнемдік ауруының неше кезеңнен тұрады?
А) 2 Б) 4 Г) 6
Ә) 3 В) 5
6) Жоғары жүйке қызметі мидың қандай бөлімімен байланысты?
А) мишық Б) Сопақша ми Г) артыңғы ми
Ә) ортаңғы ми В) ми қыртысы
7) Есірткі пайдаланушыларды қалай атайды?
А) нашақорлар Б) мас адам Г) аллергик
Ә) сатушылар В) дальтоник
8) Қандағы ішімдік мөлшері 0,3%-да адам:
А) Өмір бойы ауырады
Ә) есінен танып, не істегенін өзі сезбейді
Б) Қуанады
В) адам өледі
Г) секіреді, жүгіреді және т.б.
9) Жігер дегеніміз?
А) айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері арқылы мида бейнеленуі.
Ә) нейрондар қозуының шектелуі, әлсіреуі
Б) нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру.
В) Жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т.б. қасиеттердің жиынтығы
Г) адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті.
10) Темекі түтініннен зиянды заттардың сыртқа бөліну мөлшері қанша?
А) 3200 Б) 3400 Г) 3600
Ә) 3300 В) 3500
Аты-жөні:_____________ жауабы:_____________________________
Аты-жөні:_____________ жауабы:_____________________________
2. Төменгі мәтінді оқып, қателерді тап:
Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы әлсірейді. Мысықтың дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің, қалыпты жүруіне жағдай жасайды және т.б. Адамның қысқа өмір сүруінде дұрыс тамақтану білу керек. Көбіне чипсы, роллтон, майлы тамақты пайдалану, тамақтану естен шығармау қажет. Өз бетімен жұмыс істе.
ОЭ-2 Мақсаты: жоғары жүйке қызметінің топтары туралы терең мәлімет алу.
1. Суретке қарап темпераментті анықта.
Сіз орындықта дем алып отырғансыз, қасыңызда бас киіміңіз жатыр. Қасыңызға бір адам жақындап келіп,сіздің бас киіміңізге отырды, Сіздің реакцияңыз. Суреттен көрсетіңіз.
Топпен жұмыс
ОЭ-3 Мақсаты: жоғары жүйке қызметінің топтары туралы терең мәлімет алу.
Қосымша мәліметтер:
Темпераментке сәйкес мамандығыңды таңда!!!
Сангвиник (ширақ топ) - ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, жаны жомарт, оптимист, өмірге құштар, қуатты адам. Басшылық етуге, жетекшілікке құмар. Сангвиник адам эмоциясын ішінде ұстап қала алмайды, қандай жағдайда да, әсерін сыртқы ортамен бөлісе береді. Олар жұрттың назарын өздеріне аударта алатын белсенді жандар.
Сангвиниктер менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяшы, инженер-технолог т.б. мамандықтарды иелене алады.
Флегматик (салмақты, байсалды топ) - өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, салқынқанды, жұртқа жақсылық тілеумен жүретін адам. Бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кетпейтін флегматиктер іске келгенде өте мұқият. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда, мінездері тұрақты, біркелкі.
Флегматиктермеханик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми – ботаник, астроном, физик, математик т.б. мамандық иелері бола алады.
Холерик (ұстамсыздау топ) - ұшып-қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл-күйі құбылмалы, қарым-қатынас жасағанда мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса, күйіп-пісіп, жылдам ашуланады.
Холериктерге әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады.
Меланхолик (әлсіз, сылбыр топ) - өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам. Кез келген қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарап, сезімін үнемі ішінде сақтап жүреді. Жаңа таныстық пен адамдар көп жиналған жерден қашқақтайды. Жалғыздықты сүйеді.
Меланхоликтерге педагог, суретші, тігінші-модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар сай келеді.
ОЭ-4 Сабақты қорытындылау
1. Биологиялық диктант.
1) Өте ширақ, ұщқалақ, күйгелек, ызақор адам мінезінің типі.....
2) Сылбыр мінезді, көңіл –күйі айқын байқалмайтын, шыдамды, ұстамды, тұйық адамдар тобы....
3) Гиппократтың адам мінез-құлығына байланысты атаған сұйықтығы.....
4) Салмақты, пысық, еті тірі, жарқын жүзді, сезімтал, ашуы тез қайтатын адамдар типі....
5) Жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т.б. қасиеттердің жиынтығы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |